Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Бүгін менің туған күнім!

Тақырыбы: «Бүгін менің туған күнім!»
Мақсаты: М. Мақатаев туралы мағлұмат бере отырып, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, кітаптары, газет - журналдар.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру:
ІІ. Кіріспе бөлімі: 1 - слайд: «Ақынның өмірбаяны»
ІІІ. Негізгі бөлім:- Жақсы балалар, олай болса ақын шығармаларынан білетіндерімізді ортаға салайық.
1 - оқушы: Ақиқат: «Бүгін менің туған күнім»!
2 - о: Мира: Қуат алып Абайдың тіл - күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен....
3 - о: Алмаз: Мұқағали аға, сезесің бе, сезесің бе,
Еліңді аралап жүр елесіңде
Әндерің шырқалады әр ауылда,
Сөздерің әр қазақтың өресінде.
4 - о: Айзат: Халқыңның ақыны боп жаралғансың.
5 - о: Айбөпе: Поэзия – ғылым. Зерттеу керек - адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды?
6 - о: Назерке: «Бесік басында»
Ән тыңдау: «Сәби болғым келеді»
7 - о: Гауһар:
Мұғалімнің сөзі:- Мұқағали туралы ой - толғау.
8 - о: Әли: Мынау қазақ даласы,
Алтай, Арқа арасы. Алатау мен Атырау,
Тойлап жатыр қарашы.
Естідің бе, ағасы.
9 - о; Ерен:
Жарқыра, жарқырайсың шын асылдай
Тереңде жатыр қанша сыр ашылмай.
Маржан жыр өткірлеген намысымды,
Халықтың қасиетті мұрасындай.
10 - о: Думан:
Жылатқан, толғандырған, күлімдеткен. жан аға құдіретті үнің неткен.
Мәңгілік сағыныштың толқындары,
Сезімнің айна көлін дірілдеткен.
11 - о: Сәбира: «Әліппе»
12 - о. Феруза:
Өлең дейді шіркін - ау өлең дейді,
Кейде өлең байқаусызда елеңдейді.
Жаныңа дауа болып жадыратар,
Өлеңсіз өмір гүлге бөленбейді.
13 - о: Рысты: «Ей, өлең»
14 - о: Айбөпе:
Слайд 2: «Өз дауысы:- тыңдау «Қарлығашым, келдің бе?»
15 - о: Бектау: «Отан»
16 - о: Альберт:»Мұқағали күнделігінен»
17 - о: Нұрасыл: «Елім барда»
Мұғалім: - Ақынның табиғат туралы жазған өлеңдері туралы.
18 - о: Маржан: «Таудағы көктем»
Ән тыңдау: «Есіңе мені алғайсың»
19 - о: Айнұр: «Үш бақытым»
- Мұқағалидың туған жері қалай аталады: - ҚАРАСАЗ.
20 - о: Ринат. «Қарасаз»
21 - о: Рысты: «Махамбет, Абайлар - ай»
22 - о: Зейнеп: «Мен таулықпын»
Ән тыңдау: «Саржайлау»
- Сөзжұмбақ: «МҰҚАҒАЛИ»

«М»- азан шақырып қойған есімі - Мұхамедқали.
«Ұ»- ұрпаққа қанағатты ұланғайыр жырларын Мұқағали атамыз зор сеніммен аманат етті.
«Қ»- Қарасаз.
«А»- «Аманат», «Аққудың қанатына жазылған жыр»
«Ғ»- «Ғасыр ақыны»
«А»- Асқар Оразақын - зерттеуші.
«Л»- Лашын - жары
«И»- имандылық «Дүние жүзі мұсылмандарына хат»
ІҮ. Қорытынды:- Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету