Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Ұлттық ойындардың денсаулыққа пайдасы.

Ұлттық ойындардың денсаулыққа пайдасы.
Мақсаты:
- ұлттық ойындар туралы мағлұматтар бере отырып, адам денсаулығына тигізетін пайдасын оқушыларға үйрету, дүниетанымдарын кеңейту
- ойындар ойната отырып, ептілікке, икемділікке, зеректікке баулып, ойлау қабілеттерін арттыру, шынықтыру
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, асықтар, кітапшалар

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Тәрбиешінің кіріспе сөзі
3. Әр топқа берілген тапсырмалар (талдау, қорғау)
4. Қорытынды.

Кіріспе сөз.
Этнограф - ғалымдардың пайымдауынша, ата – бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрын бірінші мыңжылдықта - ақ қалыптасқан.
Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты (ақсерек – көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар), малға байланысты (соқыр – теке, асау көк, аларман (қойға қасқыр шапты)), түрлі заттармен ойналатын ақсүйек, алтыбақан, арқан тартыс, асық ойындары, қыз қуу, орамал тастау, сақина жасыру, көкпар, күміс ілу, түйілген орамал), зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ( айгөлек, аударыспақ, жасырынбақ күрес, орын тап, санамақ, ұшты – ұшты, теңге көтеру, сұрақ – жауап), соңғы кезде қалыптасқан ойындар (сымсыз телефон, әріп таңдау, пароль, сыңарын табу).
Атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарға зер салып байқап отырсақ, ол ойын – сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс – тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке тағы басқа әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен.
“Денсаулық – зор байлық”, “Дені саудың - жаны сау”- деп ата – бабамыз айтқандай тіршіліктің негізгі көзі – осы денсаулық. Сондықтан біз бүгін ұлттық ойындар және оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы айтқалы отырмыз. Енді кезекті оқушыларымызға берейік.

Тоғызқұмалақ
Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына ешбір тоймайтын, халық даналығы қалдырған ұлттық ойындардың бірі – тоғызқұмалақ. Халықпен бірге жасасып келе жатқан даналардың ойыны аталған тоғызқұмалақ, бүгінде даму сатысында екенін айта кеткен жөн. Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде, қалай қалыптасқаны жөнінде нақтылы тарихи деректер әзірше аз.

Алтыбақан.Бұл жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір – бірімен әзілдесіп, көңіл көтеретін ойын сауығы. Қазірде үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынадай тәсілмен жүзеге асырылады: алтыбақанды сырықтың екі басын үш – үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болған соң оның екі басына үш қатар арқан байланады.

Айгөлек. Оны қыз – жігіттер екі топқа білініп, қаз – қатар тұрып, бір – бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек – ау, айгөлек, айдын жүзі дөңгелек, бізден сізге керек?”, деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: “Айгөлек – ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Айдын керек.!”, - деп бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді.

Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған.
Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қойдың жілігін, немесе жауырынның, жамбасын қолына алап, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті.

Ұшты – ұшты. Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез – тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы адамдарды былай жайылыстырады:
- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты!
- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты!

Аударыспақ – қазақ – қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе – жекке шығып, бірін – бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған 18 жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.

Ат бәйгесі. Бәйгенің түрі көп – күресіп жықсаң да, жүгіріп озсаң да бәйге аласың. Соның ішіндегі ежелден халқымыздың салтына сіңген спорт ойынының бірі – ат бәйгесі. Ұлы дүбір той жасап, ұлан асыр ас бергенде ат жарысын ұйымдастырып бәйге тігетін болған.
Аттарда әлденеше он шақырымнан қайтарады. Солардың ішінде көмбеге бұрын жетіп, күтіп тұрған даяшының қолына бірінші іліккеніне бірінші бәйге, екінші іліккеніне екінші бәйге, сөйтіп – сөйтіп беріле береді.

Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі” сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп,
бір – бірінен ала қашып, мәз – мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; Көкпарда басы кесілген серке тартылады.

Қорытынды.
Балалар бүгін біз атадан - балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойындар жайлы айтып, олардың қалай ойналатыны, олардың адам денсаулығына пайдасы жайлы айтып, көп мағлұмат бердіңдер. Зер салып тыңдап отырсаңдар ол ойын – сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс – тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және сендерді батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке тағы басқа әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен. Енді біздер осы ұлттық ойындарымызды дәстүрлі етіп, әрі қарай дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.

Қарағанды облысы,
Теміртау қаласы, №3жалпы білім беретін орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Кеншілік Гулбаршын

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету