Сайтқа кіру Тіркелу

Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру

Сабақтың тақырыбы: Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру(есептемей салыстыр).
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: мәндерін есептемей - ақ әріпті және санды өрнектерді салыстыруды үйрету. Оқушылардың алған білімдерін есеп шығару барысында тексеру. Амал компоненттерінің бірінің өзгеруіне байланысты қосынды мен айырманың мәні өзгеретінін еске түсіру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ақыл - ойын, ой - өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушылардың өз ойын, толық дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу. Достық қарым - қатынас, ұжымдық іс - әрекет тәрбиесін беру.
Сабақтың әдісі: талдау - жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1 - слайд.
Оқушылардың сабаққа әзірлігі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
2 - слайд
Өткенді қайталау. Сұрақ - жауап
«Білім көзі - кітапта демекші». Кітаптың әр бетін аша отырып, тапсырмаларды орындаймыз.
- 50 санында қанша ондық бар?
50=5 ондық 2 ондық=20
9 ондық=90 10 =1 ондық
80=8 ондық
- 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100 ондықтармен тура сана;
ондықтармен кері санау 100, 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, 20, 10;
1дм= 10см
- 50+30 (санды өрнек) айырмашылығы
- в+30 (әріпті өрнек)
- Санды өрнектің - мәнін бірден табуға болады.
- Әріпті өрнектің - мәні бірден табылмайды, әріптің орнына сан ойлап табамыз.
- Өте жақсы! Тапсырмаларды орындап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтадық.

ІІІ. Жаңа сабақ
3 - слайд. Кітаппен жұмыс.
- Кітабымыздағы №1 есепті қараймыз”Кел, ойнайық” ойыны арқылы есепті шығарамыз. Ол үшін 1 - қатар қосудың компоненттерін атайды. Қосындының мәнін табады.
2 - қатар айырманың мәнін тауып, компоненттерін атайды.
3 - қатар айырманың мәнін табады.

ІV. Дәптермен жұмыс.
№1(ауызша) Теңдіктер, теңсіздіктер құру.
а+70 = 70+а
а+70 > 70 - а а - 0 > 70 - а
№2 4 - слайд. Салыстыру.
а в - 30
с+30 = 30+с 50 - с 10, 50 - 50<10, 50 - 40=10(түсіндіріп айтып шығару)

V. Сергіту сәті. 5 - слайд. «Көңілді сайқымазақтар» Сайқымазақтардың қимылына қарап балалар би билейді.

6 - слайд.”Кім көп біледі”
№3 есептемей салыстыр.
40+30 d - 30
80 - 40<80 - 10 d - 40 70 - 30 70 - c<30 - c

7 - слайд. Айгерімге көмек.
№4 Есепті шығар.
Анам 40 қызанақ көшетін және одан 20 - сы артық қияр көшетін отырғызды. Анам қанша қияр көшетін отырғызды?(есеп талданып, қызанақ пен қияр көкөніс екені, пайдасы туралы да айтылып өтіледі)
Қысқаша шарты жазылады.
Қызанақ - 40 көшет
Қияр -?, 20 көшет артық↑
Ш: 40+20= 60(көшет)
Ж: анам 60 қияр көшетін отырғызды.
- Өте жақсы! Айгерім есеп шығаруға көмектескендеріңе рахмет айтуда.

VI. Қорытынды.
8 - слайд.«Ойлан тап»
1. Мен бір сан ойладым, оған 50 - ді қосқанда, 90 шықты. Мен қандай сан ойладым? (40)
2. Мен бір сан ойладым, оған 30 - ды қосқанда, 80 шықты. Мен қандай сан ойладым? (50)
3. Мен бір сан ойладым. Одан 20 - ны азайтқанда 40 шықты. Мен қандай сан ойладым? (60)

VII. Бағалау. Оқушылар бағаланады.
VIII. Үйге тапсырма: №5, 180 - бет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×