Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың негіздері

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қызметін ұйымдастырудың негіздері.

Қазіргі тез өзгеріп отырған әлемде білім беру саласындағы мектептің мақсат пен міндеттері заманға сай өзгеріп, түзетулерге жие ұшырауда. Бұрынғы мектептің басты мақсаты, ғылым негіздерін меңгерген, жан - жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу болатын болса, қазіргі таңда білім беруде белсенді, шығармашыл, адамзат мәселелерін шешуде өз үлесін қоса алатын тұлғаны тәрбиелеу басты назарда. Бүгінгі таңда қоғамға берілген жағдаяттардан шығудың амалын таба алатын, өзіндік шешім қабылдауға дайын адамдар қажет. Заманауи мектептің маңызды міндеттерінің бірі - әрбір балаға жол табу және оған көмектесу мәселесі болып тұр. Сол арқылы баланың жеке қабілетін дамыта отырып, оқушының тұлғалық қабілетін ашу. Бұдан аз уақыт бұрын барлық бала интеллектуалдық жағынан да, эмоционалдық жағынан да бірдей деп саналды. Тек оларды ойлауға, жанашырлыққа, логикалық тапсырмаларды үйретсе ғана болады деген ұғым қалыптасқан болатын. Бірақ заманауи мектеп тәжірибесі оқушылар арасында айырмашылық барын көрсетіп отыр. Оқушылар арасында құрбыларына қарағанда жоғары интеллекті, шығармашылыққа бейімді, классификациялау қабілеті бар, қорытынды шығарып, өзара байланысты таба білетін балалардың кездесетінін көріп отырмыз. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеп, әрқашан ізденісте болатын тұлғалар.

Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, алған ақпаратты тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.
Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады. Зерттеу ісі қазіргі кезде ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай - ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», « бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», - деген ой - тұжырымы растайды. Биік танымдық қабілет, тұрмыс - тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен.

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының “ басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.
Осы жағдайда оқушының зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыруға және баланың өзін - өзін дамыту мен өзін - өзіжетілдіруге мүмкіндік беретін қажетті талаптарға тоқтала кетсек.
Мақсаттылық және жүйелілік. Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту жұмысы сабақта және сабақтан тыс уақытта да жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Мұғалім жаңа тақырыптарды меңгеруде оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталған материалдарды қолдануы тиіс.

Уәжділік. Оқушыларға өзінің шығармашылық зерттеушілік жұмысының мағынасын көріп, соның арқасында өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жетілдіру мүмкіндіктерін түсінуге жағдай жасалуы тиіс.
Шығармашылық орта. Мұғалім оқушылардың зерттеушілік жұмысқа деген қызығушылықтарын қолдай отырып, сабақта, сабақтан тыс уақытта шығармашылық атмосферасын жасауы тиіс.
Психологиялық жайлылық. Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – оқушының шығармашылық қабілетінің ашылуын, ізденісін мадақтап отыру. Олар қателік жасап қоямын деп қорықпауы керек, теріс бағалаудан аулақ болған жөн. Ұстаздың мақсаты - оқушының шығармашылық шабытын баспай, қайта оған қолдау көрсету. «Сен дұрыс істемедің», «Бұны олай істемеу керек» деген сөздер баланың алға жылжуына кедергі болады. Әр оқушыға өз күшіне, өзіне сенуіне мүмкіндік берілуі қажет.

Ұстаз тұлғасы. Шығармашылық қабілеттерді, соның ішінде зерттеушілікті дамытуға шығармашылықпен жұмыс жасайтын, зерттеушілік жұмыстың негіздерін меңгерген, шығармашылыққа жағдай туғыза алатын ұстаз болуы керек.

Жас ерекшеліктерді ескеру. Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыста олардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. Зерттеушілік дағдыларға баулу балаға түсінікті деңгейде жүргізіліп, зерттеу жұмысы баланың жас ерекшелігіне сәйкес, қызықты және пайдалы болуы тиіс.
Зерттеушілік қызметті ұйымдастыруда оқушыларға қажетті дағдыларды төрт блокқа бөлуге болады.
• Өз жұмысын ұйымдастыра білу дағдысы ( жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмысты жоспарлай білу)
• Зерттеушілік дағдысы мен білімі болу (зерттеу тақырыбын таңдау, өз қызметін құруда мақсатты анықтай алу, зерттеудің құрылымын жасау, зерттеу әдістерін білу, ақпарат іздеу)
• Жинаған ақпаратпен жұмыс жасай алу (ақпарат түрлері, ақпарат көздері, маңыздыны анықтай алу, кіріспе, қортынды жасай білу)
• Өз жұмысының нәтижесін көрсете алу (нәтижелерді көрсету формаларын білу, баяндама жасауға, баяндамашыға қойылатын талаптарды білу)
Осы дағдыларды қалыптастыру үшін бастауыш сыныптың алғашқы
күндерінен бастап – ақ сабақтарда жалпылогикалық дағдыларды қажет ететін (сараптау, синтиздеу, классификациялау, салыстыру, қорытынды шығаруға арналған) тапсырмалар кіріктіру. Мұндай тапсырмаларды математика, сауат ашу, қазақ тілі, әдебиет оқу, дүниетану сабақтарында қолдануға болады.
Зерттеушілік қызметті ұйымдастыра отырып, оқушылардың
жұмысының нәтижелерін мына формаларда көрсетуге болады:
• Конференцияларда, оқушылар өз жұмыстары туралы қысқаша баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап беру;
• Презентациялар түрінде көрсету;
• Өз сыныптастарының алдында жұмыстарының нәтижелерімен таныстыру.
Осындай формадағы жұмыс барысында оқушылар өздерін мұғалімнің ролінде болып, оқушы уәжі көтеріледі.
Оқушылардың зерттеушілік жұмысының нәтижесі бағаланбайды. Оқушылардың зерттеушілік қызметінің бағаланбау себебін мына жағдайларға байланысты екенін айтып кетуге болады. Олар:
• оқушылар өздерін табысты екенін сезінуі тиіс;
• оқушылар зерттеу жұмыстарын өткізуді үйреніп қана жатқандықтан, олардың кез - келген жетістіктері алға басқанын көрсетеді;
• зерттеу жұмысы – оқушының жаңа білім алуға, өз дүниетанымын кеңейтуге немесе басқа да мақсатқа жетуге деген тілегінен туған әрекет. Сондықтан оқушы өзі ғана өз еңбегінің жемісін көріп, бағалап, сезіне алады.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру ізденіс пен жағдаятты шешуге бағытталған ой қызметін арттырады. Зерттеушілік қызмет педагогтан жоғары деңгейдегі білімді, жан - жақты проблеманың шешуін табу үшін терең ой қызметін қажет етеді.
Зерттеушілік жұмыс оқушының қандай да бір немесе бірнеше пәнге деген қабілетін ашып, баланың өзіндік ашылуына, өзінің тұлға ретінде іске асуының алғашқы қадам жасауына мүмкіндік береді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту.

Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту.

Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты - ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім...
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын...
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің...
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, ММ "Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының" мониторинг бойынша әдіскері Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дай ...

12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дай ...

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті №170...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×