Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Басқатырғыш тапсырмалар (1сынып)

Қарағанды облысы,
Теміртау қаласы, №3жалпы білім беретін орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Кеншілік Гулбаршын

1 - сынып
Оқу мақсаты: бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыш есептерді, ребустарды шешеді

Ресурстар: логикалық есептер;
сиқырлы үшбұрыштар, шаршылар;
дидактикалық үлестірмелі материалдар.
Тірек сөздер басқатырғыштар. ребус
Сабақтың мақсаты: Сандық есептер мен басқатырғыш тапсырма - ларды шығарту. Басқатырғыш тапсырмалардағы заңдылықтарды тапқызып, сол заңдылықтарға сүйеніп тапсырманың жауабын іздеу арқылы логикалық ойлауын дамыту.

Бұл сабақ белгілі бір заңдылыққа сүйеніп бас - қатырғыш тапсырмаларды табуға бағытталған.
Басқатырғыш тапсырмалар — жоғары деңгейлі міндетті білімді емес, тапқырлықты қажет ететін ерекше есептер. Кейбір басқатырғыштар өте ерте кезден белгілі. Ерекше логикалық есептер Eгипет пирамидасының қабырғаларында, ертеде - гі грек қолжазбаларында және басқа да тарихи ескерткіштерде кездеседі. Басқатырғыштар әртүрлі болады:
пазлдар. Пазлдың міндеті — фигураны немесе суретті жазық бөліктерден жинау;
жіппен жасалатын басқатырғыштар;
мәтіндік және графикалық басқатырғыштар;
механикалық басқатырғыштар. Бұл жағдайда басқатырғыш қандай да бір механизм түрінде беріледі, яғни қозғалмалы бөліктерден тұрады. Басқатырғыштың міндеті: жинау не бөлу, қандай да бір бөлшегінің орнын ауыстыру немесе босатып алып тастау болады. Сабақта сандық есептер мен басқатырғыштардың бірнеше түрін шешу көзделеді.
Кіріспе тапсырма. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты есеп - өлең оқу арқылы бастаңыз.

Топқа бөлу.
Ол үшін әр оқушыны өзіне ұнаған геометриялық фигураның бөлігін алып соны құрастырады.

1топ Алау
2топ Талап
3топ Самал
4топ Тұлпар
Шаттық шеңбер: Оқушылардан мынандай сұрақтар қою арқылы
- Біздің елімі з қалай аталады? - Қазақстан
Біздің Отаның? Қазақстан
Олай болса, « Мәңгілік ел» Қазақстан жасасын.
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына қанша жыл толды? ҚР тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Олай болса қазір сендермен Тәуелсіз еліміздің 25 жылдығына арнап аппликациялық жұмыс жасаймыз. Ол үшін мына постерлер конверттің ішіндегі тапсырмаларды орындай отырып, суреттерді жапсырамыз.

Ой қозғау ертегі есеп
Мысалы: “Ұрылар мен кемпір” деп аталатын ертегі есепті оқыңыз. Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде жұртта қалған, сүйенері жоқ кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келіпті. Кемпір: “Бұлар менің жалғыз сиырымды ұрламақ болған екен, мен де оларды алдайын”, — деп ойлайды. Сөйтіп, бір шелек суды сапырып отырып:
“Сапырып - сапырып, Арманға бер, Құйып - құйып, Алмасқа бер, Есіктегі екеуге бер, Төрдегі төртеуге бер, Өзің іш те, маған бер”,
деген өлең айтыпты. Мұны естіген ұрылар: “Қой, мұнымыз болмас, үй толы кісі екен әрі бізден көп екен, кетейік”, — деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде неше адам болған?
Жауабы: 10 адам.
Оқушыларға басқатырғыш тапсырмалар орындайтынын айтып, үлестірмелі дидактикалық материалдарды таратыңыз. Үлгі ретінде тапсырманы қалай орындайтыны туралы түсінік беріңіз.

1-тапсырма. Күнді жапсыру тапсырмасы
Мысалы: Үшбұрыш үш бөлікке бөлінген. Әр бөлікте белгілі бір нүктелер боялған. Фигураның сыртында нүктелердің қосындысының қанша екенін көрсететін сандар жазылған. Таратылып берілген үшбұрыштардың кейбір бөліктері бос. Оқушыларға осы бос орындарға сыртында көрсетілген сандар шығатындай етіп, нүктелерді салу қажеттігін түсіндіріңіз. Төменде көрсетілген үлгіні таратып беріңіз.
Мысалы: Сынып оқушыларын 4 топқа бөліңіз. Тапсырмаларды әр топқа үлестіріңіз. Топпен бірлесе отырып, тиісті жауап шығатындай нүктелерді белгілеуді тапсырыңыз. Интерактивті тақтада көрсетіп, тапсырманы тексертіңіз Әр топ дұрыс орындағынын анықтаймыз. Бұл жерде қалай бағалаймыз.??? Oрындағаннан кейін тапсырманың “басқатырғыш” түрлерінің бір екенін айтып, қорытындылаңыз.

2-тапсырма. Байтеректі жапсыру

Әр компьютердің қай қуат көзіне қосылып тұрғанын анықтап және оның артындағы сөздерді тауып оқу арқылы әріптерді таба отырып, сөздерді анықтауы, оларды біріктіріп оқи білуі есте сақтау қабілетінің дамуына әсер етеді.
Жауабы:
Астана, Орал, Алматы, Таразы
Сергіту сәті Жұмыр қылыш видеороликтен қарап билеу.
3 – тапсырма. Парламент үйін жапсыру
Интерактивті тақтадан
Теңдік Теңсіздік Өрнектерді жеке - жеке бағандап жылжыту
20+30 30=30 50 60
4- тапсырма Баланы жапсыру қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма
Бірінші кестедегі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық сабақ жоспары, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету