Сайтқа кіру Тіркелу

Бос уақытты тиімді пайдалану

Жоба қорғаушы: Серік Гүлназ 4 - сынып оқушысы
Жетекшісі: Избасарова Дамира Нариманқызы

Ғылыми жоба
Тақырыбы: Бос уақытты тиімді пайдалану

Ғылыми жоба қорғаушы Серік Гүлназ
жөнінде жетекшісі Избасарова Д. Н. пікірі:
Серік Гүлназ бұл ғылыми жобаны жазумен 5 айдан бері еңбектеніп келеді. Жобаны жазу үшін менен ақыл кеңес сұрап, екеуміз ақылдаса отырып жобаның тақырыбына сай жоспар құрдық. Сол жоспар бойынша әр түрлі ақпарат көздері арқылы іздене бастады. Қала кітапханаларына барып тақырыбына сай әдебиеттерді оқып, өзіне қажет дегендерін қойын дәптеріне түртіп алып жүрді. Интернет желілерінен де, баспасөз материалдарынан да өзіне қажет материалдарды қарастырып жобаны жазу барысында тиімді пайдалана білді. Өзі бос уақытында барып жүрген тәрбие орталығының жұмысын зерттеудің жобаның тақырыбын аша түсетінін бірден аңғарды. Сол себепті өзі қатысатын үйірмелерден кейін өзге үйірмелердің жұмысына да қызығушылық танытып, қандай үйірмелерден не нәрсе үйренуге болатындығын анықтады. Күнделікті өзі жанынан өтіп кетіп жүрген үйірмелерге деген қызығушылығы оянды. Келесі жылы уақыт тауып тағы 1, 2 үйірмеге жазылсам деп ойлап жүр. Мен бұл ойының жүзеге асатынына сенімдімін. Себебі, Гүлназ табанды, еңбекқор, Қай істі бастаса да аяғына дейін жеткізеді.

Біздің мектебімізге жақын орналасқан тағы бір бос уақытты пайдалы өткізу ошағы №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Гүлназ бұл мектептің жұмысымен де танысты. Мектеп қандай бағыттарда жұмыс жасайтындығын анықтады. Бұл мектептерден бірнеше дүркін Қазақстан, Азия, Әлем чемпиондары тәрбиеленіп шыққандығы және тәрбиеленуде екеніне көз жеткізді. Жобаны жазу барысында алған мәліметтері мен деректері арқылы балалардың қызығушылығын арттырып бос уақытты тиімді пайдалану үшін осындай тәрбие орталықтары мен спорт мектептеріне балаларды көбірек тартуды мақсат етеді. Мен Гүлназдың мақсатына жететініне сенімдімін.

Мазмұны:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
2. 1. Уақыт адамзатпен санаспайды, уақытпен санасқан адаспайды.
2. 2. Уақытыңызды қадірлей алып жүрсіз бе?(сұхбат)
2. 3. Әр адам бос уақытты пайдалы өткізу үшін немен айналысу қажет?
2. 4. Бос уақытты пайдалы өткізу үшін қызмет ететін орталықтар.
2. 5. Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Аңдатпа:
Жобаның мақсаты: Адамның сабақ пен жұмыстан басқа өзіне ғана тиесілі уақытын тиімді өткізудің жолдары мен оған қызмет ететін орталықтардың жұмысын зерттеу.
Жобаның міндеті: Оқушылардың, менің достарымның бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал етіп, жанына жақын ермек істі таңдай білуге шақыру.
Зерттеудің болжамы: Бос уақытта пайдалы іспен айналысу балалардың жеке қабілетінің ашылуы мен шыңдалуына жағдай жасайды.
Зерттеудің әдістері: Сұхбаттасу, бақылау, іс - тәжірибеде қолдану.
Іс - тәжірибеде пайдаланылу аясы: Әркім өзінің қызығушылығы мен қабілетіне қарай үйірмелерге барып, ермек істермен шұғылданып өмірде пайдаланады.

1. Кіріспе:
Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез - келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. Өйткені олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатындықтарын жақсы біледі.

Тіпті метролары мен көлік аялдамаларында тұрсаңыз, жүру мезгілдерінің
«16. 03»; «12. 01.»; «17. 08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендіктерін
байқап таңғаласыз. Көліктері де сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Біздегі сағат сұрағанда«Жетіден он минут кетті»десең, «Е, жеті жарым деші» дей салатын уақытқа деген тым ысырапшыл түсінік оларда жоқ. Батысқа барып, олардың әрбір минутпен санаса отырып, жұмыстарын реттейтіндігіне таңғалған азиялық жігітке бірде сол жақтың адамы «Оның несіне таңырқайсың? Бұл біздің сендерден үйренген құндылығымыз емес пе? Сендер минутына дейін санап күнделікті бес уақыт
намаздарыңды оқисыңдар, ауыз бекітіп, ауыз ашар кездеріңде де уақыт бір минутқа кірмесе соны күтесіңдер ғой, бар болғаны, біз бұған енді ғана қол жеткіздік» деп ой салған екен.

Байқасақ, «Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық» деп әр кезінде ислам ғұламалары осыншалықты көңіл бөлген уақыт мәселесіне біз бүгін өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көбейген. Соның бірі теледидар деуге болады. Жасыратын жоқ, бүгінгі күні көк сандығы жоқ үйді елестету қиын. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді. Орташа есеппен күніге 3 сағат теледидар тамашалайтын адамның жылдық осыған жұмсалатын уақты 1095 сағатты құрайды екен. Бұл дегеніңіз күндіз - түні 45 күн деген сөз. Яғни тоқтамай көрген 45 түн мен 45 күнге тең. Есіл уақыт! Ал теледидарға босқа кеткен осы 1095 сағат ішінде қандай істер бітіруге болады, соны бір көрейік. Бұл уақыт оқушының бір жылғы орташа оқу жылынан да асық. Яғни 1 жыл оқымай қалдыңыз деген сөз. 1095 сағат ішінде шет тілін өте жақсы меңгеруге болады. Яғни теледидардың кесірінен біз бір шет тілін үйрене алмай қалудамыз. Ал кітап оқығыңыз келсе, өте баяу оқитын адамның өзі осыншама уақытта 25 мың беттік кітапты оқып тауысады екен. Бұны осылай көбейте беруге болады. Міне, теледидар көрудің адамды қаншама игілікті істерден құр қалдыратынын осыдан - ақ байқауға болады.

Уақыттың тағы бір жауы, жоғарыда да тоқталып өткеніміздей, ол – ұйқы. «Көп білмек болсаң, аз ұйықта», «Түнгі ұйқысын түгел ұйықтаған адам мақсатына жете алмайды» деген халық даналығының астарын түнгі уақыттарын шығармашылыққа арнаған, ұйқымен өткен уақыттарын өлдіге балап өкініш білдірген Мұқағали ағамыздың мына бір ғибратты өлеңінен аңғарғандаймыз:
Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,
(Ұйықтасын сапарларын тәмамдаған).
Алдымда сапар жолы тарам - тарам,
Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам.
Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,
Ұйқы тең шала - жансар өлімменен.
Рас, уақыттың бұдан да басқа жаулары өте көп. Көп сөз, көп қыдыру да солардың қатарында. Біле білгенге уақыт ол – мүмкіндік. Адам мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық.

Адам баласына берілген баға жетпес құндылықтың бірі - уақыт. Уақыт – адамға берілген нағыз сый. Бос уақыт жоқ, босқа өткен уақыт бар. Уақыт - адам баласының азына ие болып, көбіне мұқтаж болған нәрсесі. Барлығында жиырма төрт сағат бар. Бірақ баршасы бұны ұтымды қолданбайды. Уақыт қордаланып жиналмайды, кері қайтарылмайды. Қарызға алуға және беруге болмайды. Сыйға тартылмайды. Мирас ретінде қалдырылмайды. Уақыт деген – біздің өміріміз.
Кейбір адамдардың «уақытымды қайтіп өткізерімді білмеймін» деуі аса қауіпті жағдай. Өйткені зерттеушілердің айтуынша, әсіресе жастар арасында түрлі бұзақы топтарға қосылу, нашар қылықтарға үйірсектеу, секталарға бару, қылмыс жасау, моральдық азғындықтарға салыну не істерін білмей бос жүрген кездерде кездеседі екен. Ұзақ мерзімді жазғы демалыс кездерінде жастарға үлкендер тарапынан қадағалау күшейтілмесе, айтарлықтай зардап әкелуі мүмкін екенін де ескерген жөн. Осы себепті адам бос отырудан сақтанғаны дұрыс. Қолы қалт еткен кездерін кітап оқып білімін арттыруға, ата - анасын, туыстарын сыйлауға, жетім - жесір, кедей - кембағалдарға көмектесуге, жақсылық жасауға, мамандығын жақсы игеруге, араз адамдардың арасын татуластыруға, т. б. мәнді әрі пайдалы істерге жұмсауға дағдыланған дұрыс. Өйткені, өмір шектеулі, уақыт қысқа.

2. Негізгі бөлім:
2.- 1. Уақыт адамзатпен санаспайды, уақытпен санасқан адаспайды.
Ұлы ғұламалар уақыт мәселесіне қалай қараған?
Иә, үлкен жетістіктерге жеткен ұлы кісілердің барлығы да уақыттың қадірін біліп, оны өте тиімді пайдалана білгендер. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма - жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» деп кейісе керек.
«Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын еш толтыра алмайсың» деген Гете де уақыт мәселесіне бей - жай қарамаған.
«Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп Абай атамыз да айтып кеткен.
«Кітабына үңілген бала, егінін егумен айналысқан егінші, қолы істегі тігінші, асүйде тамақ пісірген әйел жамандық ойлауға уақыт таппайды» деп Ахмет Яссауи бабамыз айтқандай, жұмысы көп адамның жамандық ойлауға да мұршасы келмейді.
Медицина саласында өте мықты еңбектер қалдырған, қан айналымын тұңғыш рет ойлап тапқан ғалым Ибну - Нәфс жазу кезінде қолындағы қаламның сиясы бітіп қалғанда, оны ашып уақыт шығындамау үшін қасына бірнеше қалам қойып қойып, солардың кез - келгенімен жалғастыра беретін. Сөйтіп уақытты үнемдейді екен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Уақыт туралы ұлағатты сөздер

Уақыт туралы ұлағатты сөздер

Ең қиын үш нәрсе: Сыр сақтау, қорлықтарды ұмыту және уақытты дұрыс пайдалану. Саади Ширази Арзан әңгімеге құмар адам, қымбат уақытын жоғалтады....
Табысыңызды 20 пайызға өсіргіңіз келеді ме?

Табысыңызды 20 пайызға өсіргіңіз келеді ме?

Сіз өз табысыңызды үш айда 20 пайызға өсіргіңіз келеді ме? Онда мына төмендегі мақаланы оқып, сол жердегі қарапайым қағидаларды сақтасаңыз болғаны....
Шынықсаң шымыр боласың

Шынықсаң шымыр боласың

5Т/А. 5 Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру...
Уақыт бірлігі. Сағат. Минут

Уақыт бірлігі. Сағат. Минут

Мақсаты: Уақыт өлшем бірліктері - сағат және минутпен, олардың өзара қатынасымен таныстыру. Уақыт туралы түсінік қалыптастыра отырып, ғылыми...
Уақыт және оның өлшем бірліктері

Уақыт және оның өлшем бірліктері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Прназарова Альфия Асқарқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×