Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Төрт түлік жырлары. Торы құлын

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік жырлары. Торы құлын
Әдебиеттік оқу пәні
Сабақ мақсаты: Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту, малдың өрісімен, қадір - қасиетімен таныстыру.
Б. Төрт түлік соның ішіндегі құлын жайлы мағлұмат беру.
Д. өз ойларын тұжырымдап жеке, топта айта білуге, көп ізденуге, бірін - бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру.
Т. Төрт түлікті күтіп, баптауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: музыка, математика
Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік суреттері

Жоспары:
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Топпен жұмыс
4. Қорытынды
5. Бағалау

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру. Психология сәт
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.

ІІ. Үй тапсырмасын айту
Үйге қандай тапсырма берілді?
Қойдың қандай пайдасы бар?
Сабақ қалай аяқталып еді?
Төрт түлік малына қатысты мақал – мәтелдердің жалғасын табу.
1. Ел көркі — жер, өзен көркі — тал.
2. Сауып ішсең мың күндік,
Сойып ішсең бір күндік.
3. Бақпаса мал өспейді,
Баптамаса егін өспейді.

ІІІ. Топпен жұмыс
Қой суреттерін құрастыру.
Ән: «Қошақаным»

ІҮ. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Мақал – мәтелдің жалғасын табу арқылы «Ойлан, тап» ойыны.
1. Тұяқ …… жеткізер,
Тай …… жеткізер.
2. Құнан ……. жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
3. Тұлпар – …… қанаты.
4. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы төлмен өсер.

Ү. Оқулықпен жұмыс.
«Торы құлын» жырын тізбектей оқыту.
Сергіту сәті

ҮІ. Дәптермен жұмыс. Жырдағы тор құлынды сипаттау
Басы – құп – құлдыр
Көзі – моншақтай
Ерні – жып - жымыр
Жағы – қалақтай
Мойны – садақтай
Жалы – жібектей
Саны – білектей
Құйрығы – шашақтай
Денесі – жұп - жұмыр

ҮІІ. Қорытынды
1. Жылқы не істейді? (құлындайды, кісінейді)
2. Жылқының төлін қалай шақырады? (қырау - қырау)
3. Жылқының пайдасы қандай?
4. Жылқыдан не аламыз?
(Сүт, қымыз, ет, қазы - қарта, жал - жал, шұжық аламыз.)

Бағалау. Смайлик арқылы бағалау.
Үйге тапсырма беру. «Торы құлын» жырын жаттау.

Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Үлкеншыған орта мектебі
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Оңалбаева Талшын Батырғалиқызы
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету