Сайтқа кіру Тіркелу

Түйе

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Айгүл Кокогова

Сабақтың тақырыбы: Түйе
Сабақтың мақсаты: Түйе туралы жырды түсініп оқып суреттеу, шудасы, төлі, жүрісі туралы мағлұмат беру.
Оқушыларға мақал - мәтел, жұмбақ шешу арқылы сөздік қорын дамыту. Төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі - түсті үлестірме қағаздар, бағалау бетшесі, қайшы, маркер, кетіргіш, желім. А 3, А 4 бетшесі. Слайд, тапсырма жазылған кеспе қағаздар,
Сабақтың әдісі: диалог, сто,
Модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Ынтымақтастық атмосферасын құру
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
2. Өткенді еске түсіру
А ) «Сиыр» жырын жатқа айту
Б) Топтық жұмыс
1 – топ: «Зеңгі баба» Сиыр шаруашылығы және оның негізгі бағыттары
2 - топ:«Қамбар ата» Жылқы шаруашылығы және оның салалары
3 - топ:«Шопан ата» Қой шаруашылығы
3. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Иір - иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер - тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (түйе)
ІІ. Тұсаукесер
Қызығушылығын ояту мақсатында түйе туралы қызықты ақпарат беру.
Түйенің қолға үйретіліп, түлік қатарына қосылғанына біздің дәуірімізге дейін 5000 жыл шамасындай мезгіл болған. Содан бері түйе шөлейт жерді мекендеген елдің ең қолайлы көлігіне айналған. Түйенің негізгі шыққан жері Солтүстік Америка деп саналады.
Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Жүнінің 85 пайызы таза бағалы түбіт.
Түйенің екі түрі бар. Қос өркештің таза қандысын - бактриан, нардың таза қандысын - дромедар деп атайды. Қос өркешті түйе - інген, жалғыз не сыңар өркешті түйе – нар деп аталады. Жасында жақсы бағылып, күтілген түйе қыстық азығын денесі мен өркешіне жияды. Қыста ұзақ шөп жемей, су ішпеген кездерінде сол бойындағы жиналған майымен күнелтетін де қасиеті бар.
ІІІ. Негізгі бөлім
1. «Түйе» жырын алғашқы оқу
2. Оқушылардың мәнерлеп оқуы
3. Өлең жолдарына қарай талдау жасау (ұйқасын табу, мағынасын ашу)
4. «Ой қозғау» (мақалдарды оқып, түсінігін әңгімелеу)
5. Топтық жұмыс
1 - топ – Түйе жүнінен жасалатын бұйымдар
2 - топ – Түйе сүтінен жасалатын бұйымдар
3 - топ – Түйе терісінен жасалатын бұйымдар
ІҮ. Қорытынды бөлім
Бүгінгі сабақта қандай үй жануарымен таныстық?
Түйенің төлін қалай атайды?
Түйе жүрісі қалай суреттелген?
Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
Бағалау бетшелеріндегі ұпай санына қарай жиынтық бағалау жүргізу
«Нені білдім?», «Нені үйрендім?», «Нені түсіндім?» сұрақтары бойынша кері байланыс жасау.
Үйге тапсырма: «Түйе» жырын жаттау. Түйенің пайдасы тақырыбына реферат жазу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×