Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ата және әже

Тақырыбы: Сүйікті әжелер мен аталар.
Мақсаты:
1. Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты, қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.
3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
4. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тәрбие сағатының тақырыбы, суреттер, үнтаспа, кітаптар.

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Негізгі бөлім
Жүз дейміз – ау!
Сөз болып па со – дағы!
Тек сол үшін жазбас едім оданы.
Қария ма?
Қария ол
Қартаймас
Жас жүрек пен дана бастың одағы – деп жерлес ақынымыз Қадыр аға жырлағандай қариялар мәңгі бақи біздің жүрегімізде жүреді. Біз оларды ұлғайған жасы үшін емес, көпті көрген басы үшін құрмет тұтуымыз қажет.
- Балалар, 1 - Қазан қарттар күні деп белгіленген. Осы мерекелеріңізбен сіздерді асыл жанды әжелер мен аталарымызды құттықтаймыз. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап, көмектесу бәріміздің міндетіміз. Осы күнге арнап бүгінгі тәрбие сағатымыз - Қариялар күніне «Сүйікті әжелер мен аталар» деген тақырыпта өтпек.
Сұрақ - жауап
- Қане кім айтады ата деген кім өзі? (әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі)
- Әже деген кім болады ендеше? (әкеміздің анасы, анамыздың анасы)
- Тамаша! Дұрыс айтасыздар
- Ата әжелерімізді қалай құрметтейміз?
- Оларға қандай құрмет көрсетесіңдер?

- Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.

Мақал - мәтелдер
- Олай болса біз ата - әже, әке - шеше туралы жаттаған мақал - мәтелдерімізді айтсақ қалай қарайсыздар?
1 - оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2 - оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3 - оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4 - оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
5 - оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
6 - оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
7 - оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
8 - оқушы: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
- Жарайсыңдар, жақсы да, нақыл да, асыл сөздерді тыңдап көп ой түйген болармыз деп ойлаймын.
- Міне айтып жатырмыз «Үлкендерді құрметте, сыйла, мейірімді бол!» - деп айтып жатырмыз, осы сөздерді өздеріңіз қалай түсінесіздер айтыңыздаршы? (оқушылардың жауабы)
Ия, дұрыс айтасыздар құрмет, ізет, мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
- Балалар, бата деген не?
- Батаны кім береді?
-«Үлкеннен бата алуға асық!» деп айтып жатады осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер?

«Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке.
Үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің!»

- Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де ұмытпағайсыздар.
Өзгерген не?
Адам ба? Әлде заман ба?
Ата – анаға деген парыз қалмаған ба, адамда,
Ей, адамдар!
Құрметтеңдер үлкенді
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда!- деп бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталады.
Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет, келесі жүздескенше сау - саламат болайық!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету