Сайтқа кіру Тіркелу

Қариясы бар үйдің, қазынасы бар

Тәрбие сағат 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қариясы бар үйдің, қазынасы бар
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:
а) ақпараттық: Оқушылардың бойына үлкенді сыйлау, құрметтеу қасиетіне тәрбиелеу.
ә) коммуникативтік Кішіге ізет көрсетуге үйрету.
б) проблеманы шешу Бойындағы жақсы қасиеттерді басқара білуге қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Білім беруді ізгілендіру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, АКТ, топтық және ұжымдық оқыту технологиялары.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті, практикалық.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, музыка, бейнелеу.
Оқыту құралдары: оқулық, дәптер, қағаздан жасалған күн шуағы, дәйек сөз.

І. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасады.
Оқушыларды түгендейді.
Сабаққа әзірлігі сұралады.
II. Негізгі бөлім
Оқушылар біз бүгін «Үлкенге құрмет, кішіге – ізет» көрсетуге үйренетін боламыз.
Біздің үйіміздегі үлкен жасы жеткен адамдар кім?
Біз оларды сыйлауымыз қажет.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Оқушылар қазір сендерге сұрақтар қоямын, барынша жауап беруге тырысыңдар.
- Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
- Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

- Достарымен арада қандай сыйластық бар?
Мәтін. «Үш дос»
Міне оқушылар ең алдымен өздеріңді сыйлауды үйреңіндер, содан кейін жанындағы адамдарға да құрметпен қарайсыңдар.
Адамдар бірін – бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым – қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.

IV. Қорытынды
Тақтадағы суреттерге қарап кімді не үшін құрметтеу керектігін баяндап беріңдер.
Топтық ән.
Бақытты балалар әні
Сөзін жазған: Қ. Мүсірепов
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев
Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз, сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап.

Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Өнерге біз құмартып,
Өсіреміз бақтарды.

Шынығамыз, ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×