Сайтқа кіру Тіркелу

Ойыншықтар. А - О дыбыстары

Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу бойынша топтық сабақтың ақпараттық картасы
Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар. А - О дыбыстары
Топтың сөйлеу тіл қорытындысы: СТЖД орташа деңгейі
Мақсаты: ойыншықтар туралы түсініктерін жетілдіру және кеңейту
Білімділік: ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту, олардың қызметін түсіндіру. А - О ажырата білуге үйрету. Жекеше, тәуелдік жалғауларын қолдана білуге үйрету.
Түзетушілік – дамытушылық: жай сөйлем құрау дағдыларын және дыбыстарды естіп, ажыратуын дамыту. Фонематикалық естуін, танымдық процестерін дамыту:
Тәрбиелік: сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: ойыншықтардың заттық суреттері
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде қандай белгілері бар?
Сұрақтарға жауап береді.
2. Жұмбақ шешу
- 1. Аяғы бар жүрмейді
Аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді.
- қуыршақ
- 2. Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды
- доп
ІІ Негізгі кезең
1. Жаңа тақырыпты хабарлау
- Қуыршақ, доп олар нелер?
- Ойыншықтар
- Тағы қандай ойыншықтарды білесіңдер?
- Аю, пирамида, машина, т. с. с
- Ал сендер ойыншықтар қалай жасалатындығын білесіңдер ме?
Ойыншықтарды әртүрлі материалдардан (ағаш, пластмасса, металл) арнайы цехтарда жасап шығарады, сосын оны суретшілер немесе машина түстерге бояйды.
- Қандай ойыншықтарды білеміз?
- Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
Сұрақтарға өздігімен жауап береді.
2. Лексика – грамматикалық құрылымдарын, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру
- «Жекеше және көпше» ойыны
Ойыншық атауларын көпше түрге айналдыру ұсынылады.
Оқушылар сөздерді көпше түрде айтады:
- Доптар
- Қуыршақтар
- Машиналар
- Аюлар
- Пирамидалар
- Неден жасалған? сұрағына жауап беру
- Пирамида ағаштан жасалған;
- Доп резинадан жасалған, т. с. с
- «Қандай?» ойыны
Ойыншықтарды сипаттайды
Оқушылар тәуелдейді:
- Менің қуыршағым әдемі
- Сенің аюын жұмсақ
- Оның добы үлкен т. б
3. Сергіту сәті
Саусақ жаттығуын орындайды
- Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.
4. Дыбыспен жұмыс
- Аю сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?
- А дыбысы
- От сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі?
- О дыбысы
- А дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс
- Оны қалай айтамыз?
- Созылып, әндетіп айтамыз
- О дыбысы қандай дыбыс?
- Дауысты дыбыс
- Оны қалай айтамыз?
- Созылып, әндетіп айтамыз
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Қызыл текшемен белгілейміз
- Екі дыбыс та дауысты дыбыс екен, екеуі де жуан айтылады. Сондықтан жуан дауысты дыбыстар.
5. Фонематикалық қабылдауын дамыту
«Мұқият тыңда» ойыны
- Буындар қатарынан А дыбысын естіген кезде А әрпін көтер, ал О дыбысын естіген кезде О әрпін көтер.
Оқушылар а дыбысын естіген кезде а әрпін, о дыбысын естіген кезде о әрпін көтереді.
6. Дыбыстық талдау
- Суреттерді атап, А немесе О дыбысының орнын анықтау
- Оқушылар сөздегі А немесе О дыбысын қай жерде естілетіндігін анықтайды.
7. Дәптермен жұмыс
- О әрпін дәптерге жазу
Дәптерге әріпті өздері жазады
ІІІ Қорытынды
1. Сабақтың қорытындысы
- Біз бүгін не жайлы айттық?
- Ойыншықтарға нелер жатады?
- Қай дыбыстар туралы айттық?
- Олар қандай дыбыстар, қандай текшемен белгілейміз?
Сұрақтарға жауап береді
2. Оқушылардың бағалау
Оқушыларды мадақтау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×