Сайтқа кіру Тіркелу

«Құстар біздің досымыз»

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ
Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші: Естекова Ж.С.

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.
Мақсаты: Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету, торғай туралы көрген, білгендерін айтқызу, құстарға қамқорлық жасау қажеттігін түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету.

Серуен: Далада жүргенде торғайларды бақылайды.

Сабақтың барысы:
Бүлдіршіндер шеңбер жасап, ойын ойнап отырғанда тәрбиеші:
- Балалар, біреудің әндеткен дауысы естіледі ғой. Бәрі үнсіз тыңдай қалады. Дауыс естіліп тұрады. Бір уақытта есік қағылады. (тық-тық-тық)
Тәрбиеші: Бұл кім екен? (тордағы торғай қонаққа келеді)
Бала: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, көңіл қойып тыңдаңдар, жарай ма?
Балалармен таңдасып,
Жазда бақты қорғайды.
«Шиқ-шиқ» дейтін дауысы бар
Бірақ өзі ұшады.(Торғай)

- Бұл не? Кәне ойланамыз.
- Өзі ағаш басында отырады, ұшады, бұл не болды екен деп ойланған балалар:
- Торғай деп жауабын береді.
- Дұрыс балалар торғай.
Тәрбиеші: Міне, балалар, торғай, қараңдаршы қандай әдемі өзі. Біз торғайды серуенде жүргенде де көрдік қой, торғай не істеп жүрді?
- Ұшып жүрді.
- Қайда қонды?
- Ағаш басына қонды.
- Дұрыс балалар енді торғайды міне, жақыннан көрейікші. Торғайдың көзі бар, тұмсығы бар, қанаты бар, жүні жұмсақ екен.
- Кәне балалар, бәріміз бірігіп торғай деп айтайықшы.
- Торғай.
- Балалар мен сендерге «Торғай» деген өлеңді оқып беремін.

Торғай – торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі томпайып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.
- Балалар торғай қалай дыбыстайды екен?
- «Шиқ-шиқ» - дейді.
- Ал сендер құстар туралы қандай тақпақ білесіңдер?
-1-ші оқушы:Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
2-ші оқушы:Қарға қарға қарғалар,
Қар үстінде жорғалар,
Боран соқса долданып
Бұтаға келіп қорғанар.
3-ші оқушы: Ала қанат сауысқан,
Жерді шоқып тауысқан.

Сергіту қимыл – қозғалысты жасау үшін, «Торғай» өлеңін қайталап айтып, қимыл жасайды. Торғай – торғай тоқылдақ, - дегенде қанатымызды жаямыз.
Жерден тары шоқып ап,- дегенде ішімізді көрсетеміз. Бөтегесі томпайып
дегенде қайтадан отырамыз.
- Ал, балалар, торғайдың қарны ашар болар, жем мен су берейік.
- Қараңдаршы жемді қалай жейді?
- Шоқып жейді.
- Суды қалай ішеді екен?
- Су ішкенде басын көтереді екен.
Тәрбиеші: Енді, балалар бейнелеу бұрышына барайық. Сендер бүгін бізге келген қонақпен торғаймен таныстыңдар, енді осы торғайға сыйлық жасап берейік. Әркім өзінше кім ермексазбен мүсіндейді, кім карандашпен торғайдың суретін салып береді екен, кім торғайға жем салғыш істеп береді? Әдемілеп жасаңдар балалар. (Балалар жұмысқа кіріседі)

Ал, енді сурет салған жемдерді торғайға берейік. Торғайдың қарны тойды, сендерге рахмет айтып. Ойынға шақырады. Торғайдың жолдасы бар мысық. «Мысық пен торғайлар» деген ойынды ойнаймыз.
Ойын: «Мысық пен торғайлар».
Кәне балалар (торғайлар) ұшып келіндер.
- Торғайлар жем жеңдер. Кәне кім қалай жейді?
- Торғайлар сендер тез ұшыңдар, мысық ұйықтап жатыр, қазір мысық оянып кетіп, ұстап алады – дегенде мысық:
- Мяу – мяу деп оянады, торғайларды көріп құлағы тікірейеді.
- Торғайлар алысқа ұшыңдар, мысық оянады. (мысық мяу деп торғайларды қуады. Бірақ торғайлар ұстатпай ұяларына кіреді).
- Балалар сендер бәрінде жақсы ойнадыңдар.
- Енді мысық туралы тақпақ айтамыз.

1-ші оқушы: Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
Мяу-мяу, мяу-мяу.
2-ші оқушы: Пеш үстінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Оның тісі қышып отыр.
Қорытынды: Торғаймен қоштасу. Балалар торғайға арналған өлеңді айтайықшы. «Суық торғай» өлеңі.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×