Сайтқа кіру Тіркелу

Ү дыбысы мен әрпі

Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Алға селосы.
Бастауыш сынып мұғалімі Қуанышева Ботакөз

Әліппе 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ү дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға дағдыландыру
Оқытудың нәтижелері: О дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады. Сөйлем құрап айтуға дағдыланады.
Негізгі дерек - көздер: Плакат, маркер, бағалау парақшасы, қима қағаздар
Модульдің кіріктірілуі
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқудағы үшін бағалау, Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды оқыту

Сабақтың барысы
Кіріспе
І Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Кіріспе сөз: - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Қане, өздерің айтыңдаршы, бүгінгі сабақ несімен ерекше? (Балалардың жауабы)
- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біздің бұл сабағымызға келем деушілерге есігіміз ашық, яғни бұл – ашық сабақ. Олай болса «Сәлем – сөздің анасы» деген мәтелді ескеріп, ең алдымен амандасып алайық Сыныбымыз тап - таза борда дайын тақтада
Денемізді жинақтап Отырайық партаға

Сандар арқылы 4 топқа бөлу.

«Сұрақ қою және қайта сұрақ қою» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Дыбыс деген не? Әріп деген не?
Буын неден құралады? Сөзден не құралады?
І топ. Дауысты және дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қандай дауысты дыбыстармен таныстық? Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
ІІ топ. Қатаң дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Қатаң дауыссыздарды ата.
ІІІ топ. Ұяң дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Ұяң дауыссыздарды ата.
ІV топ. Үнді дауыссыз дыбыс дегеніміз не? Үнді дауыссыздарды ата.
- Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? - Ө қандай дыбыс?
- Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі? Бөпешім» өлеңін жатқа сұрау

Жаңа сабақтың таныстырылымы
Білу. «Миға шабуыл» әдісі бойынша интербелсенді тақтадан бейне баян көрсетіп, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Ал, балалар, бүгін жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын. Егер сендер дұрыс шешсеңдер, бүгінгі өтетін дыбыс шығады:
Жарықта соқырмын
Ұша алмай отырмын. ( үкі ) ( слайдтан үкінің суреті)
Кітаптағы үкінің суретімен танысу. Үкі суретін слайдтан көрсетіп, оқушыларға үкі жөнінде түсінік беру. Үкі туралы не білеміз?
Үкі түн құсы, Үкі — негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағатын құс екен.
— Сөздің қай жерінде тұр? Үкі сөзін буынға бөле қойыңдар. Ү — кі. (екі буын)
Баласын ертіп соңынан,
Сүңгіп, жүзіп, үйретті.
Су жұқпайтын тонына,
Кім білмейді................?(үйректі)
Үйрек суретін көрсетіп слайдтан, үйрек үй құсы. Балалар, үкі, үйрек деген сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз?
Дұрыс балалар, ү дыбысы екен.
Балалар, үкі мен үйректің қандай ұқсастығы бар екен, қарайықшы. (слайд)
Күн салқын түскенде құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Себебі қыста жемдері азаяды. Сондықтанда қыстап қалатын құстарымызға үнемі қамқорлық жасап отыру қажет. Өйткені құстар - біздің досымыз
Құстарға байланысты “халық болжамдары” бар.
Үйрек бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
Түсіну.
Жаңа сабақ: Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Үү дыбысы мен әрпі (тақтаға тақырыпты жазу)
Үү деп дыбыстату. Хормен айту.
— Қалай дыбысталады?
— Қандай дыбысқа жатқызамыз?
— Ү дыбысын айтқанда ерін, тіл алға созылады. Тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, иек көтеріледі.
— Дауысты, жіңішке қысаң, еріндік дыбыс екенін айту.
Ү дыбысының әрпін баспаша жазбаша түрде таныстыру. Ү дауысты дыбыс екені айтылады. Ү әрпінің кішкенесінің және бас әрпінің жазылу емлесін түсіндіру.
Ойын «Сөз ойла, тез ойла» Ортадағы қаламсап әдісін қолдана отырып (қаламсапты балаларға бергенде ү дыбысы бар сөзді шапшаң ойлап айтулары керек)
«Аквариум» әдісі бойынша қарамен жазылған сөздерді тізбектеп оқып, сөздікпен жұмыс жасату.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×