Сайтқа кіру Тіркелу

Сөйлем

Сөйлем
Қазақ тілі 4 сынып
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: Сөйлем туралы алған білімдерін еске түсіре отырып, жинақтау.
Оқу нәтижелері: Барлық оқушылар:
- сөйлем және оның айтылу мақсатына қарай түрлерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
- сөйлем туралы біледі, жаттығулар барысында талдай алады, сөйлемнің түрлеріне қарай ажырата алады.
Кейбір оқушылар:
- сөйлем және оның түрлерін біледі.
Алдыңғы оқу 6 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып, сөз тіркестерін теріп жаз.
Киіз үй, қолайлы баспана, шапшаң тігуге, киіз үй, ыстықта сая, суықта пана, ақ киізбен, киізбен жабады, киіз үй, уық пен шаңырақ, шаңырақтан тұрады.
Ережені еске түсіру.
Екі немесе бірнеше сөздің бір - бірімен байланысуы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінде алдыңғы сөз бағыныңқы, соңғы сөз басыңқы болады. Мысалы: таза ауа, ұзын көше, ауылға бару, машинамен келді, жүйрік ат.
«Жұптасқан тіркестер» стратегиясы. Бұл стратегия бойынша оқушылар жанында отырған оқушылармен жұптасады да бірлесіп сөз тіркестерін табады. Мысалы: сұлу қыз, көркем мінез, кең бөлме, т. б. Сөз тіркесін таппаған, қайталаған сөздерді айтқан жұп ойыннан шығады. Ойында жеңген жұптарға «қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалаймын.

Басталуы:
Қызығушылықты ояту Тренинг «Тілек гүлі»
3 топ гүлшелер беріледі. Әр гүлшеде жасырын тілек сөздер берілген. Әр топ өз іштерінде талқылап, тауып жазады.
Мысалы, ж.. с.. ы., қ.. н.., с.. т.. і.. (жақсылық, қуаныш, сәттілік).
«Серпілген сауал» стратегиясы.
- Сөйлем түрлерін ата.
- Сұраулы сөйлем деген не?
- Сұраулы сөйлем қандай мақсатта айтылады?
- Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Ортасы: 1 - жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрі екенін анықта. (хабарлы сөйлем)
1. Тотықұстың көзінің салмағы миынан екі есе ауыр болады. 2. Адамның әдептілігі оның сөзінен байқалады. 3. Сауыт - ерте кездегі батырлар киетін қорғаныш киім. 4. Теріскен - далада өсетін өсімдік түрі. 5. Бал - өте пайдалы тағам.
2 - жаттығу. Күрделірек тапсырма. Сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлеріне бөліп жаз.
«Детектив» стратегиясы. Бұл стратегия бойынша оқушылар топпен жұмыс жүргізеді. Кеспе түрінде берліген сөйлемдерді Хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем түрлеріне тиістісін желімдеп жапсырады.
Хабарлы сөйлем: Атасы жолаушылап кетті. Әсет оны күтіп жүрді. Атасы Әсетке ойыншық әкелді. Екеуі атасы әкелген ойыншықты абайсызда сындырып алды.
Сұраулы сөйлем: Бұл жолы не әкелер екен? Енді не істеймін?
Лепті сөйлем: Алақай, атам келді!
1 - топ Хабарлы сөйлемді теріп жазады.
2 - топ Сұраулы сөйлемді;
3 - топ Лепті сөйлемді теріп жазады.

3 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Сөйлем соңындағы тыныс белгісі не үшін қойылғанын айт.
Туған өлкем. Әр топтан 1 оқушыдан мәнерлеп оқытқызып шығамын.

4 - жаттығу. Тиісті тыныс белгілерін қойып, жұмбақтарды көшіріп жаз.
Жалтылдап қалағы,
Салатын кім қаланы? (құрылысшы)
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл? (мұғалім)
Шығармашылық жұмыс. Жұмбақтардың шешуін тауып, сол сөздермен сөйлемдер құрастырып жаз.

Аяқталуы: Күрделірек тапсырма. 5 - жаттығу. Сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемге айналдырып, мақал етіп жаз.
Береке көзі - бірлікте.
Отан - оттан да ыстық.
Ат - адамның қанаты.
Үйге тапсырма беру. 6 - жаттығу. 56 - бет

Бағалау Бағалау парақшасын толтырып, оны жария етеді.
Кері байланыс Леп белгісі(!) - сабақты өте жақсы түсіндім.
Нүкте(.) - сабақты түсіндім, әлі де толықтырулар керек
Сұрақ белгісі(?) - маған көмек қажет.

Елтінді батыр атындағы орта мектебі.
Мұғалім есімі: Раимбекова Фатима
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×