Сайтқа кіру Тіркелу

«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік құралдар: Суреттер, тірек схемалары, портреттер, әр түрлі кестелер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, зейінді сабаққа аудару.
Барысы:
Тренинг:"Көжек"
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Кішкентай көжекке жылы сөздер айтып достарына кезек ұсынады. Содан кейін оқушылар бір - біріне айтады.
Қызығушылықты ояту:
1. Карточкалар арқылы екі топқа бөлінеді.
а) Хандар
ә) Билер
2. Кеспе сөздерден жаңа сабақтың тақырыбын табады.
ІІ. Мағынаны тану:
"Фуар"әдісі бойынша оқушылар алдарындағы кісі есімдерімен танысып, солар туралы білетіндерін ортаға салады.
Білмейтіндерін слайд арқылы толықтырып, түсіндіремін..
Слайдпен жұмыс:
Құрметті оқушылар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл – қалың қазақты бір жасартып тастады.
1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтерді.
«Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз бен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды.
Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек.
Оқушыларға қазақ хандары туралы қысқаша мәлімет беру.
Енді оқушылар алған білімдері бойынша постер қорғайды.
1 топ: Хандар. Бес жол өлең құрастыру.
2 топ: Билер. Топтастыру әдісі.
Жұмыстарын сәтті қорғауда.
ІІІ. Толғаныс:
Сабақты қорытындылай келе жақсы қатысқан топты анықтап ортаға алып " От шашу"әдісін жасау.
Сабақты аяқтау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×