Сайтқа кіру Тіркелу

Б. Соқпақбаев Сен ұйықтап жатқанда

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев Сен ұйықтап жатқанда
Сабақтың мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың қысқаша өмірбаяны туралы мағлұмат беру. Мәтінмен таныстыру. Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Технология: «БиС» технологиясының ауызша №1 картасы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: тексеру сұрақтарын қою, жаңа білімді құрылымдау, әдіс - әрекеттерді талдау, ұғыну.
Көрнекілігі: блок - сызбасы
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қарама - қарсы сұрақтар қою.
Астана – бас қала
1. Қарама - қарсы сұрақтар:
Мұғалім оқушыларды қайда барамыз деп қуантты? (Астана қаласына)
Астана саяхатшыларды құшақ жайып несімен қарсы алды? (Есіл өзенінен ескен қоңыр салқын самалымен, құшақ жайған кең дуалдарымен)
Бұл даңғылдар бойында қандай ғимараттар көрінді? (Президенттік мәдени орталық, Конгресс - холл, Пирамида тағы басқалар)
Балаларға әсіресе не ұнады? (Бәйтерек мұнарасы)
Мұғалімнің айтуы бойынша оқушылар қандай мерекенің аталып өтілгенін білді? (Астананың 10 жылдығы)
Астананың 10 жылдығы қай жылы тойланып, аталып өтілген? (2008 жылы 6 шілде)
Астанаға кімдер қонаққа келіп тұрады? (әлемнің көптеген елдерінің президенттері, мәртебелі қонақтар)
Керемет өзгеріп кеткен қандай қала? (Астана)
ЮНЕСКО Астанаға қандай атақ берген? («Әлем қаласы»)
Қазақстан – мына өздерің сияқты жас балалар ертең ержетіп, Астананы бұдан да әсем етіп көркейте беретін болады деген кімнің сөзі (мұғалім)
Зеректің таңырқап айтқандағы сөзі. (біздің Астанамыз неткен көркем!)
Қазақстанның жері қандай? (өте үлкен)
ҚР - мен танысып шығу үшін не ілінген? (Қазақстанның картасы ілінген)
Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан қай жылы орын алды?\
Жер планетасындағы ең үлкен құрлық? (Еуразия)
Дарын картаны көріп не деді? (мына картаға неше түрлі суреттер салынған ғой)
Ол суретте еліміздің несін көрсетеді? (ол суретте еліміздің байлықтарын көрсетеді)
Қазақстан күміс, хромит, қорғасын өндіруден нешінші орында?(І орында)
Мұнай, көмір, мыс, фосфат өндіруден ше? (ІІ орын)
Алтын өндіруден нешінші орында? (ІІІ орында)
Мұғалім сөзін қалай аяқтады? (Республикамыз әлемдегі ірі мұнай өндіруші мемлекеттердің қатарына кіреді,- деді)
Дарын қандай ойын ойнайық деп ұсыныс тастады? (Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы)
Картада суреттер арқылы нелер көрсетілген? (газ, мұнай, ғарыш айлағы, мал, егін шаруашылығы, көмір, алтын, болат өндіретін кен орындары, Президент ғимараты, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі)
Жылқы сүтінің қандай пайдасы бар?(әрі сусын, әрі ем)

ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Бердібек Соқпақбаевтың Сен ұйықтап жатқанда мәтіні
Сұрақ - жауап
Балалар, біз ұйқыға кеткен уақытта қалай ойлайсыңдар, қандай мамандық иелері түнде жұмыс істеуі мүмкін? (оқушылардың жауабы тыңдалады)
Ендеше, бүгін Бердібек Соқпақбаевтың Сен ұйықтап жатқанда мәтінімен танысамыз.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қостөбе ауылында дүниеге келген.
Өзіміз білетін «Менің атым Қожа», «Әжесінің әліппесі» атты шығармалары бар.

1. Тірек сөздер
Трамвай, вагон, троллейбус, автобус, баспахана, Балдырған, байланыс, дәрігер, пошташы, адамдар (10 сөзге – 45 секунд уақыт беріледі, сол уақытта жатқа жазады)

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінмен танысу. ( 8 минут)
2. Қарама - қарсы сұрақтар:
1. Сағат түнгі неше болды? (12)
2. Жұрт аяғы басылды ма? (басылды)
3. Көшеде ең соңғы болып не өтіп барады? (трамвай)
4. Күндізгі қаптап жүрген автобус, троллейбустардың дем алатын орны? (арнаулы тұрақ)
5. Мұнда түні бойы кімдер қызмет етеді? (адамдар)
6. Олардың жұмысы неде? (машиналарды таңертеңгі сапарға әзірлейді, жуады, тазалайды)
7. Таңертеңгі автобус, трамвай, троллейбустардың жағдайы? (жарқырап шығады)
8. «Жедел жәрдем» машинасы қайдан шығып келеді? (қақпадан)
9. Ол қайда бұрылып ала жөнелді? (жоғары қарай)
10. Аяқ астынан не болған деп ойлайсың? (әлдебіреу ауруға шалдығып қалған болар)
11. «Жедел жәрдем» аяқ астынан ауырып қалған адамды қайда жеткізеді? (емханаға)
12. Адамға көмекке келетін кімдер? (кезекші дәрігерлер)
13. Қалада «Жедел жәрдем» стансасы нешеу? (бірнеше)
14. Сарғыш дуалдың ар жағында не бар? (баспахана)
15. «Балдырған» журналы, газет, кітаптар қай жерде басылып шығарылады? (баспаханадан)
16. Ақшыл бояумен боялған терезенің ар жағында не жанып тұр?(шам)
17. Бөлмеден кімдерді, нелерді көруге болады? (зырлаған машиналар мен адамдарды)
18. Тоқтаусыз жүріп жатқан нені көруге болады? (еңбекті)
19. Жеті қараңғы түнде олар неге мұнша асығады деп ойлайсың? (газеттерді басып шығарады)
20. Күнде таңертең пошташы нені тасиды? ( газет - журналдарды)
21. Сол газеттерді қайда дайындайды екен? (осы баспаханада)
22. Басылған газет - журналдарды тағы қайда апарады? (қаладағы байланыс бөлімдеріне)
23. Байланыс бөлімдеріне немен жеткізеді? (машиналармен)
24. Хаттарды кімдер жеткізіп береді? (хат тасушылар)

3. Сын тұрғысынан сұрақтар:
1. Сағат түнгі 11 болды? ( жоқ, 12)
2. Жұрт аяғы көбейді? ( жоқ, басылды)
3. Көшеде ең соңғы болып автобус өтіп барады? ( жоқ, трамвай)
4. Күндізгі қаптап жүрген автобус, троллейбустардың дем алатын арнаулы тұрақ орны бар? (ия)
5. Мұнда түні бойы адамдар қызмет етеді? (ия, адамдар қызмет етеді)
6. Олардың жұмысы машиналарды таңертеңгі сапарға әзірлейді, жуады, тазалайды. (ия)
7. Таңертең автобус, трамвай, троллейбустар тап - таза болып жарқырап шығады (ия)
8. «Жедел жәрдем» машинасы қақпадан шығып келеді. (ия)
9. Ол төменге қарай зырлап жөнелді ( жоқ, жоғары қарай)
10. Аяқ астынан әлдебіреу ауруға шалдығып қалған болар деп ойлайсың? (ия)
11. «Жедел жәрдем» аяқ астынан ауырып қалған адамды автобус тұрағына жеткізеді ( жоқ, емханаға)
12. Адамға көмекке кезекші дәрігерлер келеді. (ия)
13. Қалада «Жедел жәрдем» стансасы біреу(жоқ, бірнеше)
14. Сарғыш дуалдың ар жағында баспахана бар ( ия, баспахана)
15. Машиналардың арнаулы тұрағында «Балдырған» журналы, газет, кітаптар басылып шығарылады. (жоқ, баспаханадан)
16. Ақшыл бояумен боялған терезенің ар жағында шам жанып тұр?( ия, шам)
17. Бөлмеден зырлаған машиналар мен адамдарды көруге болады? (ия)
18. Тоқтаусыз жүріп жатқан газет - журналдарды көруге болады? ( жоқ, еңбекті)
19. Жеті қараңғы түнде олар газеттерді басып шығарады (ия)
20. Күнде таңертең пошташы газет - журналдарды тасиды (ия)
21. Газеттерді емханада дайындайды екен? (жоқ, баспаханада )
22. Басылған газет - журналдарды қаладағы байланыс бөлімдеріне апарады? ( ия)
23. Байланыс бөлімдеріне газет - журналдарды «Жедел жәрдем» машинасымен жеткізеді ( жоқ, арнаулы машиналармен)

24. Хат тасушылар әр үйге газет - журналдарды жеткізіп береді.(ия)
4. Тақырыптық сөздік қор. ( 5 минут беріледі)
Матрицада белгілеу (+,-)
Журналға баға қою 4 - 5 белгі – 5ұпай
3 белгі - 4 ұпай
- 2 белгі - 3ұпай,- 1 белгі - 2ұпай.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Сәтбаев қаласы,
№16 жалпы орта білім беретін мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі Канафина Гулмира Ажыхановна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×