Сайтқа кіру Тіркелу

Сапар мен парта. Адырбек Сопыбеков

Сабақтың тақырыбы: Сапар мен парта. Адырбек Сопыбеков

Жалпы мақсаты: Адырбек Сопыбеков өмірімен таныстыру.
Шығарманың негізгі ойын өз бетімен түсінуге жағдай жасау.
Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір - бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулу.

Сілтеме: 4 сынып, Ана тілі, С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова.
Слайд, бейне фильм, сабақ жоспары, мультимедиа

Оқыту нәтижесі: Оқушылар мысал туралы түсінеді. Шығарманың негізгі ойын ашады.
Өз ойын еркін айтуға қалыптаса бастайды. Бір - бірінің пікірін тыңдауға, санасуға бейімделе түседі.
Жұппен, топпен кедергілерден бірлесіп шығудың жолдарын іздестіреді.

Негізгі идеялар: Мысалдың негізгі ойын түсінеді. Жұппен, топпен жұмыс істеу мәдениетін меңгереді. Шығармашылық қабілеттері арта түседі.
Оқушы нені білуі керек: Мысал жанры туралы түсінуі. Мысалдың негізгі ойын аша білуі. Мысалдың тәрбиелік мақсатын түсіне алуы.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері: Оқушылардың өлеңнің мазмұнын өз бетімен түсініп, жұпта, топта еркін жұмыс істей білуі. Негізгі ойды түсініп, тәрбиелік мақсатын ұғынуы.

Сабақтың жүру барысы
1. Ұйымдастыру.

2. Психологиялық дайындық.
Оқушылармен амандасу.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Көңіл - күйлерің жақсы ма! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін бәрің әдемі болып кетіпсіңдер.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру «Арыстан мен Тышқан»
Үш топқа да «Арыстан мен Тышқан» мысалынан көрініс көрсету тапсырылды.

І. Қызығушылықты ояту
Ой қозғау «Армандайық!»
- Қанеки, барлығымыз көзімізді жұмып, мұғалімнің мәтінін тыңдай отырып армандайықшы. (Ақырын музыка ойнап тұрады.)
Мұғалім:
- Міне, жарқырап күн нұрын шашып тұр. Күннің алтын шапағы бетімнен сүйіп алғандай болды. Барып терезеден далаға көз салдым. Көз ұшында дала төсінде жайқалып құлпырып өскен түрлі - түсті гүлдер бейнесі көрінеді. Табиғат ана бар сыйын осы гүлдерге сыйлағандай. Табиғат - тіршіліктің бесігі болса, мына даланың төсінде керіліп жатқан таулар тізбегі, сол тауларда құлпырып өскен өсімдіктер - сол тіршіліктің қоймасы тәрізді. Мен болсам сол табиғаттың ақылды перзентімін. Осы тау етегіндегі мекен - менің білім алып жатқан мақтанышым дегім келеді.

(Гүл түрлеріне байланысты топтарға бөлінеді.)
1. Топқа бөлу гүлдер түрлеріне байланысты.
2. Топ басшысын сайлау
3. Бағалау парағы

«Ой түрткі» сұрақтарын қойып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
- Балалар, осы мәтінді тыңдай отырып, өздеріңді қайда жүрмін деп елестеттіңдер?
- Сапар терезені неге ашты?
- Күннің шапағы қандай болды?
- Ол нені көрді?
- Тауды неге теңейді?
- Таудың етегінен нені көрді?
- Табиғат ана не сыйлады?
- Табиғат ненің бесігі?
- Сапар қайда жүр?
- Ол нені мақтан тұтады?
- Өзінің оқып жүрген мектебін.
- Ал өздеріңе мектепте оқыған ұнай ма?

Мағынаны тану
Жаңа сабақпен таныстыру. "Сапар мен парта» мысалы
Адырбек Сопыбеков жайлы қысқаша мағұлымат беру.

Біз бүгін сендермен "Сапар мен парта» мысалын оқып танысамыз. Бұл мысалды еліміздің белгілі ақыны Адырбек Сопыбеков ағаларың жазған. Қазір осы кісінің өмірбаянымен танысамыз.(слайд)
Сопыбеков Адырбек 1937 жылы 5 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Кеңес ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін және Алматыдағы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген. 1967 – 1985 жж. Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінде әдеби қызметкер, Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» (қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінің редакторы, Жаңақорған аудандық партия комитеті саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, «Кітап» қоғамы аудандық ұйымының жауапты хатшысы қызметтерін атқарады. 1985 жылдан аудандық мәдениет бөлімі жанындағы Қазақстан Халық ақыны М. Көкеновтың шығармашылық өнер мектебінің ғылыми - әдістемелік кеңесінің төрағасы, 1990 жылдан осы өнер мектебінің директоры болып қызмет атқарып келеді. Шығармалары: Көзілдірік. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Айға сапар. Фантастикалық поэма. А., «Жазушы», 1967; Шешілген жұмбақ. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1969; Кім қалай ұйықтайды. Өлеңдер мен аңыздар. А., «Жазушы», 1973; Көктем жыры. Өлеңдер. А., «Жалын», 1976; Базарлық. Өлеңдер. А., «Жалын», т. б

«Барлық білім кітапта!» екені баршамызға белгілі. Қазір мен өлеңді мәнерлеп оқимын, сендер мұқият тыңдап, түртіп алу әдісі арқылы, өздеріңе таныс емес сөздерді түртіп алыңдар. (Мұғалімнің мәнерлеп оқуын тыңдайды және Инсерт әдісі бойынша түртіп алады)

4.«Өзім үшін жазамын!»
«Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен - өзі сөйлескен сөзін монолог деп атайды». Мәтіннен монологты табу.

5. РАФТ әдісі
1 - топ. Парта - Сапар - хат -«Менің мүшкіл халім» (Парта Сапарға хат жазады)
2 - топ. Сапар - Сынып жетекші - Түсініктеме -«Түзелуге сөз беру.» (Сапар сынып жетекшісіне түсініктеме жазады)
3 - топ. Сынып жетекші - Ата - анаға - Эл.- Почтаға -«Сапардың тәртібі» (Сынып жетекші Сапардың ата - анасына электрондық хат жазады)
(РАФТ әдісі бойынша оқушылар хат, түсініктеме, электрондық хат жазады.)

Сергіту сәті
Ой толғаныс
«Ыстық орындық» әдісі
Өз жұмысын оқысы келетіндер, ортадағы биік орындыққа отырып оқиды. Әр топтан бір сұрақ қояды.

Бағалау
Бағалау парағы Бағалау парағын топ басшысы өз тобымен ақылдаса отырып толтырады, жалпы ұпайын шығарып, әр оқушының бағасын айтады.
Оқушының аты - жөні Тәртібі Үй жұмысы Сұрақтарға жауап беру РАФТ Автор орындығы Жалпы ұпай

Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл беріледі.
«5» — 21 - 25 ұпай
«4» — 14 - 20 ұпай
«3» — 5 - 13 ұпай
«2» — 0 - 4 ұпай

Үйге Үйге тапсырма
1 - топқа Өлеңді мәнерлеп оқу.
2 - топқа Монологті жаттау.
3 - топқа тақырыпқа байланысты сурет салу

«Сабақтан алған әсерім»
1. Мен сабаққа қатыстым белсенді / белсенді емес
2. Сабақтағы өз жұмысыма ризамын / риза емеспін
3. Сабақ мен үшін қысқа / ұзақ
4. Мен сабақта өзімді жақсы сезіндім / шаршадым
5. Менің көңіл - күйім жақсара бастады / мүлдем жаман
6. Сабақ мен үшін түсінікті / түсінікті емес
7. Мұндай сабақтар Қызықты / қызықты емес
8. Жұппен, топпен жұмыс істеген Ұнады / ұнамады
Сабақтан алған әсерлерін оқушылар кестені толтыра, үш түрлі түс: жасыл түс түсіндім, сары түс түсінгендеймін, қызыл түс түсінген жоқпын дегенді түсіне отырып, кітаптың маңайына күн шапағын жасай жапсырады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×