Сайтқа кіру Тіркелу

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті

Тақырыбы: Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Мақсаты: Көбейту, бөлу амалдары туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіру. Соның ішінде көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне тоқталу. Амалдардың бір - бірімен байланысын байқату.
Ұйымшылдыққа, белсенділікке, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.
Көрнекілігі: ноутбук, құстардың суреттері, кеспе қағаздар, сызбалар, геометриялық фигуралар.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау, жаттығу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Амандасу, түгендеу
ә) Сабаққа даярлығын қадағалау.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Тілейміз көктем шуағын,
Тілейміз жаздың ұзағын.
Тілейміз күздің жемісін
Тілейміз қыстың қарлысын.
- Тілегіміз не туралы болды? - жыл мезгілдері
- Қазір жылдың қай мезгілі? - көктем
- Көктемде қандай ерекшеліктер болады? - қар ериді, күн жылынады, құстар келеді, көк шығады, т. б.
- Ал балалар, бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі – қонақтар келіп отыр, сіздердің математикалық білімдеріңізді бақылауға және құстар келіпті тапсырмаларымен.
- Әуелі өткен сабақты еске түсіріп жіберейік.
ІІІ. Ой қозғау. (топпен жұмыс)
а) Топтастыру стратегиясы
ә) Венн диаграмма
көбейту бөлу
ІҮ. Жаңа сабақты хабарлау.
А) Кестемен жұмыс. – Кестеде неше баған бар? - 5 баған
- Неше қатар бар? - 3 қатар
- Барлығы қанша ұяшық бар? 5 ∙ 3 = 15 (ұяшық)
3 ∙ 5 = 15
Ә) Текшелермен жұмыс. – Неше қатар орналасқан? - 4 қатар
- Неше баған? - 5 баған
- Барлығы қанша текше? 4 ∙ 5 = 5 ∙ 4 = 20 (текше)
Ереже: (хормен) Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді.
Ү. Тақырыпты меңгерту.
- Құстардың тапсырмаларын орындайтын кез келді. Әрбір тапсырмаға буын беріліп отырады. Яғни, «Әй, жа - рай - сың!» сөзі шығу керек! (құстарға қысқаша тоқталу)
«Әй,» - Аққуды халық қасиетті құс санайды. Оны ауламайды, етін жемейді. Аққу – айрықша таза, кербез, сұңқылдаған сұлу үнді құс.
№2. (топпен жұмыс)
«жа -» - Тоқылдақтың тұмсығы өткір, мықты болады. Ағашты тесіп, құртарды теріп жейді. Ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды.
№4. (тақтамен жұмыс, әрбір топтан бір оқушы шығады) Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыру, кері есеп құрастыру.
Сергіту сәті
«Картоп өсіру, жинау»
«- рай -» - Бүркіт – көк күмбезінде қалықтап ұшқан қыран құс.
Бүркіттің тұмсығы өте мықты. Ол өзінің тұмсығымен ұстаған аң - құстардың етін жұлып жейді.
№5. Тексеру керек – 32 және 27 дәптер
Тексеретін қалды – 30 дәптер
Тексеріп қойды -? дәптер
Ш: (32 + 27) – 30 = 59 – 30 = 29
(32 – 30) + 27 = 29
32 - (30 – 27) = 29 Жауабы: 29 дәптер тексеріп қойды.
«- сың!» - Қарлығаш — қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр. Олардың үлкендігі торғайдай және адам мекеніне жақын жүреді.
№6. (Геометриялық фигуралармен жұмыс) Төртбұрыштардың периметрін есептеу.
ҮІ. Бекіту.
- Құстар туралы халық болжамдарын білгілеріңіз келе ме? Олай болса мына берілген тапсырмаларды орындап тастайық.
а) «Кім шапшаң?» №3 (жеке жұмыс)
ә) Сәйкестендіру тесті (топтық жұмыс)
ҮІІ. Қорытынды.
А) Үйге тапсырма. №7 186 - бет
Ә) Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Санды 5-ке көбейту кестесі

Санды 5-ке көбейту кестесі

Есепті қатесіз дұрыс шығаруға үйрету. Ой - өрісін, өзіндік жұмыс істей білу қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенділікке, өздерін емін -...
Көбейтудің және бөлудің комоненттері

Көбейтудің және бөлудің комоненттері

Сабақтың мақсаты: А) Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Ә) Білімділігі: Оқушыларды көбейту және бөлу...
Арифметикалық амалдардың қасиеттері

Арифметикалық амалдардың қасиеттері

Мақсаты: 1. Көбейтудің ауыстырымдылық, және терімділік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту 2. Шапшаң ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту...
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№ 22 ЖОББ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Асель Толеухановна...
Көбейтудің үлестірімділік заңын пайдалану жолдары

Көбейтудің үлестірімділік заңын пайдалану жолдары

Қарағанды қаласы №6 жалпы білім беретін орта мектебі Мұғалім: Ахметова Гульмира Махметовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×