Сайтқа кіру Тіркелу

С дыбысы және әрпі

С дыбысы және әрпі
Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Өткен дыбысты қайталау, зейінін бақылау. Жаңа С с дыбысымен таныстыра отырып сөздер, сөйлем құрауға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Дыбыстық талдау жасауға, қолдарын әдемі жазуға жаттықтыру.
Балалардың ой - өрісін, шығармашылығын дамыту. Сөздік қорын, сөйлеу жүйесін жетілдіру. Ұғымталдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе әріп, суреттер.

Мотивациялық - қозғаушылық
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Жылулық шеңбері.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабағымызды бастаймыз.
Балаларды түгендеп, назарларын іс - әрекетке аудару.

Ұйымдастыру - іздестіру
IІ. Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар, өткен сабағымызда қандай дыбыспен танысып едік? (Б б)
- "Б " дыбысы қандай дыбыс?
- "Б " дыбысына сөз ойлау. Бас, бала, балапан, бақа, балық, бақыт, таба, сабын, қарбыз, арба, дорба, жаңбыр
- Сөздің қай жерінде кездеседі?

ІІІ Жаңа сабақ.
- Қазір қай мезгіл (қыс) (зима) (wintre)
- Қандай ай (желтоқсан) (december)
- Аптаның қай күні (Сәрсенбі) (среда) (Wednesday)
Сәрсенбінің сәтті күнінде сабақтарыңа сәттілік тілеймін!
Кіруге адам батпайды
Аман – есен сақтайды (сандық)
Жаздай інге тығылып
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығымен суырып
Әкелді әжем бір күні (сәбіз)
Балалар жұмбақтың шешуіндегі сөздерден бірінші қандай дыбысты естіп тұрмыз?
-"С" дыбысын хормен қайталату.
-"С " дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз. С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып, белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады
-«С» дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін түсіндіру.
Суретпен жұмыс (мағынасын түсіндіру)
Асық - ешкі, қой, сиыр малының асығы үлкен - кішілігіне қарамастан, бір пішіндес, мүсіндес келеді. Асықпен «Ханталапай», «Үштабан», «Шеңбер» сияқты ойындар айтылады. Асық ойнау барысында түрлі аттары болады, мыс: сақа, алшы, топай т. б. Қазақ халқында жақсы мақал мәтел бар «Асығың алшысынан түссін»
Сандық - киім - кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған. Ағаштан жасалған бұйым. Сандықты ерте кезден бастап пайдаланып келе жатқан ежелгі жиһаздың бірі. Сыртынан көркем етіліп темір, мыс жапсырмамен оюлармен безендіріледі.
Күнбағыс - майлы дақылдардың бірі. Күнбағыс майы тағам үшін кеңінен пайдаланылады. Күлте жапырақтарынан дәрі жасалады. Шемішке де күнбағыстан алынады.
Оқулықпен жұмыс (мағынасын түсіндіру, буынға бөлдіру)
С - а, с - о, са - на, со - на, сақ, сал, дос, Айдос, Досан, Дулат.

Сергіту сәті
Бір, екі, үш
Қолға жинап күш
Қолға қалам аламыз
С дыбысын жазамыз

Дәптермен жұмыс
С с дыбысын тақтаға жазып түсіндіру. Оң қолдарын көтеріп ауада жазады, әліппе дәптерге баспа түрін жазып шығады.
Шашыраған әріптерден сөз құра
Кеспе әріптермен және текшемен «бас», «сана», «аспан»сөздерін жаздыру.

Бекіту: Сұрақ - жауап әдісі арқылы.
Сиқырлы сандар 1991 - 2016
Қыздар құлағына не тағады?- Сырға.
Қыздар басына не киеді?- Сәукеле.
Қыздар қолына не тағады?- Сақина.
Мектепте не оқимыз?- Сабақ
Уақытты көрсетеді - Сағат.
Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын - Сүт.
Сызуға арналған құрал - Сызғыш.
Кітаптарды қайда саламыз - Сөмкеге.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тоқталып кетемін.
Балаларды бағалау

Рефлексивті - түзетушілік
Оқу іс - әрекетін қорыту:
- Бүгін сабақта не үйрендіңдер?
- Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?
- Не түсінбедіңдер?

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: С дыбысымен таныстыру, сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.
Қандай түсініктерді игерді: балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балаларды С дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.

Қызылорда қаласы,
Ы. Атынсарин атындағы № 10 мектеп – лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Ақмырзаева Айсауле Қайратқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×