Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Ешкі малының пайдасы

Тақырып: Ешкі малының пайдасы
1. Ғылыми - жобаның мақсаты: Ешкі сүтінің емдік қасиетін зерттей отырып ешкі сүтінің ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау.
Міндеттері:
Ешкінің шығу тарихын анықтау.
Ешкі түрлері мен өмір сүру кезеңдерін қарастыру.
Атқаратын қызметі және оларды күту туралы мәлімет жинау.
Адам өміріне еті мен сүтінің пайдасы туралы мағлұмат жинау.
2. Зерттеу гипотезасы:
Зерттеу гипотезасы ретінде ешкі сүтінің емдік қасиеттерімен жан - жақты танысып, адам өмірінде алатын орнының зор екендігін анықтау.
3. Зерттеу кезеңдері:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Интернет мәліметтерімен танысу, іріктеу
- Зерттеу жұмысын жинақтау, қорытындылау
4. Эксперимент әдістемесі:
1. Ешкі жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу.
2. Ешкі сүтінің күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу.
3. Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
- Ешкі сүтінің емдік қасиеті ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;
- Ешкі сүтінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді. Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қазақ халқының өмірінде ешкі сүтінің алатын орнын, маңыздылығын, күнделікті өмірде пайдалануға болатындығын дәлелдеген.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:
Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, сәйкестендіру, тұжырымдау, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім. Ешкі сүтінің емдік қасиетін ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген
аурулардың алдын алуға болады
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:
Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы ешкі сүтіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімділігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.

Мазмұны
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім... Ешкінің пайдасы
2. 1. Ешкінің шығу тарихы
2. 2. Ешкінің түрлері
2. 3. Ешкі сүтінің қасиеті
2. 4. Ешкі күтімі
2. 5. Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы..
2. 6. Ешкі сүтінен жасалған әртүрлі тағамдар
2. 7. Қорытынды
2. 8. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кіріспе
Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау – тастағы жануарлардың жеке жарақатынан және сырқатынан жазылуда қандай табиғаттық емдер алатынын байқады, көрді, білді және өздеріне тексеру жасады да нәтижесіне өз бағаларын берді. Өздері мен болашақ ұрпақтарының денінің саулығы болу үшін, ұлттық халық медицинасының бай тәжірибесі жинақталды. Қазақ медицинасы дәстүрлі медицинасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасының тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол.
Ата - бабаларымыз табиғаттың табиғи емінің әдіс – тәсілдерін меңгерген нағыз ұстасы және нағыз білгірі болды.
Ешкі де қазақ халқының ежелден келе жатқан төрт түлігінің бірі. Ертеректе халқымыз ешкіні негізінен сүті үшін өсіргендігін «сойса еті - қалақтай, сауса сүті – бұлақтай», «ешкі сойып жесең – бір күндік, сауып ішсең – мың күндік»- деген мақалдардан айқын білініп тұр Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп, жылдам көбейеді. Cондықтан біз елімізде ешкі шаруашылығының дамуына көп көңіл бөлсек, басқа да ешкі шаруашылығы дамыған мемлекеттердің құрамына кірер едік.
Ешкі шаруашылығын қолға алу - бұл еліміздің әл-ауқатын көтерудің бірден-бір жолы.

2. Ешкінің пайдасы
«Қойды көсем бастайтын,
Өткелден үркіп саспайтын
Қарағай мүйіз серкелі..
Сексек ата баласы
Ешкі бассын үйіңді» - деп халық айтқандай. Ешкі де қазақ халқының ежелден келе жатқан төрт түлігінің бірі. Ертеректе халқымыз ешкіні негізінен сүті үшін өсіргендігін «сойса еті - қалақтай, сауса сүті – бұлақтай», «ешкі сойып жесең – бір күндік, сауып ішсең – мың күндік»- деген мақалдардан айқын білініп тұр Ешкі өте өсімтал болғандықтан тез өсіп, жылдам көбейеді. Ешкінің еті де, терісі де, сүті де, қылшығы мен түбіті де, тіпті мүйізі де күнделікті тұрмыс кәдесіне жарай береді.. Ешкінің еті аздау болғанымен ерекше күтімді қажет етпейді.. Көктем мен жаз айларында көкке жайылған ешкі сүтінің құрамындағы дәрумендер молайып әрі дәмі де өзгереді. Ол 600 - ге тарта шөп түрін қорек етеді. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкі сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп болады.
2. 1 Ешкінің шығу тарихынан
Ешкі - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Ешкі 11 - 12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді..
Ешкі пірі - Сексек ата. Шежірелік дерек бойынша Қазығұрт тауының бауырында Тұрбат деген жерде жерленген Исмайыл атаның баласы. Шын мәнінде Сексек атада аз зерттелген дүниелердің бірі.
Ерте заманда Амалфея атты ешкінің сүтімен Зевс құдайын емізген деген аңыз бар. Сол заманнан бері ешкі сүті ерекше қасиетті деп саналады. Сонымен қатар, ертеректе ауыр науқастан кейін қалыпқа келу үшін ешкі сүтін ішкен екен. Ежелгі Римде ешкі сүтімен бауыр ауруын емдеген. Ешкі сүті әлемде кең танымал, бірақ осы сүтті пайдаланудан көш бастап тұрғандар – Азия елдері ішіндегі Үндістан, Бангладеш, Пәкістан және Жерорта теіңізі жағалауындағы елдер – Португалия, Испания, Франция, Грекия, Италия болып табылады.
2. 2 Ешкінің түрлері
Ешкі түрлері
Ешкі қуысмүйізділер тұқымдасына жататын, күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Ешкі 11 - 12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ешкі тоғыз – он жыл тіршілік етеді. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді..
Ешкі
Қазақ ешкіні жасына қарай:
• үлкен теке
• серке
• дөнен серке
• құнан серке
• ту ешкі
• үлкен ешкі
• сақа ешкі
• туша шыбыш
• шыбышша
• шыбыжық
• марқа лақ - деп атайды.
2. 3 Ешкі сүтінің қасиеті
Жаңа сауылған ешкі сүтінің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті - оның қуаты 4 - 5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.
Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінің түсі аппақ болады. Ал оның құрамында қырықтан астам биологиялық компонент бар. Ең маңыздылары - А, С, В1, В2, В6, В12 витаминдері, аминқышқылдары, ферменттер мен микроэлементтер. Сиыр сүтінің құрамында аз кездесетін элементтер ешкі сүтінде өте мол. Бір ғана кобальт басқа жануарлардың сүтіне қарағанда ешкі сүтінде 6 есе жоғары болады. Кобальт ағзадағы қан айналымды жақсартып, зат алмасу процесіне жағымды әсер етеді.
Ешкі сүті альбуминге бай болғандықтан, құрамындағы ақуыз ағзаға тез сіңеді.
2. 4 Ешкі күтімі
Ешкі шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Малды қыста қорада, қалған уақытта жайылым жерлерде бағады. Оларды азықтық дақылдармен қоректендіреді, мезгілімен дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Ешкі - өте өсімтал мал. Ешкінің мүйізі қырлы, дене бітімі жеңіл, құйрығы қысқа келеді. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті пайдаланылады. Ешкі бір – екі, кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Ешкілерді көктемде, жылы аудандарда екінші рет тамыз – қыркүйек айларында қырқады.
Ешкі малы - текесі 60 – 65 кг - ға дейін, ешкісі 40 – 60 килограммға дейін
тартады. Жемденген ешкіден 20 – 28 кг ет, 4 – 6 кг май, жеті – он айлық
лақтан 12 кг ет, 1, 5 кг май алынады. Ешкі тұқымын асылдандыру, күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін арттырады
2. 5. Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы.
Жаңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды. Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті - оның қуаты 4 - 5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады.
Сүттің құрамында микроэлементтер, дәрумендер, ақуыздар бар.
Микроэлементтер құрамына: кальций, магний, фосфор, марганец, мыс. Дәрумендерге: А, В1, С, Д, В12, аскорбин қышқылы бар. Ақуыздың құрамына: Май 4, 4%, белок3, 6%, лактоза4, 9% бар.
Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек - қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді.
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.
Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.
Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да аурулармен ауырмайды.
АСҚАЗАН ЖӘНЕ ІШЕК АУРУЛАРЫНДА
Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасының зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.
ДИАТЕЗ ДЕРТІНДЕ
Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.
ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЫНА
Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 0, 5 стакан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.
ҚАТЕРЛІ ІСІК ДЕРТІНЕ
Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар. Сон - дай - ақ, ол иммунды жүйені қатайтады. Оның емдік тәсілі мынадай: шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10 кг дене салмағына 50 г - нан өлшеп, науқасқа беру керек.
КОСМЕТОЛОГИЯДА
Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде ешкі сүтімен шайып тұру қажет.
СҮЙЕККЕ ПАЙДАЛЫ
Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай - ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.
2. 6. Ешкі сүтінен жасалған әртүрлі тағамдар.
Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.
Ұзақ жылдар бойы ірімшік, сыр, сүт қанты, қаймақ және басқа да сүт тағамдары адамның бойында кездесетін түрлі сырқаттардың алдын алып, емдеп жазу үшін қолданылып келеді.
Қазақтың ұлттық сүт тағамдары - сүт, уыз, сары май, айран, қаймақ, қатық, қойыртпақ, қорықтық (тасқорықтық), құрт, ірімшік, сүзбе, іркіт, қымыз, шұбат, шалап. Сиыр, қой, ешкі, бие, түйе малдарының жаңа сауылған, пісірілген және шикі сүттерін пайдалана отырып, қолма - қол жеп - ішуге, белгілі бір мерзімге дейін және ұзақ уақыт сақтауға болатын түрлері жасалынады. Сүт тағамдары қазақ халқының ерте кезден дайындауында өзіндік тәсілі бар, дәмді де бағалы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құнды тағамдарының бірі.
Ешкі сүтінен немесе оны қосып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол.
2. 7. Қорытынды.
Қазіргі кезде дүние жүзінде 1 млрд - қа жуық ешкі бар деп есептелінеді. Ешкінің саны жөнінен алдыңғы орында Қытай елі иеленеді. Бұл елде 180 млн - ға жуық ешкі бағылады. Үндістанда - 130 млн, Пәкістанда - 50 млн, Бангладеште - 40 млн, Иран мен Нигерияда - 30млн, Судан, Эфиопия, Индонезия, Сомали елдерінің әрқайсысында 20 млн шамасында ешкі өсіріледі. Біздің елімізде ешкінің саны 2млн бастан аспайды.
Қазіргі таңда жастарға мал шаруашылығының жетістіктерін, ата – бабамыз ешкі өсірумен ертеден – ақ айналысқанын, сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіріп қоймай, өз елімізде ешкі шаруашылығын дамыту. Тәуелсіз елімізде ата - бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп жоғалтпай қайта жаңартатын ендігі болашақ - ұрпақ, біздің қолымызда.
Ұсыныс
Ешкі малы тез көбейетіндіктен, еліміздің әл - ауқатын көтеруде ешкі шаруашылығын қолға алу. Ешкі сүті емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін өте қолайлы, сондықтан дүкен сөрелеріндегі кішкентай бүлдіршіндеріміздің тамағы тек қана ешкі сүтінен болса, келешекте біздің
ұрпақтарымыздың денсаулығы мықты болар еді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сүт өнімдері

Сүт өнімдері

Жезқазған қаласы, «№ 21 жалпы білім беретін» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы 1 «Б» сынып оқушысы Джакетаева Фатима Ғылыми – зерттеу...
Не қалай дыбыстайды?

Не қалай дыбыстайды?

Білім беру саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Не қалай дыбыстайды?» (үй жануарлары)...
Қасқыр мен жеті лақ /тіл ұстартуға арналған ертеңгілік сценариі/

Қасқыр мен жеті лақ /тіл ұстартуға арналған ертеңгілік сценариі/

Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасы дефектологі Кушенова Балқия Орынбасарқызы...
Төрт түлік малдар

Төрт түлік малдар

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы "Горный ЖББОМ" КММ бастауыш класс мұғалімі: Ахметқалиева Камалия Мұқанқызы...
Жеті лақ ертегісі желісі бойынша

Жеті лақ ертегісі желісі бойынша

Мақсаты: Балалардың көркем шығармалар арқалы тіл байлығын, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Ертегілермен таныстыру, сұраққа толық жауап бере білу жағымды,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету