Сайтқа кіру Тіркелу

Каспийдің тірі маржандары

Маңғыстау облысы, Жаңаозен қаласы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы
№8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бекмағанбетова Нұрсұлу Қосайқызы

Дүниетану пәні
Сабақтың тақырыбы: Каспийдің тірі маржандары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға «Каспийдің маржандары», яғни балықтары мн құстары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасауларына бағыт беру.
Тәрбиелік: Туған жеріміздің табиғатын аялап, құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты
Сабақ әдісі: Интерактивті әдіс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Каспийдің тірі маржандары» стенді, Қазақстанның картасы, бүктеме қағаздар, қабырға газеттері.
Сабақтың жүрісі:
Жүргізуші:
Өр Маңғыстау, ару Ақтау тұғырым,
Таусылмайтын,
Сарқылмайтын сыры мұң.
Аққу болып, кейде шалқып ұшатын,
Жағалауы қарт Каспийім қазығым.
1 - оқушы
Аққу деген біздер үшін киелі,
Аққуды атсаң, сол оқ маған тиеді.
Аққуға сен жаға көрме күйені,
Аққу деген біздер үшін киелі.
2 - оқушы
Шағала судағы құс төресі де,
Шомылады теңіздің денесіне.
Каспийдің тең келмейді құстары көп,
Шағаладай сұлу құстың теңдесіне.

Хор: «Шағала» әні.
Жүргізуші:
Теңіздің тұғырындағы - балықтар,
Теңдікті сүйетін ол халық тағы.
Толқындары секіріп биіктікке,
Жабысып бір ойнайды шабыттары.
Жүргізуші:
«Каспий маржандары» тек құстар емес, Каспийдің балықтары да бар. Каспий теңізінде 130+- ға жуық балық түрлері кездеседі. Солардың кейбіріне қысқаша тоқталайық.
3 - оқушы
Бекіре - ірі балық. Денесі 2 - 3 метр, салмағы 1 тоннаға дейін жетеді. 50 жыл өмір сүреді.
4 - оқушы
Ақбалықтың денесі 100 см, салмағы 10 - 30 кг. 7 - 8 жыл өмір сүреді.
5 - оқушы
Сазан тығыз жалпақ денелі, тез өсетін 30жыл өмір сүретін балық. Ұзындығы 80 см, салмағы 16кг.
6 - оқушы
Табан балық денесі 30 - 50см, салмағы 2 - 3 кг. Каспий мен Арал теңізі су қоймаларында көп кездеседі.
7 - оқушы
Майқап – қазақстандағы албырттардың бір өкілі, салмағы 2, 5 кг.
8 - оқушы
Торта балық – өте кең тараған балық, Каспийде Каспий тортасы мекен етеді. Көзінің қызыл сары түсті сыртқы мөлдір қабығы жоғары жағында қызылдығымен ерекшеленеді.
9 - оқушы
Шортан – жыртқыш балық. Ұзындығы 5 см - ге жеткеннен кейін олар түгелдей жыртқыштық жолмен қоректенеді.
10 - оқушы
Каспий тюлені ірі ұзындығы 1, 5 м, салмағы 50 - 60кг, қалақ аяқты сүтқоректі.
11 - оқушы
Каспий тілтістісі – дөңгелек ауыздылар класының қатарына кіреді. Ұзындығы 55 см.
12 - оқушы
Каспийдегі тюлендер жағада қырылып жатыр. бұған себепші болған мұнай алынуына байланысты теңіздегі тіршілік иелерінің басым көпшілігі уланған.
Көрініс: « Аналар мұңы»
Хор: «Заман - ай»
Танымдық сұрақтар:
Қорытынды:
Хор: «Атамекен»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×