Сайтқа кіру Тіркелу

Пішінмен жұмыс істейміз

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр селосы,
М. Әбдіхалықов атындағы мектеп – гимназиясының
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Даулетбаева Нағима Қожабайқызы

Тақырыбы: Пішінмен жұмыс істейміз. (Бейнелеу өнері 2 - класс)
Мақсаты: Оқушыларға гүл салуды, оны түрлендіріп өрнектеуді салдырып үйрету, симметрия туралы мәлімет беру, симметриялы гүлдерді салу туралы түсініктер бере отырып, түймедағы гүлінің әрқилы түрлерін өрнектеп, акварель бояулар арқылы қағаз бетіне бейнелеп үйрету.
ә) Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы ойлау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.
б) Әсемдікке, әдемілікке баули отырып, табиғаттың әсем сырларын түсінуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: көрнекілік, сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекіліктер мен қажетті құралдар: тақырыпқа сай слайдтар, альбом, қылқалам, түймедағы гүлінің әр түрлі суреттері.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасы
Мұғалім сөзі: Суретке назар аударайық. Сендер мынадай гүлдерді табиғатта кездестірген боларсыңдар. Бүгінгі үйренетініміз балалар, гүлді әшекейлеу болып табылады. Олай болса, іске сәт.
1 - слайд (гүлдер суреттері)
Мұғалім сөзі:
- Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыпты өттік?
Симметрия дегеніміз не? (балалардың жауабы)
Егер суреттегі бейнелердің әрқайсысын тең ортасынан бүктесек немесе бөлсек, онда бүктелген бөліктер екеуі де бір – бірімен дәл беттеседі. Бұларды симметриялы дейміз. Симметрияның көптеген мысалдарын тұрмыстағы заттардан көруге болады. Айналаңдағы заттарға қарап, ойша олардың әрқайсысын жоғарыдан төмен қарай тең екіге бөлетін сызық жүргіз. Бұл сызық симметрия осі деп аталады. Демек айналамыздағы барлық өсімдіктер, гүлдер, жан – жануарлар, тіпті адамдар да симметриялы болады.
Симметрияны дұрыстап еске түсіру үшін мына жұмбақты шешіп алайық, балалар.
2 - слайд
Кел, жұмбақ шешейік!
1. Гүлден гүлге қонады, ара емес
Ақ, сары боп бау - бақшаға сән береді. (көбелек)
2. Көктемде көктеп шығады
Күзде сарғайып түседі. (жапырақ)
(Бүгінгі айтылған заттардың суреттерін тақтаға іліп қою)
- Олай болса, жаңа сабақты бастамас бұрын кішкене көбелек туралы мәлімет берейін. Көбелектің түрлері өте көп. Ол гүл шырынымен қоректенеді. Гүл түбіндегі шырынды ұзын тұмсығымен сорады. Көбелек гүлдің иісін мұртшалары арқылы сезеді. Көбелек пайдалы гүлден гүлге ұшып жүріп, өсімдікті тозаңдандырады.
- Көбелек сендерге бір өтінішпен келіпті. Қонарға жер таппай ұшып – ұшып қанатым талды дейді. Ендеше көбелек қону үшін не керек?
- Гүл.
- Балалар, көбелекке көмектесеміз бе?
- Иә.

ІІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім сөзі: Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Пішінмен жұмыс істеу»
Анық айтсам пішін деп отырғаным гүл болмақ, сондапішінмен жұміс істеу, яғни гүлмен жұмыс істейміз. Ал балалар, бүгін гүлді әшекейлеуді үйретемін. Ол үшін суретші гүл шашақтарын, жапырағын, сабағын негізге ала отырып, әрі қарай өз қиялы бойынша толықтырады. Сен де сол суретші сияқты істеп көресің. Мысалы: қарапайым түймедағы гүлін алайық. Суретке назар аударайықшы, балалар. Бұл гүл сендерге таныс. оның жөңгелене біткен ортасы бар, айналасына ұзынша келген шашақ жапырақтар орналасқан. Ендеше, осы гүлді ерекше гүлге айналдырайық.
Балалар бүгінгі сабақта көбелекке көмектескендерің үшін сендерге ризашылығын білдіріп мынандай сиқырлы көбелектерді алып келіпті. сабаққа белсенді қатысқан оқушыға ғана беріп отырамын.

IV. Практикалық бөлім.
1. Алдымен ортаңғы бөлігін түрлендіреміз.
2. Шеңбер бойымен біркелкі етіп, дөңгелек немесе басқа өрнектер орналастыр.
3. Өрнектерді өз қалауыңша түрлендіруіңе болады.
4. Енді күлтешелеріне көшейік. Оларды да әр түрлі пішінде түрлендіруге болады.
Енді тақтада ілінген үлгі суреттер бойынша түймедағы гүлін салу. Оқушылардың өз шығармашылығы да рұқсат етіледі.

Сергіту сәті. «СӨЗ ҚУМА»
«Кім шапшаң, кім тапқыр?»
Кім жылдам табады,
АДАСЫП жүр әріптер
Бір - бірімен ӘРІПТЕР табу керек үйлесім
Быт - шыт болып шашылған,
Құрайды екен кім жылдам? – деп, қиылған суреттерді құрастырып, дұрысын табу керек.

V. Бағалау Оқушылар бір - бірін бағалау үшін сабаққа өлшемдер таңдап алады.
1. Альбомға гүлді дұрыс орналастыруы
2. Гүлге ұқсас болуы, өрнектерінің тепе - теңдікте болуын қадағалауы
3. Түстердің сәтті таңдалуы
4. Суреттің әдемі, таза орындалуы.
(Өлшемдерге сай болса+, сай болмаса - қою)
«4+»-«бес»
«3+»-«төрт»
«2+»-«үш» деген бағалармен бағалау ұсынылады.

IV. Қорытындылау (Сабақ сұрақ жауап ретінде қорытындыланады. Сабақ соңында оқушыларды «Сиқырлы гүлдер әлемі»көрмесін тамашалауға шақыру. Онда оқушылар өздері салған суреттердің топтамаларын тамашалайды
V. Үйге тапсырма. «Раушан» гүлді әр түрлі тәсілдермен салып келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×