Сайтқа кіру Тіркелу

5 - ке көбейту және бөлу кестесі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№12 орта мектептің бастауыш мектеп мұғалімі
Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы

Тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу кестесі
Мақсаты:
1. 5 - ке көбейту және бөлу кестесімен оқушыларды таныстыру, көбейту мен бөлу амалдарын жан - жақты меңгертіп, өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
2. Ауызша, жазбаша, жылдам, дұрыс есептеу дағдыларын жетілдіре түсу, логикалық ойлауын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Сауаттылыққа, ұжымдасып, бірлесіп жұмыс істеуге баулу, шыншылдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, ойын, салыстыру т. б.
Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, слайд, ойын, 5 - тің көбейту кестесі

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Психологиялық дайындық.

Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп бақылау
а) математикалық диктант
5x2= 7x2= 3x9= 6x5= 40: 4=
24: 3= 18: 2= 4x5= 8x5= 35: 5=
ІІІ. Мақсат қою кезеңі 5 санына байланысты не білесіңдер?
«Ой толғау әдісі»
1) 5 нәрсеге асық бол
2) 5 нәрседен қашық бол
3) 5саусақ
4) 5 арыс
5) 5 қару

IV. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
- Дәптерлеріңе бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты жазып қойыңдар

1) Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, тақтаға қарайықшы. Мұнда 5 - ке көбейту кестесі жазылған.
- Неге бестен басталып тұр? (2•5, 3•5, 4•5өткенбіз)
- Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?
(қосу амалы арқылы табылған)
Яғни, 5 - ті 5 - ке көбейту дегеніміз 5 - ті өз - өзіне 5 рет қосу.
- Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайық, қандай айырмашылық бар?
(теңдіктің сол жағында 5 - ке көбейту кестесі, ал оң жағында сол көбейтулердің қосу амалдары арқылы берілген)
3) – Неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5 - ке артық?
(5 - ті 5 - ке көбейту үшін 5 - ті 5 рет қосамыз, ал 5 - ті 6 - ға көбейту үшін 5 - ті 5 - ке 6 рет қосамыз).
1) 5•5=5+5+5+5+5 5•5=25
5•6=5+5+5+5+5+5 5•6=30
5•7=5+5+5+5+5+5+5 5•7=35
5•8=5+5+5+5+5+5+5+5 5•8=40
5•9=5+5+5+5+5+5+5+5+5 5•9=45

- Қайсысы тиімді екен? (көбейту амалын қолдану)
2) Тақтаға назар аударайық.
6•5=5•6
7•5=5•7
8•5=5•8
9•5=5•9
- Не байқадыңдар? (көбейткіштердің орындары ауысқан)
- Қандай ережені білеміз, еске түсірейік. (көбейткіштердің орындары ауысқанымен, көбейтіндінің мәні өзгермейді)
5 - ке көбейту кестесін аяқта (дәптерге жазылады)
5•5=25
5•6=30
5•7=35
5•8=40
5•9=45
3) Ауызша. Бөлуге кері амал - көбейту.(көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсек, екінші көбейткіш шығады.
25: 5=5, себебі 5•5=25
30: 5=6, себебі 6•5=30
35: 5=7, себебі 7•5=35
40: 5=8, себебі 8•5=40
45: 5=9, себебі 9•5=45
«Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»
- Абай атымыздың сөзін есепке алып, біз сендермен үй құрастырып көрейік. Үй құрастыру үшін бізге кімдер керек?
- Дұрыс, бізге экономист, сәулетші, құрылысшы, тас қалаушы, үй төбесін жабушы, сылақшы, дәнекерлеуші, керек. Енді олардың әрқайсысының тапсырмалары бар екен.
- Ал енді осы сызбаға сүйеніп оқулықтағы тапсырмаларды орындайық
Экономист: №2 Белгісіз санды ата
5• =30
•5=25
30: =6
35: =5.
Анықтаманы тұжырымдаймыз. Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда екінші көбейткіш шығады. Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда бөлгіш шығады. Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе, онда бөлінгіш шығады.
Сәулетші: №3 Өрнек құр және олардың мәндерін тап
3 10
5 • 6 15: 5
4 30
Құрылысшы: №4 Есептерді теңдеу құру арқылы шығар Жұптық жұмыс
- Не белгілі?
- Не белгісіз?
1) Шешуі: 5 •7=35 Жауабы: 7кг қауын х•7=35
2) Шешуі: 7 •5=35 Жауабы: 7кг тұз х•5=35
Тас қалаушы: « Миға шабуыл» ( Өзіндік жұмыс)

650 - 90=540
306+80=386
32: 4•3=24

(354+632)- 300=686
720 -(380+220)=120
3•9 – 19=8

4•7 - 14=14
7•3+34=55
8•3: 6=18
Дәнекерлеуші: Миға шабуыл: (Ауызша жұмысы.)
4•в
в=1, 2, 5, 8, 9, 0
4•1=4 4•5=20 4•9=36 4•0=0
4•0=0 4•2=8 4•8=32 4•8=32

Сергіту сәті.
1 – 2 – 3 Бойға жинап күш
4 – 5 – 6 – 7 Мынау қала шеті
8 – 9 – 10 Ал, кәнеки, қон.
Үй төбесің жабушы: №7
- Не туралы айтылған?
- Не белгілі?
- Не белгісіз?
- Неше амалмен шығарамыз?
1) Т. д. – 6(о)
Т. к. – 4(о)
Әрқ. – 2 м
Шұңқыр -?
Ш: (6+4)•2=20
Ж: 20 шұңқыр қазылды.

2) Ж. – 5 қ. әрқ.- 10(г)
К. – 42
Ш: 5•10+42=92
Ж: 92 гүл өсіп тұрды.
Сылақшы: Қандай фигуралар қиылысады? Фигураның қиылысуынан пайда болған шаршының периметрін тап.
тік төртбұрыш пен бұрыш
шеңбер мен қисық сызық
шаршы мен тік төртбұрыш
Жазады:
1қ. =1см
Р=?
Р=1см+ 1 см+1 см+1см = 4см
Р= 1см • 4=4см
№9 Бағбаншы: Шығармашылық жұмыс
45: 5> 3+5 9•5 - 209 - 2
30: 5<45: 5 - 1 4•5+38•1
Қорытынды:
Кел, ойнайық!
Үйдің нөмірін тап
Үйге тапсырма: № 6есеп. Көбейту кестесін қайталау
Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×