Сайтқа кіру Тіркелу

Менің отаным мақтанышым

Сынып сағаты: " Менің отаным мақтанышым"
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың халқына Жолдауы.

Мақсаты:
1. Оқушылардың білім деңгейін, сөздік қорын дамыту;
2. Елбасының жолдауынан хабардар етіп, алда қойылған мақсат – міндеттер туралы мағлұмат беру;
3. Отанын сүюге, ел - жұртын құрметтеуге, адалдыққа тәрбиелеу.

Барысы:
I Кіріспе
II Қазақ елі, жері туралы қысқаша түсінік
III Елбасы Жолдауы – ел назарында
IV Отан, туған жер, ел туралы өлеңдер, мақал - мәтелдер
V Қорытынды

Мұғалім: Құрметті, балалар!
Қазақстан! Қазақ халқының Атамекені, ұлы ордалы, киелі ошағы. Осы тұғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешемін. Асқар таудың биік белесінен жарқылдай жайнап, бүкіл әлемге қуаттана қарап, өзін мәңгілікке хабарлап тұрған «Қазақстан» атты жазуды байқап, оның мәртебесі аса жоғары, мерейі өте үстем, тұғырын тот баспайтынын мақтанышпен сезіп мәз - мейрам боламын. Қазақстанның басты әрі өрісті байлығы халқы шын тебіреніп, ұмтыла алға адымдап барады.
«Қазақстан» атты ұлы есім және осы елдің бейбіт келешегі адамзатты ұйыта ойландырады. Біздің қазақтың жүрегіне мықты намыс, айбарлы арыстандай қайратты күш - жігер жиналған. Сондықтан да олар Қазақстанның айбынға толы келешегі үшін ауызбіршілігін молайта бірлесіп, күресе, атсалыса біледі.
Болашақта жұлдызды Қазақстан әлемдік аренаның басты орнына ие болады деп нық сенеміз.
Қазақстан Республикасы – Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Аумағы - 2724 мың км2. Халық саны бүгінгі таңда 16 млн. 403 мың. Қазақтың үлес салмағы 61%- дан асты. Қазақстан Республикасы зайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Діни нанымның негізгі бағыттары - ислам және христиан діндері. Елордасы - Астана қаласы. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығаратын жоғары органы - сенат және мәжілістен тұратын парламент. Атқарушы билігі - республика үкіметі. ақша бірлігі - теңге.
Елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде.
Әркімнің өз жері – мысыр шаһары. Мысыр шаһары деген сөздің мағынасы - әдемі, сұлу, қасиетті деген мағынаны білдіреді. Мен өз елімді мақтаныш етемін.
Әсел:
Жыл сайынғы Жолдау қоғамдық өміріміздегі елеулі оқиғаға айналатындығы белгілі. Сондықтан да болар, биылғы Жолдауды да қалың жұршылық елендей тосты. Искра орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары көгілдір экран арқылы берілген биылғы Жолдауды асқан ыждағаттылықпен тыңдады.
Жолдауда елімізді әлеуметтік - экономикалық жаңғыртудың он негізгі бағдары айқындалып, нақты міндеттер белгіленді. Айтылған негізгі 10 бағыттың ең маңыздысы – әрине, халықты еңбекпен қамту тұрғысындағы келелі міндеттер. Аталмыш мәселе тек біздің елімізде ғана емес, дүниежүзінде де алдыңғы орында тұр десек, қателеспейміз.
Анар:
Сондай - ақ, биік мінберден айтылған денсаулық сақтау саласын дамыту, онкологиялық ауруларға қарсы күрес тұрғысындағы пайымды пікірлер де жұртшылықты жай қалдырмады. Адамдарды жұмыспен, қолжетімді баспамен, сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету бүгінде көпшілікті толғандырып отырған ең өзекті мәселелер екені белгілі.
Жалпы, биылғы Мемлекет басшысының халыққа арналған Жолдауында еліміздің 2020 жылға дейінгі даму бағдарына арналған нақты міндеттер мен мақсаттар айқындалып, оны жүзеге асыруға байланысты атқарушы органдарға тапсырмалар белгіленді.
Фарида:
Республикам менің, күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім мөлдіреген көк аспан.
Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,
Көрсең ашық Алатаудың күндерін,
Жерінде гүл, көгінде күн бір жүрген.
Мақал - мәтел

Қорытынды:
«Біз барлық күштерді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарға аса белсенді қатысуға шақырамын»
(Қазақстан халқына Жолдауынан)
Құрметті, балалар! Сендер Отанымыздың болашақ ұрпағысыңдар. Жақсы оқып, тәртіпті болып, өз еліңді, жерінді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешегі, тірегі атаныңдар.

Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым»
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ - жауап
Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Президент портреті
Барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Рәміздерім - мақтанышым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР - ның Әнұранын орындайды.
Жанғаным:
Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

Айжол: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.
Жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әнұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?

Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов
Камила: ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.
Еркін:
Бәрі болған қараң сынды көне
Ел белгі де, ерлік өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

Жүргізуші: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
Гүлназ: 1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
Жалғас: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.

Аяна:
Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен - таңба.

Камила:
Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Жүргізуші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.
Ал, балалар, ҚР - ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?
Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.

Жүргізуші: Олар қандай мағынаны білдіреді?
Жанғаным: Көк аспан – кеңшіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.
Еркін: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
Гүлназ: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.
Аяна: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.

Қорытынды.
Айжол: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!
Жүргізуші: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×