Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Қазақстандағы өзендер мен көлдер

Қазақстандағы өзендер мен көлдер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен таныстыру. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерін кеңейту. Өзендер мен көлдерді қорғаудың жолдарын үйрену.
Күтілетін нәтижелер: Өзен, көлдер туралы біледі.
Өзен мен көлдің айырмашылығын ажырата алады.
Қазақстандағы өзен - көлдердің аттарын, қай жерде орналасқанын біледі.
Оқушының білімі тереңдейді.
Тақырыптың мазмұнын түсіну арқылы шығармашылық дағды қалыптасады.
Оқушының оқуда проблемаларды шешу қабілеті артады.
Негізгі идеялар: Қазақстанның өзен, көлдерін білу және олардың қандай пайдасы бар екендігін ұғындыру.
Тапсырмалар (сабақтың жүрісі)
үй тапсырмасы, қызығушылықты ояту кезеңі, мағынаны тану кезеңі, сергіту сәті, ой толғаныс кезеңі, рефлексия, үйге тапсырма, бағалау
Дереккөздер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; АКТ;
Талантты және дарынды балаларды оқыту;
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Әдіс - тәсілдер:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;«Ой қозғау» әдісі, тест топтық жұмыс
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Миға шабуыл, «Сәйкестендіру», «Семантикалық карта», «Концептуалды кесте»,
2. Қолпаштау, «басбармақ», Смайликтерді сөйлету, бағдаршам
3. Құрал – жабдықтар: АКТ құралдары: Интернет, мультимедиа, карта, плакат, постер, түрлі - түсті бояу, ресурстар, стикер, топ ережесі
4. Сабақ барысы

Ұйымдастырушылық кезеңі.(Топтарға бөліну)
І. Психологиялық дайындық. (5мин)
Тренинг. Балалар шаттық шеңберге тұрады. Бәрі бірге: «Елге тілек білдіру» барлық сынып оқушылары бірін - бірі қайталамай, тілек айтып шығады. «25 жыл» суретінен өз түсін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.
І топ. Жайық өзені
ІІ топ. Есіл өзен
ІІІ топ. Балқаш көл
Топ басшысын тағайындайды, топ ережесін шығарады.
Қимылдайды, сабаққа деген қызығушылықтары артады. Көңілдері көтеріледі.
Балалар суреттерді алып, топқа қалай бөлінетіндіктерін тауып,
топ ережесін шығарады.

II Үй тапсырмасы (5 мин)
Жерасты сулары. Минералды сулар.
«Стикердегі диалог» әдісі
Балалар сіздердің орындықтарыңның артында сіздерге арналған тосын сый бар, алып оқып танысып, номерлеріне байланысты жауап бере беріңіздер.
1. Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді?
2. Табиғатта су неше күйде болады?
3. Жер асты суы қалай пайда болады?
4. Бұлақ дегеніміз не? Су туралы мақал - мәтел.
5. Жер асты суын қалай алып пайдаланады?
6. Артезиан құдығы дегеніміз не?
7. Минералды су деп қандай суды айтамыз?
8. Қазақстанда қандай шипажайлар бар?
9 Сарағаш шипажайы туралы білетініңді айт.
10. Жер шарының қандай бөлігін су алып жатыр?
11. Су қоймаларына нелер жатады?
12. Cу туралы қандай жұмбақ білесің, айтып бер.
Оқушылар өткен тақырып бойынша стикерегі сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекітеді.
Бірін - бірі бағалау.
І топ: Смайликтармен бағалау
ІІ -топ: Бағдаршам
арқылы бағалайды
ІІІ топ: Бармақпен бағалайды

III Қызығушылықты ояту кезеңі (5мин)
1. Бейнеролик тамашалау. «Әсем Көкшетау» атты слайд көрсету
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсысы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі,
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Еліміздегі ең бірі сұлу өңір – Көкше биігі. Бурабай көлінің тұп - тұнық көгілдір айдынында аспан, тау, орман қалай жарқырап көрініс тапса дәл солай
С. Сейфуллин «Көкшетау» поэмасында жырлаған.
Бурабай - Қазақстан жерінің бетке ұстары. Бұл өңірде Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Бурабай, Балпашсор, Әулиекөл сияқты үлкен – кішілі көлдер бар.
2. Жаңа сабаққа кіріспе. Глобуспен жұмыс.
Жер шарының 3/4 бөлігін су алып жатыр. (көрсету )
Көгілдір түс – су: мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер. Жерде ірі - төрт мұхит бар. Көлемі бойынша атағанда олар мыналар: Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит. Кейде ауадағы суларды бесінші мұхит дейді. Жердің 70 пайызы сумен толтырылған, бірақ оның 1 пайызы ғана ішуге жарамды.
Бірақ жер шарының 60% - да тұратын халық тұщы судың болмауынан зардап шегуде. Мысалы, Грецияның Афина және Персияның жақын аудандарында ауыз су жоқ. Югославияда су кемемен жеткізіледі. Біздің елімізде су жеткілікті.
Жер бетінің ғарыштан қарағанда көгілдір болып көрінетіні - жердегі мол судың арқасы. Сондықтан да жер «Көгілдір ғаламшар» деп аталады.
Назар аударады.
Балалар, сіздер өз топтарыңыздың нені білдіретінін білесіздер ме? Ойланып көрейік, әр топ осы өзендер мен көлдер туралы не білесіңдер?
Бүгінгі сабақ тақырыбын хабарлау.

VI. Мағынаны тану. Презентация арқылы.(10мин)
1) ДЖИГСО әдісі бойынша оқулықтағы «Өзен және көл» мәтінін оқыту
- Өркениеттің дамуындағы өзендердің рөлі қандай деп ойлайсыңдар?
- Өзендерді қандай мақсатқа пайдаланады?
Қазақстанның су ресурстары көбінесе өзен – көлдегі суларды құрайды. Өзендер негізінен тау басындағы мұздықтарда толықтырылып отырады. Олардың біразы Жоңғар Алатауында жатыр.
Қазақстан аумағында 85 мың өзен бар.
– Қандай өзендерді білесіңдер?
Оқушылар өзен туралы әңгімелейді.

Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жахатова Айнұр Жеңісқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық сабақ жоспары, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету