Сайтқа кіру Тіркелу

Зат есім. Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Негізгі және туынды зат есім жайында түсініктерін пысықтау, алған білімдерін жинақтау. Сөз байлығын арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту арқылы, өздігінен жұмыс жасай білуге, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өз әрекетін жоспарлауға, жүйелеуге, топта ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, ойындар, слайдтар
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын
Сабақта қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
Оқушы білімін тексеру
Мақсат қою кезеңі
Жаңа материалды түсіндіру
Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
Жаңа материалды бекіту
Үйге тапсырма беру
І. Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы, таң!
Қалдарың қалай?
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
III. Оқушы білімін тексеру.
Зат есім дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
Түбір дегеніміз не?
Қосымша нешеге бөлінеді және оларды ата
Сын есім дегеніміз не?
IV. Мақсат қою кезеңі: Негізгі және туынды зат есімдер жайлы мағлұматтар бере отырып, алған білімдерін жинақтау
IV. Жаңа материалды түсіндіру.

Зат есім
Заттың ұғымын, құбылыстың атын білдіретін сөз табы
Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
Тұлғасына қарай
Негізгі зат есім Туынды зат есім
Негізгі зат есім
құрт дене адам еден шатыр
Туынды зат есім
еңбек - тен, көңіл - шек, бас - тық, дана - лық
Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
152 – бет. 19 – жаттығу. Сөздерді салыстырып оқы. Олардың әрқайсысына сұрақ қой, айырмашылығын байқа.
өнер – өнерпаз балық – балықшы
күй – күйші көл – көлшік
сый – сыйлық орын – орындық
Қосымшалы сөздерді көшіріп жаз. Сөз құрамына талда.

20 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы

Тау мен тасты қопарар
Кенші болғым келеді.
Достық сәлем апарар
Елші болғым келеді.
Бармағынан бал тамған
Аспаз болғым келеді.
Алар озып бәйгені
Малшы болғым келеді

Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық,
Көбелек боп ұшайық.
Ұшып, ұшып алайық,
Әдемі гүлге қонайық

21 – жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
Шын еңбекшіл – өрмекші,
Өрмекші – шын өрнекші

Жаңа материалды бекіту.
«Біздің мектеп» ойыны.

Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
Негізгі зат есім дегеніміз не?
Түбір дегеніміз не?

Зат есім дегеніміз не?
Туынды зат есім дегеніміз не?
Қосымша нешеге бөлінеді

Морфология дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не және қандай сұрақтарға жауап береді?
Жалғау нешеге бөлінеді және оларды ата.
Нені білемін?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?
VII. Үйге тапсырма беру
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды зат есім 31 - 37 жаттығулар

Негізгі және туынды зат есім 31 - 37 жаттығулар

Мақсаты: 1. Негізгі және туынды зат есім есімдерді пысықтау. Сөз ішінен негізгі және туынды зат есімдерді тауып, талдай білуге үйрету....
Негізгі және туынды зат есім

Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың жабдығы: Кесте, тапсырмалар жазылған үлестірмелер Жалпы мақсаттар: Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын,...
Зат есім

Зат есім

Оқушылардың зат есім туралы алған, білімдерін саралап жинақылау, одан әрі тереңдету. Зат есім тақырыбын қайталау, білімдерін жетілдіру....
Сөз таптары

Сөз таптары

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Сабақтың мақсаты: 1. Сөз таптары. Сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау...
Негізгі және туынды зат есім

Негізгі және туынды зат есім

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосы бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Гулмира Танжарбаевна Сабақ тақырыбы: «Негізгі және туынды зат есім»...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×