Сайтқа кіру Тіркелу

Ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың атауы: Ғ дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың Ғ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Буын құрату, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, ребус шешу арқылы игерген білімдерін бекіту.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, текшелер, ребустар пайдаланылады.
Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Жұмбақ
Көп әріп ішінде,-
Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту Жұмбақ:
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойында.
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)
Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайық
- Екінші буын қай дыбыстан басталады?
- Дыбысты біз айттық, естідік, енді Ғ дыбысының таңбасымен
- Ғ әрпін ауада жазып көрсетелік
- Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Ғ әрпін жазамыз. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс жүргізу.
Қосымша тапсырма.
“Ғарышқа ұшу” ойыны
Әріптерді еске түсіру
Ребус шешу:
Ж+ =
Шешуі: (Сандық, жаға, таға)
Ойын: “Сөйлемді толықтыру”
1. Өзімнен үлкен бауырым......
2. Қыз құлағындағы әшекей.............
3. Атам ат...............

"Кім тапқыр" Сөз жұмбақ
1. Тамақтың дәмін келтіреді
2. Үй құстары
3. Бүгін қандай әріппен таныстық?
4. Қасиетті тағам.

Сергіту сәті
Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Ой сергітеді, шаршағандары басылады

Ой толғаныс
Дыбыстарды ажырата білеміз бе?
Б, С, Ж, З, Қ, Е, К, Т, Ш, П,.....
Сабақты қорытындылау
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Қандай сөздерде Ғ дыбысы бар екен?
Үйге тапсырма Ғ әрпін оқу, жазу Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×