Сайтқа кіру Тіркелу

Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)

Дүниетану 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Су – еріткіш (тәжірибелік жұмыс)
Сабақтың мақсаты: 1. Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру. Қандай заттардың суда еріп, қандай заттардың суда ерімейтіні туралы мағлұмат беру.
2. Судың адам үшін маңызын, сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу және оқушылардың байқағыштық танымдық қабілетін дамыту.
3. Суды ластамау, суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсіндірмелі, топтастыру, тест.
Сабақтың көрнекілігі: Су, тұз, қант, құм, саз, крахмал, ас содасы, бор, плакат, тірек
сызбалар, суреттер, калий перманганаты.

Сабақ барысы: I. Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Бірге өтер күніміз.
Сыныбыз тап – таза,
Бор да дайын тақта да,
Ойымызды партаға.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
Судың қасиетін айту.
1 - топ. Судың пішіні
2 - топ. Судың түссіздігі
3 - топ. Судың мөлдірлігі
4 - топ. Судың дәмі
5 - топ. Судың иіссіздігі
6 - топ. Судың ағуы.

Сызба арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.
Су

мөлдір
ағады
түсі жоқ
иісі жоқ
пішіні жоқ
дәмі жоқ

III. Жаңа сабақ
Су жер бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзен, көлдер кездеседі? Жем өзені, Құрсай өзені, Қамыскөл көлі. Ендеше біз бүгін суда қандай заттардың еритіні туралы білеміз. оқулықтағы мәтінді оқу.

1 – тәжірибе.
1 - топ. Суға қант салып араластырайық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді.

2 – тәжірибе.
2 - топ. Суға тұз салып араластыру. Суға бір қасық тұз салып араластыру. Тұз суда еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.

3 – тәжірибе.
3 – топ. Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді.

4 – тәжірибе.
4 - топ. Стақандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді.

IV. Бақылау күнделігімен жұмыс.
Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×