Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Сұраулы сөйлем

Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру, жан - жақты ойлауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ үстінде топтық жұмыс барысында өзін өзі басқара білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды түсіндіру, игерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пән аралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақтың әдісі: «Сен маған, мен саған» әдісі, миға шабуыл, сиқырлы шаршы, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, бағдаршам түстері, ребустар7
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды топқа бағдаршам көздері арқылы бөлу.
Психологиялық дайындық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.
Сыныбымыз тап - таза,
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Бүгінгі сабақта сөйлем туралы білімімізді жетілдіріп, сұраулы сөйлем туралы мағлұматтар аламыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге қандай тапсырма берілді?
- 67бет, 179 - жаттығу.
Әр топтағы оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
«Мен саған, сен маған» әдісі бойынша оқушылар бір - біріне сұрақ қояды.
Миға шабуыл. Суретпен жұмыс.
Суреттен әр топ оқушылары үш сөйлем (хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем) құрап айтады.
Мұғалім оқушыларға алты сөйлем оқиды, оқушылар қолдарындағы бағдаршам арқылы түсінгендерін байқатады.
Дескриптор:
1. Қыс келді.
2. Қар қалың жауды ма?
3. Алақай, әкем шаңғы әкелді!
4. Қар қалың жауды.
5. Ауа райы қандай жақсы!
6. Қардан аққала жасай аласың ба?
Дәптермен жұмыс:
Күннің реті жазылады.
- Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
- Ендеше, балалар қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
Көркем жазу минуты: қар, аққала, аяз ата, шырша, шана.
Ендеше, балалар осы сөздерді әдемі, көркем етіп жазайық.

Сергіту сәті: «Бағдаршам» өлеңі.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін,
Тоқта, сақтан, жол ашық.
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс:
67 - бет, 180 - жаттығу.
Ауызша орындалады. Оқушылар сұраулы сөйлем екенін анықтайды, дәлелдейді.(Сұрақтың жауап алу мақсатында қойылып тұрғанын айтады)
Тақтамен жұмыс:
67 - бет, 181 - жаттығу.
Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазады.
Үш оқушы тақтаға жазады. Осы жаттығуды орындап болған соң, оқушылар ереже шығарады.
Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе бөлек жазылады:
Апаң үйге келді ме?
Топтық жұмыс:
Әр топқа ребус беріледі. Оқушыларға 3 минут уақыт берілетіні ескертіледі. Тапсырма: ребустағы сөзді тауып, сол тақырыпта ауызша әңгіме құрастыру.
1 - топ Кітапхана
2 - топ Қысқа дайындық
3 - топ Достық
Тақырыбы бойынша әңгімелейді.
Топтар бір - бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Сабақты бекіту:
Шаршыдағы сандарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Жоғарыдағы 10 - Сөйлем дегеніміз не?
Жоғарыдағы 20 - Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
Жоғарыдағы 30 - Сөйлем нелерден құралады?
Төменгі 10 - Мәтін дегеніміз не?
Төменгі 20 - Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Төменгі 30 - Әжем ауылдан келді. Мына сөйлемді лепті, сұраулы сөйлемге айналдыр.
Қорытындылау:
Бағалау. Үй тапсырмасы: 184 - жаттығу. Әріптерді сызық бойымен оң жаққа өткізіп жаз. Шыққан сөзді қатыстырып әңгіме құра.

Қызылорда қаласы
№112 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Досманбетова Салтанат

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету