Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ тілі 4 сынып сабақ жоспарлары

Қазақ тілі

№ 1. Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Мақсаты: 3 - кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: қайталау сабақ Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру жай сөйлем дегеніміз не? Айтылу мақсатына қарай түрлерін ата. ә) оқулықпен жұмыс 1 - жаттығу (Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Мәтіннен хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдерді тап. Ауызша орындау.) б) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу.
Көркем жазу А а А а
Алма.

2 - жаттығу Сызбаға қарап, қандай қорытынды шығаруға болады?

Жай сөйлем. Жалаң сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Жайылма сөйлем бастауыш, тұрлаусыз, баяндауыштан тұрады.
1 - жаттығудағы қарамен жазылған сөйлемдерді сызба бойынша талдау.(Қарамен жазылған сөйлемдер Жайылма сөйлемдер себебі олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден тұрады.) 4 - жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз. (Жұлдыздар тізілді, ай үңілді)
5 - жаттығу Сергіту жаттығуы(терең ойлау тапсырмасы сызбадағы жай сөйлем түрлерін салыстырып, олардың ұқсастығын мен айырмашылығын дәлелде.)
6 - жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындату Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір. Жалаң сөйлем: Жаңбыр сіркіреді. Қаз қаңқылдады. Жайылма сөйлем Жолдасты жол айырады. Екі дос мектептен қайтты. т. б

IV. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? І қатардың балалары жалаң сөйлемдер айтады(Мысалы, Бауыржан келді.) ІІ қатардың балалары жайылма сөйлемге айналдырады(Бауыржан сабақтан келді). ІІІ қатардың балалары жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдейді Сөйлем түрлерін ата.
V. Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлем

Білімділік: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін еске түсіріп қайталау Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге...
Жалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлем

Жаттығулар орындау барысында жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдерді айыра білуге жаттықтыру. Тұрлаусыз мүшелер жайында білімдерін жетілдіру Сөздерден...
Жалаң және жайылма сөйлем

Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы...
Жалаң және жайылма сөйлем (қысқа мерзімді жоспар)

Жалаң және жайылма сөйлем (қысқа мерзімді жоспар)

«М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Г. М....
Жалаң және жайылма сөйлем.

Жалаң және жайылма сөйлем.

Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы Қазақ тілі. 3 сынып. Сабақ тақырыбы: Жалаң және жайылма...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×