Сайтқа кіру Тіркелу

Отаным менің байтақ өлкем

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
№127 Ш.Уәлиханов атындағы орта
мектеп-лицейінің бастауыш сынып
мұғалімі Рахманбергенова Айнұр

Сабақтың тақырыбы: Отаным менің байтақ өлкем.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту, тереңдету.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Туған жердің табиғатына, ел тарихына үңіле отырып, оқушылардың Отан туралы білімдерін кеңейте түсу;
Дамытушылық: Тілін дамыта отырып, оқушыларды қисынды ойлай білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу;
Тәрбиелілік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сөздік, көрнекілік, жұптық жұмыс, сөзжұмбақ, кесте, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан облыстарының картасы бейнеленген кеспе қағаздар, гүлдер, Ұлы Жібек жолының тармақтары картасы.
Техникалық құрал: компьютер, проектр, ИТ.
Бағдарламалық жабдық: презентация

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
-Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау.
-Үйге қандай тапсырма берілді?
- Мектеп пен өндірістің байланысы.
Тақырып мазмұнын сұрау.

Үй тапсырмасын айтқан оқушыға сұрақ жазылған кеспе қағазды беру. Оқушы сұрақты оқып, жауап береді. Әр кеспе қағаз Қазақстанның облыстарының жер көлемін бейнелейді. Сұраққа жауап бергеннен соң тақтадағы тиісті орнына жапсырады.
Сұрақтар:1. Мектеп пен кәсіпорынның байланысы не үшін керек?
2. Ауылдық мектептерде қандай өндіріс орындарымен байланыс жасай алады?
3. Қазіргі заманға сай автоматтандырылған, компьютермен басқаратын қандай өндіріс орындарын білесің?

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Кеспе қағазды алып сұрақты оқу.
-Өз жерімізде қандай кәсіпорындар бар?
Сұраққа жауап берілген соң, кеспе қағазды тақтаға ілу.

ІҮ. Жаңа сабаққа әзірлік.
Сақтайық, қане тыныштық,
Бүгінгі сабақ тым қызық.
Ойлан, ойлан және ойлан,
Үздіктері сыныптың.
Озаттар мен орталар,
Ойланбаған құр қалар.

Ү. Жаңа сабақ.
Кеспе қағазды алу.
-Балалар, «бұл қағазда сөзжұмбақты шешіңдер» деп жазылған.
Сөзжұмбақты шешу.
Т_________________
У_________________
Ғ__________________
А__________________
Н__________________
Е__________________
Л__________________
О__________________
Т__________________
А____________________
Н____________________
1. Өсімдік жануарлар, тау, тас. (табиғат)
2. Киіз үй жабдығы (уық)
3. Аспан әлемі (ғарыш)
4. Ардақты адам (ана)
5. Ас атасы (нан)
6. Мықты ағаш (емен)
7. Ешкінің төлі (лақ)
8. Қалың ағаш өсетін нулы жер (орман)
9. Орман емшісі (тоқылдақ)
10. Қазақстанның астанасы (Астана)
11. Көктем айы (наурыз)
Шешіп болған соң, кеспе қағазды тақтаға ілу.
- балалар, тігінен тұрған әріптерді қосып оқиық.
- Бұл бүгін бастағалы отырған үлкен тарауымыз.
Туған ел. Отан.
Кеспе қағаздан Отан сөзін оқып, тақтаға ілу.
- Отан деген не? Отан дегенде ойларыңа не келеді?
Кеспе қағаздан тапсырма оқу.
-Отан туралы өлең, тақпақ білесіңдер ме?
Бір оқушыға өлең оқыту.
Кеспе қағазды тақтаға сәйкес нөмеріне ілу.
Тақырып бойынша әңгімелеу.

Дүйсенбек пен баласы Сәлім екеуінің әңгімесі арқылы Қазақстанның табиғатымен, шекарасымен, Жібек жолымен таныстыру. Тақырып мазмұнын түсіндіру.
Кеспе қағаздың тағы біреуін алып, тапсырманы оқу. Оны орындап, қағазды тақтаға ілу.
«Тянь-Шань» деген сөз Қытай тілінен аударғанда «Тәңірі тауы» деген ұғымды білдіреді. Оны біздің халқымыз «Еренқабырға» деп атаған. Оған Қытайдың батысы, Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерін алып жатқан алып тау жоталары енеді. Демек, мәтіннен «Тянь-Шань таулары» деген тіркестерді оқып отырғанда сөз өзіміздің әсем Алматымыздың жанындағы Іле Алатауы туралы да болып отыр деп түсіну керек.

Дәптермен жұмыс.
Кеспе қағаздың тағы бірін алып, тапсырманы оқу, оны орындау. Қағазды өз орнына, тақтаға ілу.
Тапсырма: Картадан Қазақстан мен КХР аумақтарын және олардың арасындағы шекараны, «Жібек жолы» пойызы жүріп өткен жолды, Каспий теңізін, Алтайды, Батыс Сібір жазығын, Іле Алатауын, Алматыны тап.
Тапсырманы карта арқылы орындау.
Кеспе қағзады алып, тапсырманы оқу.
Бақылау күнделігіндегі 62-бетте тұрған тақырыпқа байланысты тапсырманы орында.
Бақылау күнделігімен жұмыс.

Сергіту жаттығуы
Кеспе қағазды алып, тапсырманы оқу,орындау, тақтаға ілу.
Тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
Сызба арқылы өлең құрастыр.
1. елім,
2. жерім,
3. жайқалған,
4. жасарған,
5. жайған,
6.Қазақстаным!
Оқушылар барлығы бірлесе отырып орындайды.
Құралған өлеңді бір оқушыға оқыту.
Кеспе қағаздан тапсырманы оқу, орындау, қағазды тақтаға ілу.
Тапсырма: Кестені толтыр.
Сенің Отаның? Ол қандай мемлекет? Президенті кім? Еліңнің рәміздері Еліңнің бас қаласы Қазақстанның болашақта қандай ел болғанын қалайсың?

Барлығы бірге орындап, тақтаға жазады. Соңғы сұраққа әркім өз ойларын айтады.

ҮІ. Сабақты қорытындылау
Кеспе қағаздан тапсырманы оқу. «Қазақстан» сөзжұмбағын шеш.

1. 1925-29 жылдардағы Қазақстанның астанасы? (Қызылорда)
2. Алматы қай таудың баурайында орналасқан? (Алатау)
3. Қазақстан қандай ел? (тәуелсіз)
4. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында? (Алматы)
5. Астананың бұрынға аты қалай аталған? (Ақмола)
6. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
7. Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың символы. (Бәйтерек)
8. Мемлекетіміздің мәйегі,
Дербестігіміздің дәйегі... (Елорда)
9. 1920-25 жылдардағы Қазақстанның астанасы? (Орынбор)
- Соңғы тапсырманы орындайық. Тапсырманы оқып, қағазды тақтаға ілу.
Тапсырма: Қазақстанды гүлдендір.

Барлық тапсырмалар орындалып болған соң, кеспе қағаздар өз орнына ілінгеннен кейін тақтада Қазақстанның картасы құрастырылып шығады.
- Міне, балалар, біз 14 тапсырма орындап, Қазақстанның 14 облысын өз орындарына орналастырып, Қазақстанның жерін құрастырдық.
Оқушылар үйден жасап әкелген гүлдерін карта бетіне жапсырады.
- Міне, балалар, біз Қазақстанды гүлдендірдік. Болашақта Қазақстанның дәл осылай сақталып, гүлденуі біздің қолымызда.
Отанымның ұлымын.
Бұл-гүлденіп жайнаған,
Гүлстандар Отаны.
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар Отаны.
Ә.Табылды.

ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндау.
«Менің елім» тақырыбына эссе жазу.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Астанам

Астанам

Еліміздің жаңа елордасы - Астана қаласын дәріптеу. Оқушылардың жаңа астананың ерекшеліктерін тани білуге, тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы орнын...
Қазақстан қалалары

Қазақстан қалалары

Сабақтың мақсаты: Білімділік:«Менің Отаным» модуль бойынша алған білімдерін пысықтап, қорыту Дамытушылық: оқушылардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін...
Отаным. Астана

Отаным. Астана

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қарағой бастауыш мектебі Тилеукабылова Қуаныш...
Біздің Отанымыз - Қазақстан

Біздің Отанымыз - Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Білімділік — оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді ел жетістіктерімен таныстыру; Дамытушылық — туған елі, Отаны...
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрес

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күрес

Қазақ халқыны жоңғар басқыншыларына қарсы күресі туралы түсінік беру. Туған жерге, туған жердің табиғатына саяхат жасаумен және ел тарихына мағлұмат...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×