Сайтқа кіру Тіркелу

Халқымның ұлттық өнері

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр селосы,
М. Әбдіхалықов атындағы мектеп – гимназиясының
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Даулетбаева Нағима Қожабайқызы

Тақырыбы: Халқымның ұлттық өнері (4 сынып)
Мақсаты: қазақ халқының қолөнері түрлерімен таныстыру, оқушылардың белсенділігін арттыру және қол еңбекке икемділігін, шеберлігін қалыптастыру, қазақ халқымыздың ұлттық қолөнерін қадірлеуге, көркемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, ұлттық киім киген ұл мен қыздың суреті салынған плакат, қолөнер бұйымдары
Әдісі: сайыс сабақ
Жүрісі:
Балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, шаттық шеңберін жасайық:
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық бүгін күн,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Орындарыңызға отыра қойыңыздар!
- Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Қазақтың ұлттық қолөнері. Тәрбие сағат сайыс түрінде болады. Ең бірінші топқа бөлініп алайық. (алдын ала жасалған жұмыс: төрт топқа парталарды бөліп қойып, үстіне топ аттары жазылған)
- Ол үшін менің қолымдағы карточканы суырып ала қойыңыздар, ол жердегі жазуды оқып қай партаға отыратыныңызды анықтап болсаңыз, отыра қойыңдар.
- Олай болса, топ аттарымен таныс болыңыздар:
1. Зергерлер
2. Шеберлер
3. Ұсталар
4. Тігіншілер

І. Кіріспе.
Мұғалім:
Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық, - дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән – мағынасымен, халқымыздың ғасыр талғамымен өткен асыл қазынасы.
Бабаларымыздан қалған асыл қазынамыздың бірі – ұлттық қолөнер. Ұлттық қолөнеріміздің өзі бірнеше түрге бөлінеді: киіз басу, тігін тігу, тоқыма өнері, зергерлік бұйымжасау, кілем тоқу, ер - тұрман жасау, ағаштан ойып бұйымдар жасау, кестелеп тігу, ұлттық киімдер дайындау, т. б.
Енді осы қолөнер түрлерін кімдер жасайды?
1) Ұлттық киімдер мен үйге қажетті бұйымдарды тігумен айналысатын адамдарды – ісмерлер немесе тігіншілер дейді. Еңбек құралдары: іс тігетін заттар: ине жіп, оймақ, қайшы, тігін машина т. б
2) Ер - тұрман, сауыт - сайман, темірді балқытып соғу арқылы бұйымдар жасайтын адамдар - ұсталар деп атала ды. Еңбек құралдары: төс, бұрғы, егеу, қашау.
3) Ағаштан ойып сандықтар, көне ыдыстар, қазақтың ұлттық аспаптарын жасайтын адамдарды – қолөнер шеберлері немесе ағаш шеберлері дейді. Еңбек құралдары: қашау, бұрғы, сүргі.
4) Қазақ халқының бағалы әшекей бұйымдарын жасаумен айналысатын адамдарды – зергерлер дейміз. Еңбек құралдары: төс, біз, қысқыш.
Тағы айта кетейін, осы аталған қолөнер шеберлерінің барлығы бір нәрсенеі пайдаланады – ою - өрнек. Ою – өрнек – латынның «ornament» - әшекейлеу, әсемдеу деген мағынасын білдіреді. Ертеде халқымыздың тұтынған бұйымдарының бәрі оюмен әшекейлеп безендірілген. Мысалы: сырмақ, текемет, тұскиіз, алаша, қоржын, сандық, бесік, домбыра, қобыз, зергерлік бұйымдар, матадан тігілген ұлттық киімдер кимешек, сәукеле, бешпет, камзол т. б
- Балалар, экранға назар аударыңыздар! Видео слайд қарау. Әр қолөнер шеберлерінің бұйымдарды жасап жатқан сәттерін көрсету.
Сайымыз 3 бөлімнен тұрады.
І. Сөзжұмбақ шешу
ІІ. Шығармашылық жұмыс
ІІІ. «Ғажайып қапшық»
Балалар, дұрыс жауап берген топқа мынадай ою таратып отырамын. Сайыс соңында оюды санап, жеңімпазды анықтайтын боламыз. Сайымызды бастайық.

І. Сөзжұмбақ шешу. (Әр топқа сөзжұмбақ сызылған парақтар тарату)
Сөзжұмбақты шешкенде, бүгінгі тақырыпқа байланысты сөз шығады.
Сұрақтары:
1. Ұлттық киім, бұйымдарды тігетін адамдар қалай аталады?
2. Қазақ қыздарының киемтін ұлттық бас киімі
3. Зат сақтауға арналған әжеміздің қазынасы
4. Қазақ батырларының киетін бас киім түрі
5. Аң терісінен жасалған ер адамның киімі
6. Жүн басу арқылы оюлап жасалған төсеніш түрі
7. Мата қалдықтарынан тігілетін бұйым аты
8. Теріден жасалған сусын құятын ескі ыдыс түрі
9. Ұста құралы
10. Бас киім атауы
11. Тоқылып жасалған зат салғыш бұйым
12. Әшекей бұйымдарды жасайтын адам
13. Ағашты ойып, түрлі бұйымдар жасайтын адамды ата

(Дұрыс шешкен топқа ою беремін.)
Өткенді еске алып, ойға толам
Сұрыптап тезге салып, көр ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям, - деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай қолөнер сайысына кезек берейік.

ІІ. Шығармашылық жұмыс
1. Зергерлер (әшекей бұйымдардың суретін салады)
2. Шеберлер (сандық суретін салып, өрнектейді)
3. Ұсталар (ермексазбен ою – өрнек салу)
4. Тігіншілер (матамен ою - өрнек қию)
Ән: «Қазақстан»

ІІІ. «Ғажайып қапшық»
Мақсаты: қолөнер шеберлерінің еңбек құралдары жайында білу, есте сақтауға үйрету
- Балалар, Зергерге қандай құралдар қажет?
1. Ине
2. Біз
3. Төс
4. Қысқыш
- Балалар, ағаш шеберіне қандай құралдар қажет?
1. Қашау
2. Бұрғы
3. Қайшы
4. Сүргі
- Балалар, ұста шеберіне қандай құралдар қажет?
1. Төс
2. Бұрғы
3. Егеу
4. Сүргі
- Балалар, тігіншілерге қандай құралдар қажет?
1. Ине
2. Оймақ
3. Қайшы
4. Балға
Әр дұрыс жауапқа ою таратылып отырады.
Балалар сайысымыз тәмамдалды. Оюларды санап жеңімпаз топты анықтайтын кез жетті.
Қорытынды бөлім. Әр топ өз түйгендері жайлы айтады.
Халқымыздың қолөнері түрлерімен таныстыңдар. Бүгінгі түйгендеріңізді өмірде пайдаланады деген үміттемін. Біз – қазақ жастары, ең бірінші қазақ болып туылғанымыз үшін мақтанайық, екінші ұлттық құндылықтарымызды бағалайық, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық өнерімізді дамытуға бар күшімізді салайық. Біз басқа ұлт өкілдерінен осы ою - өрнектеріміз арқылы, ұлттық өнеріміз арқылы ерекшеленеміз. Ендеше осы өнерімізді үйреніп алып, кейінгі жастарға да үйретіп, мақтан тұтып жүрейік.
Ашық тәрбие сағатымыз осымен өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×