Сайтқа кіру Тіркелу

Төрт түліктің кеңесі

Тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі
Мақсаты: 1. Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқыту. 2. Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. 3. Төрт түлікті бағып – күтуге байланысты еңбек түрлерін атату
Көрнекілігі: төрт түлік суреті
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Түйе өлеңін мәнерлеп оқыту. Сұрақтарға жауап алу
ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақты мақсатымен таныстыру
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Суретке зер сала отырып, мәтіндегі тіркестерді пайдалан Мәтінді мәнерлеп оқып беру, оқушыларға мәтінді рөлге бөліп оқыту
Мұғалім: Қандай үй жануарларын білесіңдер?
Оқушылар: Өздері білетін үй жануарларын атай бастайды.
Мұғалім: Үй жануарларына жылқы, қой, ешкі, түйе, сиыр және тіпті қаз - үйрек, ит пен мысықта жатады екен. Бірақ біз бүгін соның ішінде төрт түлік туралы білгелі отырмыз.
Мұғалім: Төрт түлік туралы, оны халқымыз неге «Төрт түлік»- деп атағанын түсіндіріп кетеді.
Оқушылар: Өз түсініктері бойынша жауаптары тыңдалады. (әңгімелейді)
1 - тапсырма. Суреттерге қарап отырып жұмбақтың шешуіне сәйкесін тап.
І. Маң - маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.

«Шөк» дегенде, «Бұқ» деген,
Апам үйін жүктеген.

ІІ. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.

ІІІ. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.

ІҮ. Баласын «құлын»- дейді,
Шабады, жүгірмейді.

Мұғалім: Иә, Балалар жұмбақтардың шешуі қандай екен.
Оқушылар: Түйе, қой, сиыр, жылқы
Мұғалім. Төрт түлікке мінездеме бере отырып, пайдасы, оны халық қалай құрметтейтіні жөнінде қысқаша мәлімет береді.
Салыстыру.
Мұғалім: Адам мен малдың ерекшеліктері қандай?
Оқушылар: Адам ойлайды, білімді - деген сияқты өз ойларын айтады, олар міндетті түрде адамның сөйлейтінін, малдың дыбыстайтынын атап өтеді.
2 - тапсырма. Жануарлар қалай дыбыстайды? Әр жануарға сәйкесті дыбысты сызба арқылы көрсет.
Үлгі: Әтеш шақырады, Мысық мияулайды.
Қой
Кісінейді
Жылқы
Мөңірейді
Түйе
Маңырайды
Сиыр Боздайды
Сергіту сәті:
Дос болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік,
Достық деген тамаша,
Міне, тұрмыз жараса.
3 - Тапсырма. Суреттердегі жануарлардың қасында төлі бар, ал оларды қалай атайды
Сиырдың төлі бұзау.
Жылқының төлі құлын
Қойдың төлі қозы.
Түйенің төлі бота.
4 - тапсырма. Әр жануарға мінездеме беріп көрейік. Оқушылар өз ойларын айтады.
1. Түйе шөлге төзімді.
2. Сиыр қорқақ, сүйкімді.
3. Қой момын, кішкентай.
4. Жылқы сұлу, жүйрік.
Қорытындылау.
а/ Ата - анаң сені жақсы көргенде қай жануардың төлінің атын атайды.
Мені Анам «Құлыным» дейді
Мені Анам «Қошақаным» дейді
Мені Анам «Ботақаным» дейді
Мені Анам «Ақ лағым» дейді

ә/ Төрт түліктің пайдасын мынандай сызба түрінде дәптеріңе түсір.
Жүнінен жасалатын заттар Терісінен жасалатын заттар Сүтінен әзірленетін тағамдар

Ү. Сабақты қорыту. Жоғарыдағы мәтінді сахналау
2. Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді теріп жаз.
1. Тұрмыс жағдайы төмен адам: қоры үзілген қуға бітем.
2. Еңбекқор адам: Шаруа қуған басқа бітем.
3. Батыл, өжет адам: Найза ұстаған ерге бітем.
4. Шаруасы жақсы, бай адам: Ел ішіндегі зорға бітем.
ҮІ. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу
ҮІІ. Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×