Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ертегі сабақ /қайталау сабағы/

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
Қаракөл елдімекені, Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна

Сабақтың тақырыбы: Ертегі сабақ /қайталау сабағы/
Сабақтың мақсаты:
1. 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды, олардың таңбалануын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту.
2. Баланың ақыл-ой қабілетін дамыту әрі олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттері
әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ауызша, жазбаша есептеу.

Сабақтың өту барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз тастаймыз.

ІІ Қайталау
- Балалар, біз қандай сандарды өттік?
- 0 - 10 санау, кері санау.
- Балалар, біз бүгін 10 - ға дейінгі сандардың құрамы туралы алған білімдерімізді тиянақтаймыз.

ІІІ Ертегі сабақ
Мұғалім:
- Балалар, бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Сабаққа келген қонақтарға білімімізді көрсетейік.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз «Ертегі сабақ» деп аталады. Бүгінгі сабағымызға өздерің жақсы білетін «Бауырсақ» ертегісі қонаққа келіпті.
- Бауырсақ атасы мен әжесінен орманға қашып кетіпті. Орман жолымен бауырсақ қашып келе жатқанда алдынан қандай аңдар шықты?
- Олай болса бауырсаққа көмектесіп, аңдарға жегізбейін. Ол үшін аңдардың тапсырмаларын орындайық.
- Бауырсақ ең бірінші кіммен кездесті? (қоянмен)
Қоян:
Қоянның қарны аш, бауырсақты көрген кезде бір тоятын болдым деп қуанады.
- Бауырсақ, мен сені жеймін, егер менің қойған шартымды, оқушылар орындаса, мен сені босатам.

Қоянның шарты
Жұмбақ есептерді шешу.

1. Екі күшік жүгіре түсіп,
Үш досқа барып қосылды.
Барлығы қанша күшік,
Қайрат білмей тосылды. /5/
2. Табақта бар бес алма,
Қолымда тұр екі алма.
Қоссақ егер барлығын,
Болады екен неше алма. /7/
3. Анасы бес шар алды,
Біреуін мысық әкетті.
Ойлаңдаршы тездетіп,

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету