Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары

Алматы облысы. Ақсу ауданы
Құдаш Мұқашев атындағы негізгі орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Мукажанова С. О.

Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің және бөлудің дербес жағдайлары. 3*1, 3*0 түріндегі көбейту.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды 1 - ді санға көбейту және 0 - ді санға көбейту жағдайларымен таныстыру.
2. Жақшалы және жақшасыз өрнектегі амалдардың орындалу тәртібі бойынша есептер шығару.
3. Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, математикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау.
Қолданылатын көрнекіліктер: Кесте, сызба,

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. 215 бет № 5, 7

3. Білімді жан - жақты тексеру кезеңі: Амалдардың орындалу тәртібі қандай? " Ой қозғау"
Көбейтудің қандай қасиетін білеміз?
Қосуды қандай амалмен алмастыруға болады?

4. Сабақ мақсатымен таныстыру.

5. Жаңа білімді игерту кезеңі: Өрнектер жазылған, оқушылар қосуды көбейтумен алмастырып, қорытынды жасайды.

+1 = 2 ------------------------------ 2*1 =2
1+1+1+1 =4 ------------------------------- 4*1 = 4
1+1+1+1+1+1+1+1+1+1 = 10 -------------- 10*1 =10
Осы мысалдар арқылы қандай қорытынды жасауға болады?
Дұрыс: - Кез келген санды 1 – ге көбейткенде сол санның өзі шығады.
0+0=0 ------------------ 0*2 = 0
0+0+0+0 =0 ----------------- 0*4 =0
0+0+0+0+0 = 0 -------------------- 0*5 = 0

Осы мысалдар арқылы қандай қорытынды жасауға болады?
Дұрыс: - Кез келген санды 0 – ге көбейткенде нөл шығады.
- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып орындасақ та осы ереже бойынша есептейміз.
1*2 =2 ------------ 2*0 = 0
1*4 = 4 ----------- 4*0 = 0
1*10 =10 ------ -- 5*0 = 0

6. Түсінгенді тексеру кезеңі: Оқулықпен жұмыс: № 1, 2 оқу, салыстыру.
3*1 = 3 5*1 =5 10*1 =10 100*1 =100 999 * 1 = 999

Есіңе сақта! Кез келген санды 1 – ге көбейткенде сол санның өзі шығады
№ 2 оқу, салыстыру.
3 *0 =0
5*0 = 0
10*0 =0
100*0 =0
999 * 0 = 0

Есіңе сақта! Кез келген санды 0 – ге көбейткенде нөл шығады
№3 ауызша (Оқушыларға таратылады. Тиісті ережеге сай жинақтайды)
8 * 1
9*1
5*1
12*1
30*1
37* 1
394 * 1

10 * 0
7 * 0
25 * 0
40*0
38* 0
875 * 0

№ 4 ауызша Есепті дауыстап шығару тәсілі.
( 37 – 13 ) * 0
( 93 – 70) * 0
33*0 +9
5*0 + 6*1
( 78+ 44 ) * 0
20* ( 30 – 29 )
44*1 - 0
9*1 – 7*0

Сергіту сәті « Жалқау сегіздік» оқушылар ауаға көлденеңнен оң қолымен, сосын сол қолымен сегіз санын жазады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 1
Пікір білдіру
aiboll
  • aiboll
  • 1 ақпан 2016 15:04
Жоспар жақсы құрылған. Тақырыпты мұқият түсіндіруге тырысқаныңыз көрініп тұр. Осындай сабақ жоспарларыңызбен сайттың дәрежесін көтеруге атсалыса бересіз деп үміттенеміз.
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету