Сайтқа кіру Тіркелу

С.Сейфуллин. Ақсақ киік

Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин. Ақсақ киік.
Сабақтың мақсаты: Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа деректер ашуға жағдай туғызу, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу, автор шеберлігін тануына көмектесу, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Ақын жайлы жаңа деректер алады, өлеңнің тақырыбы мен идеясын түсінеді, автор шеберлігін түсіне отырып, өлеңді теориялық жағынан талдай біледі.

Сабақтың бөлімі Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Білу
Психологиялық дайындық.
Мұғалім:- Әрбір адам? -
- Әрбір сабақ?
- Әрбір ісің?
- Әрбір сөзің?

- Балалар, біз қай бөліммен оқып танысудамыз?
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ. Оқушылар хормен айтады.
- Туысым, досым, жұрағат.
- Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Тірлік, тірек, адамдық. - Шындық, бірлік, адалдық.
«Табиғат - менің өз үйім».

Топқа бөліну
Табиғатқа байланысты«Ауа», «Су», «Жер»топтарына бөлу.
Ауа - дем алу үшін, су - ішу үшін, жер – онда өмір сүру үшін. Оқушылардың өз аттарын қорғауы

Әр топ өздерін қорғайды.
І топ: Ауаны тазартудың ең тиімді жолы – көгалдандыру. ІІ топ: Сусыз жер – нусыз жер.
ІІІ топ: Жері байдың - елі бай.

Үй тапсырмасы.
Галерея әдісі арқылы суреттерін ілдіріп, барлығына көрсету.
1) Көкшенің деп басталатын жерден бастап мәнерлеп айтқызу.
Үй тапсырмасын айтады.

«Галерея шарлау» әдісі
Түсіну Еліміздің табиғаты қандай керемет! Елімізде мекендейтін қандай аңдарды білесіндер?

- Енді, осы киік жайлы не білеміз? (киік суреті)
Жаңа сабақ

Демек, бүгін біз С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз.
1. С. Сейфуллин туралы мәлімет беру. (Үш бәйтерек суреті)
- Өзім киік туралы слайдтан тың деректер беремін.

2. Видеодан өлеңді тыңдату
3. Оқыту:
- Тізбектеп оқыту;
- Теріп оқыту және әр шумаққа ат қойдырту.
4. Сөздік жұмысын жүргізу. (сөздік тақтада тұрады)

Дәптермен жұмыс
Күнді, тақырыпты, тыйым сөздерді көшіру..
1. Малды теппе.
2. Құстың ұясын бұзба
Малды, ыдысты, тамақты теппе
Қолдану Топтық жұмыс
./І топ/
«Аңшы» туралы өз ойларын айту. Киікті атқан адамға деген көз қарасыңды білдіру
/ІІ топ/
Киікті сипаттаған жерді тауып оқып, жалғастырып жазып көріңдер.
/ІІІ топ/
Таулы, орманды, жазық, шөлді жерді мекен ететін жануарларды жазу

Сергіту сәті
«Жез киік» әніне билету.

Талдау Сурет бойынша жұмыс
- суретте не бейнеленген?
- суреттегі киіктің хәлі туралы не айтасың?
- сурет сенде қандай көңіл - күйді туғызды?
Жинақтау - Киіктің сұлулығы, оқ тиген киіктің халін ақын қалай бейнелеген?

Бағалау Киікті атқан адамға қандай баға берер едіңдер?
«Мен табиғат қорғаушысымын!» эссе жазу
Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқу, қазақ халқының табиғатты қорғау туралы тыйым сөздерін жинастыру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×