Сайтқа кіру Тіркелу

Көрші атам. Сәлем бере білейік

Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің
үшінші (базалық) деңгей бойынша сертификатталған,
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Халел Рита Есенгелдіқызы

Сабақтың атауы: Көрші атам. Сәлем бере білейік.
Мақсаты: а) Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықтау
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту.
б) Үлкен кісіні сыйлауға, әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс амандасуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: оқулық, суреттер, слайд, таратпа материалдар.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ - жауап

Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

Қызығушылықты ояту I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін, ынта
жігерлерін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау. "Қызыл сызық" стратегиясын пайдалану. Балаларға өткен сабақ бойынша сұрақтар беріліп жауап алынады. Топқа тапсырмалар беріледі.(Сөздерге сөзсазындық талдау жасату)

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:- Балалар, осы нағашы ата деген кім?- Дұрыс мамамыздың әкесі.- Кім өз нағашы атасы туралы айтып береді?

IV. Мақсат қою кезеңі:- Балалар, біз үлкен аталармен амандасқан кезде ұлдар не деп амандасамыз?.- Балалар, осы Сөз атасы – сәлем деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?- Үлкен апалармен амандасқанда қалай амандасамыз?- Көрші аталарыңмен, апаларыңмен қалай амандасасыңдар?

Мағынаны тану Бүгінгі өтетін жаңа тақырыпта «Көрші атам»деп аталады. Авторлар туралы қысқаша айтылады.
Күнде үйінің қасынан
Көрші атамды көремін
Жүгіріп кеп асыға
Оған сәлем беремін
Қолымды ол күліп кеп,
Иіліп тұрып алады
- Міне нағыз жігіт!- деп,
Сүйсініп бір алады
(Көрініс ретінде)
Сәлем бере білейік
- Ассалаумағалайкум!-«Алланың нұры жаусын!»
- Уағалайкумассалам!- «Өзіңізге де соны тілеймін!»
Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?
М. Жаманбалиев
Балалар біз бірнеше қазақтың ұлттық ойын түрлерін білеміз. Кәне еске түсіріп көрейік. Бұл ойындар жылдың қай мезгілінде ойналады? Ал қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? Біз бүгін сол ойындарды ойнаймыз. Әр ойынның бізге әкелген тапсырмасы бар.

1 - тапсырма:"Аққала соғу" "Құндылықтар спектрі"(Тақтаға керілген жіпке берілген тапсырманы орындау)
Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.

2 - тапсырма:"Коньки тебу"
55 - жаттығу. (ауызша)
"Сәлемі түзудің өзі түзу"

3 - тапсырма:"Шаңғы тебу"56 - жаттығу
Сәлем беру де - парыз,
Сәлем алу да - парыз.

4 - тапсырма: Топпен жұмыс. Ұ, ү дыбыстарына берілген сөздерге сөзсазындық және дыбыстық талдау жасау.
"Бір күн танысқа мың күн сәлем."

Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Ой толғаныс
Ал енді бір - бірімізбен амандасып көрейікші. Сыныптастармен.
"Ыстық орындық" Орындыққа отырған оқушыларға жаңа сабаққа байланысты сұрақтар беріледі.
Бүгінгі сабақта нені үйрендік?

Үйге тапсырма
Бағалау
Кері байланыс

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×