Сайтқа кіру Тіркелу

Н н дыбысы мен әрпі

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Н н дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаттары:
1. Н дыбысын дұрыс дыбыстау. Н әрпімен таныту.
2. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың Н н дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аударту, сөздік қорын молайтуға, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасауға үйрету. Дұрыс жазуға үйрету, машықтандыру.
3. Балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суретті әліппе, сөйлейтін әліппе, кеспе әріпте, кеспе буындар, суреттер, әліппе - дәптер.
Әдісі: Сұрақ – жауап, ырым сөздер.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру бөлімі
ә) Өткен сабақты сұрап, қайталау.
Балалардың назарын сабаққа аударып, өткен сабақтарымызға қайталау, шолу жасалады. Суретті әріппе арқылы өткен әріптерді сұрап: А, Т, П - әріптеріне сөз, сөйлем ойлатып, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасап, одан әрі жаңа әріп, жаңа дыбыс өтетініміз айтылады.
Жаңа сабақ: Н н дыбысы және әрпі
Балалар, мына ыдыста не бар?
Нан бар.
Нанды бәріміз білеміз бе? Ол не, ол дастарханға қалай келеді?
Ол қасиетті тағам.
Дұрыс.
Нанның жасалу жолдарын түсіндіріп, нан (суреттер арқылы) сөзін бірнеше рет айтқызып, қандай дыбыс естілетінін балалардан сұрап, балаларға айтқызу.
- Н, н, н.
- Н дыбысы қалай айтылып тұр?
- Н дыбысы қысқа, тез айтылып тұр.
- Олай болса бұл қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс.
- Қандай түспен белгілейміз?
- Көк түспен белгілейміз
- Дұрыс балалар.
Енді сөйлейтін әліппеден Н әрпін тауып, таңбалануын көрсетіп, баспа түрін, жазбаша түрін көрсетіп, суреттерге назар аудартып, ауада жазып көрсетеді.
Ас атасы – нан Нанды бір қолмен
Нан атасы – дән. үзуге болмайды.
Мақал, тыйым сөздерді балаларға түсіндіру «Нан» туралы кім қандай өлең білетінін сұраймын.

Қалмұрат: Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Әділет: Нан болмаса бағыңның кетері бар,
Нан мен ғана өмірдің өтері бар.
Жолда жатса егерде бір үзім нан,
Арланбай - ақ сен оны көтеріп ал
Ақбота: Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Суретті, сөйлейтін әліппеден «Қара жорға» биіне қимыл жасату.
- Балалар назарын суретті әліппеге аударып, нар түйе туралы әңгімелету.
- Түйе ауыр жүкті көтеріп, бірнеше күн су ішпей жүре береді. Сондықтан ол шөлді жерлерде өте қолайлы жануар.
Берілген тапсырманы орындату:
сөйлем құрату.
Суреттің атын текшемен белгілетіп, дыбысты ажырату.(дауысты, дауыссыз)
Суреттің атын атап, буынға бөліп, дыбыстық талдау жасату.
Дәптермен жұмыс: Сауат ашу дәптері бойынша: бүгінгі өтілген Н дыбысын таңбалап, жазып үйрену. Буындарды оқып, дыбыстық талдау жасау.
- балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?
- Күз
Күз белгілерін балаларға ажыратып айтып, күз мезгіліне байланысты бізде көкөністерімізді жинап алайық.
Дидактикалық ойын «қарбыздарды жинау»
Қарбыздарға, жапырақтарға суреттер, буындар, сөздер жазылып, жапсырылып қояды.
Балалар қарбыздағы немесе жапырақтағы тапсырманы орындайды. (буынға бөлу, буындарды, сөздерді оқу)
Қорытындылау:
- Балалар, қандай дыбыспен таныстық?
- Н дыбысымен
- Н дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
- Н дыбысы дауыссыз.
Сонымен, балалар, үйде, көпшілік арасында нан қиқымын көргенде оны басуға болмайды екен. Оны жерден көтеріп, жемге жоғарыға қою керек.
Осыны өздеріңнің іні – қарындастарыңа да үйретулерің керек.
Сабаққа қатысқан, жақсы жазған баланы мадақтап, алғыс айтамын.
Сабақ аяқталды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×