Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан бойынш саяхат

Бұл тақырып 3 - сыныптың аяғында дүниетану пәнінен өткізілді.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Отан - Қазақстан, туған елі туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жыл бойы өткен тақырыптарды еске түсіру.
Дамытушылығы: Туған елі, Отан туралы Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:. Оқушылардың патриоттық, мақтаныш сезімін тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау сабақ, саяхат.
Сабақтың типі: интеграциялық, ойын сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу, дүниетану
Көрнекіліктер: мақал - мәтелдер, Қ. Р. рәміздері, Қазақстан қалаларының көрініс фотосуреттері, сұрақ - жауап слайдтары, ребустар.
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі.
2Қызығушылықтарын ояту.

Туған жер
Шықшы тауға қарашы кең далаға,
Мәз боласын, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгіресің,
Шаршайсың ба, құмарын бір қана ма?
Уа, дариға алтын бесік, туған жер,
Қадіріңді білмей келсем кеше гөр.
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасын болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Жүрегімді нендей күйге бөледің,
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
“Арманым жоқ бұл өмірде” дер едім.
- деп өз өлеңінде жазған Қасым Аманжоловпен әр нағыз қазақ келісер деп ойлаймын.
3. Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

4. Үй тапсырмасын сұрау
“Біздің Отанымыз - Қазақстан” тарауына кроссворд жасау.
5Білімдерін тексеру кезеңдері:
- Балалар, біз қандай республикада тұрамыз, еліміз қалай аталады, елбасы кім? – деп сұрақ қоймай - ақ қояйын. Өйткені ондай сұраулар сендер үшін, өте оңай, кез келгенің қиналмай жауап бере алатындарыңа сенемін. Менің мынадай сұрақтан бастағым келіп тұр:
- Біз қандай елде тұрамыз? Өз ойларыңды айтыңдаршы.(Егеменді, елде, тәуелсіз елде, кең байтақ елде, тату, берекелі елде).
- Дұрыс. Осындай елде өмір сүріп отырған мектеп оқушысы қандай болуы керек деп ойлайсыңдар? (Білімді, тіл алғыш, адал еңбек қор, әділ т. б.)
- Олай болса, білімді екенімізді, өткен сабақты қалай меңгеріп, қандай ой түйіп, не біліп келгенімізді тексеріп көрейік.
1 тапсырма”Сұрақ - жауап”кезеңі.
1 Парламентте “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы “ Заң қай жылы және күні қабылданды?
2 Қазақстан территориясы бойынша дүние жүзінде нешінші орында тұр? (9)
3 Қазақстан аумағы неше шақырымға созылып жатыр? (2, 7 млн.)
4 Елімізде қанша халық саны бар?
5 Елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады?
6 Неше әкімшілік облысқа бөлінеді?(14)
2 тапсырма “Картамен жұмыс”кезеңі.
- Балалар, саяхатқа жүре бастағанда, адаспас үшін нені білуіміз керек? Әрине жолды. Ал егер жолды дұрыс білмесеңдер ше? Ненің көмегіне сүйенесіңдер? (карта). Жолға шыққанда біз білеміз қай шаққа баратынымызды. Сол себепті бізге карта керек. Егер сендер таулы, өзенді, көлді жерлерге барсаңыздар сендерге картаның қандай түрі керек болады?
- Дұрыс, физикалық.
- Қала, ауыл, көрші елдерге сапарға шықсаңыздар картаның қай түрін қолданасыз?
- Саяси әкімшілік картасын.
- Жақсы. Осы кезеңде біз картамен жұмыс жасаймыз.(екі топқа картаның пішіні салынған плакат беріледі, соған оқушылар келесі тапсырмаларды орындайды).
1 Картаның он түстігін, сол түстігін, батысын, шығысын белгілендер.
2Қазақстан елі қандай елдермен шектеседі? (солтүс. Ресей, оңтүс. Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, шығыста Қытай).
3 Оңтүстік Қазақстан облыстарын картада белгіле. (Қызылорда, Жамбыл).
4 Солтүстік Қазақстан облыстарын белгілеу. (Ақмола, Қостанай, Павлодар).
5 Батыс Қазақстанның облыстарын атап көрсет (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау).
6 Шығыс Қазақстандағы ірі облысты белгіле ( Қарағанды).
- Келесі тапсырма, балалар, мына столдың үстінде жатқан суреттерді картаның тиісті жеріне орналастыру керек ( столдың үстінде бидай, тұз, көмір, алтын, мақта, жеміс, мұнай, темір суреттерін қай облыста өндірілетініңе байланысты орналастыру керек).
5 Сергіту сәті

«Аралас, қатып қал, қорытынды шығар» ойыны. Шарты: оқушылар сөйлемдегі қатені табады.

6 Тарихқа шолу.
- Балалар қараңдаршы қандай байтақ, бай, әдемі мақтан тұтатын жерлеріміз бар! Енді осындай жеріміз бар екендігі кімдердің арқасы деп ойлайсыңдар?
- Әрине, ата - бабаларымыздың арқасында.
- Тақтаға қараңдаршы мынау кімдердің суреттері және бұл адамдар жайлы не айта аласыңдар? ( тақтада Тәуке хан, Абылай хан, Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билердің суреттері ілулі болады).
- Жақсы, балалар. Бұл ұлы адамдар сол заманда елімізді басқарған. Ал қазіргі кезде, біздің елімізді кім басқарады? Бұрында ханның көмекшілерің билер деп атасақ, қазіргі заманда елбасымыздың көмекшілерің қалай атайды?(парламент: жоғары палата сенат, төменгі палата - мәжіліс деп аталады, үкімет министрлер кабинеті, үкіметті премьер министр басқарады, денсаулық сақтау, білім және ғылым, мәдениет, қаржы, қорғаныс, ауылшаруашылығы, сыртқы істер, ақпарат және қоғамдық министрлер салалары

бар).
- Ата - бабаларымыз өз парыздары мен міндеттерін жүзеге асырып осындай керемет жерді аманат етіп бізге қалдырды.
Ал сендер, балалар, егерде министр кабинетінде отырсаңдар, қандай маңызды жұмыстарды алға қойып атқарушы едіңдер?
“Егерде мен.....” атты ой толғау тапсырмасы. Тапсырма:
Оқушылар Үкімет рөліне кіреді. Өз ойларын, көз қарастарын білдіреді.
7 “ Поэзия минуты “.
- Өте жақсы, рахмет! Отандарына деген патриоттық сезімдерін көрініп тұр. Ендеше “Поэзия минутын” жасасақ қайтеді.
Оқушылар өз білетін Отан туралы өлеңдерің оқиды.
8 Қорыту кезең
- Балалар “Біздің Отанымыз – Қазақстан” тарауында қанадай тақырыптарды, не жайлы оқып білдік?
Балаларға жүрек суреттері таратылады, олар сол суреттерге Отандарына өз сезімдерің, тілектерің жазып, дауыстап оқып, картаға жабыстырады.
9 Үйге тапсырма: “ Менің Отаным....” атты тақырыпқа шығарма жазу.
10 Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Туған жер

Туған жер

Шықшы тауға, қарашы кең далаға Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?...
Қазақстан – біздің Отанымыз

Қазақстан – біздің Отанымыз

Отанымыз Қазақстан жайында білімдерін кеңейту. Отан, ел туралы түсініктерін молайту. Тақырып бойынша тиянақты, нақты жауап беруге үйрету; ойларын...
Қазақстан Республикам - менің

Қазақстан Республикам - менің

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтау. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс - тәсілдері:...
Туған жер. Қасым Аманжолов

Туған жер. Қасым Аманжолов

КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Омарова Гүлнар Жакановна...
«Туған жерім – Қазақстан»

«Туған жерім – Қазақстан»

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×