Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Кел, ойнайық!

Кел, ойнайық!
Пәнаралық жарыс.
Мақсаты: Өткен сабақтар бойынша алған білімдерін тиянақтау. Топта бірлесе жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Сабақтарда алған білімдерін пайдалана алады. Топ мүшелерімен бірлесіп жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Көрнекіліктер: гүл, шар, күн ұстаған қос балапан, жеміс ағашы, себет, қорап.

Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Кел балалар ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық!
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз, балалар барлығымыз!
Балалар хормен айтады:
Менің қолдарын кеуделеріне қояды.
Отаным қолдарын жоғары көтереді.
Қазақстан! Шапалақтайды.
Екі топты таныстыру:
Әділқазы алқасын сайлау.
Тақтадағы күн ұстаған қос балапанға назарларын аудару.

Жүргізуші: Балалар мына қос балапан біздерге тапсырмаларды ұсынып отыр. Кәне, білім күшін сынайық!
Әр тапсырманы жүректің артына жасырып қойыпты.
Жасырған сандарға байланысты тапсырмаларды бөлмеден тауып алу керек.
№ 1 - тапсырма: Жеміс ағашына ілінген. Сауат ашу сабағына байланысты. Дыбыстық талдау жасау: Мақала Астана Ботақан
№2 - «Геометриялық фигураларды сана»
№ 3 - тапсырма: «Терезе сал»

№ 4 - тапсырма: «Жүрек жылуы». Бұл тапсырманы орындау үшін қонақтар алдындағы 4 саны белгіленген себетті ашу керек. Ол үшін қонақтарға жылы - жыл, сиқырлы сөздер айту қажет. Мысалы: Сәлеметсіздер ме? Қалыңыз қалай? Денсаулығыңыз жақсы ма? Рахмет! Сізге ризамын. Рұқсат па? Кешіріңіз. Сіз әдемісіз. Көріктісіз т. б.... Осы сөздерден кейін себетті алып ішіндегі тапсырманы орындау керек. Ол музыкалық сәлем жолдау. Ішінде ноталар болады. Әр топ өз әнін орындайды.
№5 - тапсырма: «Көрші санды тап!»

Жүргізуші:
Біз Отанның балдырған ұланымыз,
Әдептілік, батылдық – ұранымыз! – деп әдептілікпен, батылдықпен бүгінгі барлық тапсырмаларды орындаған балдырғандарға берілетін бағаларыңыз,
Әділқазы алқасына сөз беріледі. Балалар сыйлықпен марапатталады.

Алматы облысы Көксу ауданы
«№12 орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық сынып мұғалімі
Кегенбаева Шаукен Сагатовна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету