Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Денелер. Заттар. Табиғи құбылыстар.

Денелер. Заттар. Табиғи құбылыстар.
Дүниетану
Мұғалім: Исанова Б. К.

Мақсаты: 1. Дене, заттар, табиғи құбылыстар туралы түсінік беру.
2. Білімін, сөздік қорын молайту, ой - өрісін дамыту.
3. Білімдікке тәрбиелеу.
Технология «БжС» Ауызша – 1 сабақ картасы
Көрнекіліктер: интербелсенді, тақта, тірек сөздер, ООМ кестесі.

1 - кезең
Ұйымдастыру.
- Мақсатты айту
- Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі
1. Өткен тақырып бойынша қарама - қарсы сұрақтар
2. Тірек сөздер
3. Мәтінмен жұмыс
4. ҚҚС
5. СТС
6. ТСҚ
- Көшбасшыға сөз

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
Балалар барлығымыз тұрып, қонақтармен амандасайық.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Психологиялық дайындық
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
«Биоинформатика және синергетика» технологиясы бойынша бүгін біз ауызша сабақ жұмысын жасаймыз.

Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.
- Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба?
- Иа
- Біз мектептің мақтанышы боламыз ба?
- Иа
- Дүниетану пәнінен бес алып нәтижеге жетеміз бе?
- Иа

2 – кезең
Үй тапсырмасы. «Табиғатты адам қалай зерделейді?» тақырыбы бойынша қарама - қарсы сұрақтарға жауап беру. Матрицамен жұмыс.
Қарама - қарсы сұрақтар:
1. Адам айналаны қоршаған дүниеде нелермен жиі кездесіп тұрады?
2. Адамның өз көзқарасы қалай қалыптасады?
3. Табиғатты бақылау әдісі деген не?
4. Бақылауды дұрыс жүргізу үшін нені анықтап алу керек?
5. Одан кейін не құрылады?
6. Тірі және өлі табиғатты бақылау бірдей ме?
7. Тірі табиғатты бақылауға қанша уақыт керек деп ойдайсың?
8. Өсімдікті бақылауға мысал келтір.
9. Жануарды бақылау неліктен қиын?
10. Ал жәндіктерді бақылауға қанша уақыт керек?
11. Бақылап болған соң жәндікті қайту керек?
12. Ірі жануарларды қалай бақылайды?
13. Бақылау әдісін жақсы білген адамда не қалыптасады?
14. Ертедегі адамдарды не қызықтырған?
15. Бақылау әдісінің қандай түрін білесің?
16. Тәжірибе жасау деген не?
17. Тәжірибе жасау үшін қанша уақыт керек?
18. Тәжірибе соңынан не жасайды?
19. Бақылау құралының негізгісі не?
20. Қандай сағаттар ойлап тапты?

3 кезең
Сабақтың тақырыбы: Денелер. Заттар. Табиғи құбылыстар.
Мақсаты: 1. Дене, заттар, табиғи құбылыстар туралы түсінік беру.
2. Білімін, сөздік қорын молайту, ой - өрісін дамыту. 3. Білімдікке тәрбиелеу.
Қабылдауды ұйымдастыру
Тірек сөздерімен жұмыс.(Слайдпен жұмыс)
Тірек сөздерге түсінік беру. Тақтаға тақырыпқа байланысты тірек сөздер берілген. (30 секунт уақыт беру)
1. Дене
2. Зат
3. Құбылыс
4. Тірі табиғат
5. Өлі табиғат
6. Адам
7. Айнала

4 кезең
Ұғынуды ұйымдастыру
Мәтінмен жұмыс
1) Мәтінді оқу (1бетке - 3 мин)
2) Тірек сөздердің мазмұнын ашу. (5 минут беріледі)

5 кезең
Түсінудің біріншілік тексеруі
Қарама - қарсы сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.
Қиылыс сұрақтары:
1. Адам қайда өмір сүреді?
2. Дене дегеніміз не?
3. Қандай денелерді табиғи денелер дейміз?
4. Қандай денелерді жасанды денелер дейміз?
5. Табиғи денелер нешеге бөлінеді?
6. Тірі денелердің жиынтығын не дейді?
7. Өлі табиғатқа нелер жатады?
8. Тірі және өлі денелердің арасында қандай айырмашылық бар?
9. Айналадағы табиғи және жасанды денелерді қалай білуге болады?
10. Табиғи және жасанды денелер неден тұрады?
11. Кез - келген дене неден тұрады?
12. Заттарды бір - бірінен қалай айыруға болады?
13. Тірі дененің құрамы қандай болады?
14. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?
15. Қыс айында қандай құбылыстар болады?
16. Күз айында қандай құбылыстар болады?
17. Адам табиғат құбылыстарын өздеріне бағындыра ала ма?
18. Адам қандай табиғат құбылыстарын өз қажетіне пайдалана алады?
19. Жаз айында қандай құбылыстар болады?
20. Көктем айында қандай құбылыстар болады?

6 кезең
Біріншілік бекітуді ұйымдастыру Сыни сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.
Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары:
1. Адам қоршаған ортада өмір сүреді +
2. Адамды қоршаған ортаны дене дейміз. –
3. Күн, ай, жұлдыз, бұлт табиғи денелер +
4. Тас, аң, құс жасанды денелер. –
5. Табиғи денелер екіге бөлінеді +
6. Тірі денелердің жиынтығын өлі табиғат дейді –
7. Өлі табиғатқа ауа, құм, су, тас жатады +
8. Тірі және өлі денелердің арасында айырмашылық болмайды. –
9. Айналадағы жасанды денелерді ұстап білуге болады. +
10. Табиғи және жасанды денелер заттардан тұрады +
11. Кез - келген дене тастан тұрады –
12. Заттарды бір - бірінен қасиеті жағынан айыруға болады +
13. Тірі дененің құрамы жұмсақ болады. –
14. Табиғаттағы өзгерістерді табиғат құбылыстары дейміз. +
15. Қыс айында жаңбыр жауады, топырақ борайды –
16. Күз айы жауын – шашынды болады +
17. Адам табиғат құбылыстарын өздеріне бағындыра алады. –
19 Адам жауын - шашынды өз игіліктеріне пайдалана алады +
20. Жаз айында қар жауады. –

7 кезең
Талдау
Тақырыптық сөздік қор.
Мәтіннен сөздер немесе мәтіннің мазмұнын жазу. 37 сөз. 5 минут уақыт беру
1) Матрицаны толтыру
2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді.
3) ТСҚ - ның пайызы есептеледі.
Түйсіну: 4 - 5 белгі - 5 ұпай
3 белгі - 4 ұпай
2 белгі - 3 ұпай
1 белгі - 2 ұпай.

Қорытынды сапа нормативі оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс
Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету