Сайтқа кіру Тіркелу

4 - ке бөлу және көбейтуді пысықтау

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы
Төлеңгіт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Каликина Үміт Қадірқызы

Математика.
Сабақтың тақырыбы: 4 - ке бөлу және көбейтуді пысықтау.
Мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың 4 - ке бөлу және көбейту кестесінен алған білімдерін бір жүйеге келтіріп тиянақтау;
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттырып, қызығушылығын ояту;
Тәрбиелігі: оқушыларды шапшаңдылыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: білімді тиянақтау.
Сабақтың түрі: қайталау ойын сабақ.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: «Шалқан» ертегісі, тірек сызба, фигуралар, карточкалар. киіз үй.

Сабақ барысы:
1. Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда жан - жағым.
- Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру. 4 - тің кестесін жатқа айту

3. Жаңа сабақ.

4. Кіріспе бөлім:
- Балар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, себебі «Шалқан» ертегісіне саяхатқа шығамыз.
- Кім осы ертегіні біледі?
Ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Атаңдаршы?
- Өте жақсы айттыңдар, енді тапсырмаларды орындайық, сөйтіп ертегіні еске түсірейік.

№1 Атаның тапсырмасы: Киіз үй құрастыру арқылы өрнекті салыстыру
6 х 4 * 7 х 4
4х9 * 9х4
12: 4 * 12: 3
32: 4 * 32+4
16: 4 * 16: 2
24: 4 * 24 - 4

№2 Әжейдің тапсырмасы: Гүл құрастыру ойыны
40 - қа дейінгі4 - ке бөлінетін барлық сандарды жазып шық
4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40.

№3 Қыздың тапсырмасы: Хат ойыны арқылы сөз есеп шығару
а) Асқардың 36 теңге ақшасы бар. Ол 9 теңгелік қарындаштың нешеуін сатып ала алады?
б ) 4 бөлмеде 24 шам жанып тұр. Әр бөлмеде неше шамнан бар?

Сергіту сәті:
Сылдыр, сылдыр, сырғалар,
Құлағымда ырғалар.
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ,
Саусақтарда сақина,
Бір, екі, үш, төрт, бес, алты,
Жеті, сегіз, тоғыз, он,
Орныңа тез қон.

№4 Күшіктің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс.
Қабырғалары 4 см шаршы сыз, оның периметрін тап.

№5 Мысықтың тапсырмасы: Саңырауқұлақтарды жинап, себетке салу арқылы өрнектің мәндерін ауызша есептеу.
2х4
12: 4
5х4
8х4
36: 4
16: 4
24: 4
7х4
28: 4
4х10

№6 Тышқанның тапсырмасы: Кім жүйрік?
12х2+36 - 18 - 2: 4
24: 4+32 - 12 - 6: 4

Сабақты қорыту.
Біз не үйрендік? Тірек сызба арқылы 4 санына байланысты сөздер жаз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×