Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Зерде интеллектуалдық сайысы

Алматы облысы, Ақсу ауданы,
Құрақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мукажанова С. О.

Тақырыбы: «Зерде» интеллектуалдық сайысы.
Мақсаты: Сайыс барысымен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Өз пікірлерін дәлелдеп айтуды, топпен жұмыс істеуді үйрету. Сайыс барысында оқушыларды батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Слайд, нақыл сөздер, суреттер.

Сайыс барысы: - Ұйымдастыру
Құрметті оқушылар бүгінгі « Зерде» интеллектуалды сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымызда оқушылар білімдерін, алғырлықтарын, зергерліктерін көрсетеді.

Сайысымыз 7 турдан тұрады:
1. Ойлан, тап
2. Шешімін тап
3. Бейне сұрақ
4. Төрт сурет, бір сөз
5. Әуенін тап
6. Кім жылдам?
7. Соңғы айналым.

1. Ойлан, тап:
- « Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған кім? /Ы. Алтынсарин
- Тұңғыш « Әліппе» оқулығын жазған, ғалым, ақын кім? / Ахмет Байтұрсынов
- Белгілі ақын, жазушы. /И. Жансүгіров
-«Балаларға» тарту атты өлең кітабы бар /И. Жансүгіров
- Қазақ балаларына мектеп ашқан кім? И. Жансүгіров
- «Мен қалай оқуға бардым?»мәтінінің авторы./ Ахмет Байтұрсынов

2. Шешімін тап:
- Рақаттанып сөзінің синонимі / масайрап
- Жіпті екі ағаштың арасына тартып байлайды./ кергіш
- Малдың немесе аңның терісінен тігілген кең, ұзын тон / Тұлып
- Кесілген ағаш қалай аталады? / шөрке
- Ағаш табақ қалай аталады? / аяқ
- Ертеде үгіт насихатқа толы кітап./Қабуснама

3. Бейне сұрақ:- Айналадағы дүниені танып білудің маңызды қандай әдістері бар?/ әңгіме, әңгімелесу.
- Оның мамық жүндері түнде ұшқанда дыбысын да білдірмейді. Тышқанның сәл қыбырлаған дыбысы естілсе болды, ол оны тез ұстап үлгереді./ үкі
- Жәндіктер мен жануарлардың белгілі бір кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласын қалай атайды?/Дернәсілдер

4. Төрт сурет, бір сөз: Көктем, әже /50 сөзден тұратын эссе жазу.

5. Әуенін тап: Үнтаспадан ән тыңдап әуенін табады.

6. Кім жылдам? Логикалық сұрақтар:- Қонжық екеу, табаны нешеу?/8
- Үш қоянда неше құлақ?
- Қораптың қақпағы төртбұрышты. Бір бұрышын алып тастағанда қанша бұрышы болады?
- Өзенде 7 қайық жүзіп жүрді. Жағада 3 қайық тұр. Өзенде барлығы қанша қайық жүзіп жүр? /7
- Төрт қаз ұшып барады. Биіктен төмен қарады. Аяқ нешеу бас нешеу. Жауабын кім табады? / аяқ 8, бас 4

7. Ақырғы айналым. Берілген фигуралардан бір бейнелі композиция құрастыр.
- Әділқазылар алқасына сөз беру.
- Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп демекші құрметті оқушылар үнемі білімге құштар болып, алға қойған мақсаттарымызға жете біліп, сабағымызды жақсы оқуға тырысайық.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету