Сайтқа кіру Тіркелу

Өсімдік - тірі организм

Тақырыбы: Өсімдік - тірі организм
Мақсаты:
а) Білімділік: Өсімдік тірі табиғат екенін дәлелдеу. Өсімдіктің мүшелері, олардың атқаратын қызметі, өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін кеңейту.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс істеп, қорытынды шығаруға
машықтандыру.
б) Тәрбиелік: Байқағыштыққа, бір – бірін құрметтеуге, қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, өсімдік суреттері.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық.
Күннің бетін бұлттан арылту. (1 слайд)
10 онд. = бірл. 1м = дм
7+х=13 2сағ = мин
7+а

ІІ. Өткен сабақты қайталау. (2 слайд)
- Балалар, біз кімбіз?
- Адамды қоршаған орта қалай аталады?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Өлі табиғатқа нелер жатады?
- Өсімдіктер неге тірі табиғатқа жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. «Ой толғаныс». Сөзжұмбақ шешу. (3 слайд)
1. Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін.
2. Жылт - жылт еткен,
Жылғадан өткен.
3. Қай аң тышқаннан қорқады?
4. Тышқан аулағышты бес
әріппен қалай атауға болады?
5. Оқушыға күнде еріп
Жүретін не....
6. Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
7. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.

- Ерекше жолдан қандай сөз шықты?
- Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдік - тірі организм» деп аталады.

2. Кіріспе сұрақтар.
- Қандай өсімдіктерді білесіңдер?
- Өсімдік жақсы өсу үшін қандай жағдайлар қажет?
- Ауа, су, жарық, қорек, жылу.

3. Оқулықпен жұмыс.
Әр топ мүшелері оқулықтағы мәтінді бөліктерге бөліп оқып, түсінгенін айтып береді. Мәтін бойынша пысықтау тапсырмалары.
1. Ағаштың мүшелерін ата.
2. Шөптектес өсімдіктің мүшелерін ата.
3. Өсімдік неліктен тірі екенін дәлелде.
4. Жапырақты ағаштарды ата.
5. Қылқан жапырақты ағаштарды ата.

4. Дәптермен жұмыс.
5. Ойын. «Өсімдіктерді топқа бөл»
6. Сергіту сәті.
ІҮ. Сабақты бекіту жұмыстары.
Саяхатқа шығу.
- Біз бүгінгі сабағымызда табиғат аясына саяхатқа шығамыз. Ол үшін бізге қандай заттар керек?
Құбылнама - бағытты дұрыс анықтау үшін керек.
Карта - қай жерде орман, өзен, көл т. б. барын анықтайды.
- Қандай көлік түрін таңдаймыз?
Көлікке отыру үшін мына тапсырманы орындайық.

1. Суб ТЕСТ (слайд)
1. Қызанақ, қарбыз, алма, сәбіз.
2. Қайың, бәйшешек, шырша, қарағай.
3. Өрік, алмұрт, банан, қияр.

2. Дала көрінісі. (слайд)
- Көзімізді жұмып жазғы даланы елестетейік, көз алдарыңа не елестеді?
- Далада өсіп тұрған гүлдерді, шөптерді көрдік.
- Енді осы өсімдіктердің аттарын атап шығайық.

3. Біз орманға келдік. Кірпінің тапсырмасын орындайық. (слайд)
Ағаштарды өз жапырағымен сәйкестендіру.
Қайың
Қарағай жапырақтардың
Емен суреті
Шырша
Үйеңкі

4. Өзен жағасына келдік. Биологиялық диктант. (слайд)
Біз... жағасына келдік. Онда түрлі... өсіп тұр. Жақын маңнан... даусы естіледі. Кенет аспанды... басты. Жарқ - жұрқ... ойнады. Сіркіреп... жауды.

Ү. Сабақты қорыту.
5. Сыныпқа келдік.
Ойын «Ағаштағы жапырақты жинау» (слайд)
Сұрақтар:
1. Бақшада қандай өсімдіктер өсіріледі?
2. Бақта қандай өсімдіктер өседі?
3. Жапырақты және қылқанжапырақты ағаштардың қандай айырмашылығы бар?
4. Жапырағын күзде түсіретін қылқанжапырақты ағашты ата
5. Қандай ағаштың жапырағы жүрекке ұқсайды?
6. Өсімдік қандай топырақта жақсы өседі?

6. Проблемалық сұрақтар тудыру.
- Орман неліктен өртенеді?
- Өрттің өсімдікке қандай зияны бар?
- Ауаның ластануы өсімдікке әсер ете ме?
- Лас судың табиғатқа әсері қандай?
- Табиғатты қалай қорғау керек?
- Неліктен біз өсімдіктерді қорғауымыз керек?

Қорытынды
Тыйым сөздер айту.
ҮІ. Үйге тапсырма: 34 - 36 беттерді оқу, ағаштың суретін салу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өсімдікке су және топырақ керек

Өсімдікке су және топырақ керек

Мақсаты: а) Оқушылардың өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру. Ә) Өсімдіктер туралы әңгімелей отырып, айналадағы дүниені танып...
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?

Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?

Мақсаты: а) Білімділігі: Жыл мезгіліндегі өсімдіктер өмірінде болатын өзгерістер жөнінде түсінік беру. Өсімдік мүшелерінің ішінде жапырақтың...
Тірі және өлі табиғат

Тірі және өлі табиғат

БҚО, Орал қаласы, №35 «Шұғыла» бөбекжайы МКҚК - ның тәрбиешісі Татпанова Жадыра Тұрарбекқызы...
Өсімдік - тірі организм

Өсімдік - тірі организм

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...
Өсімдіктердің тіршілігі туралы білімдерін бекіту

Өсімдіктердің тіршілігі туралы білімдерін бекіту

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×