Сайтқа кіру Тіркелу

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оңушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру, кұрамында күрделі мүшесі бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
2. Дамытушылық: дара және күрделі мүшелерді ажырата білу дағдыларын дамыту, сауатты әрі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру
3. Тәрбиелік: тиянақтылыққа, зейінін тұрақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, қайталау, салыстыру, көрнекілік, ізденушілік
Сабақтың көрнекілігі: кесте, интерактивті тақта, топтық тапсырмалар
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым, дара тілім.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
А тобы - 5 сөйлем құрау Б, В топтары - 33 - жаттығу, С тобы - «Еңбекқор балалар» әңгімесін құрауға берілген
А тобы өз тобында тексеріп, талдайды. Б, В топтары Ең үздік мәтінді таңдайды. С тобы - «Бір айналым сөйлесу» арқылы «Еңбекқор балалар» тақырыбына мәтін шығарады.
III. Өткен сабақты бекіту. Шеңбер бойынша тұрып сөйлем туралы білетіндерін айтады.
Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
Сөйлем мүшелері нешеге болады?
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата
Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем қалай аталады?
Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
Баяндауыш көбінесе қандай сөз табынан жасалады?
IV. Жаңа материалмен жұмыс.
1. Ой ширату
- Балалар, тақтада берілген бағандардағы сөздерге назар аударып, оқып көрейік.. Әр бағандағы сөздердің ішінде қай сөз артық деп ойлайсыңдар?
IV. Артығын тап, неге екенін дәлелде. 4 - топқа бір қатардан беру
Қысқа ---- жазды ---- ұзын бойлы --- алты
Ұзын ---- оқыды ------ қара торы ------ тоғыз
Қара ----- көріп тұр ---- ала торы --- екі жүз
ақ сары --- естіді --------- бойшаң ----- алпыс
жуас ------ ұшты --------- қызыл ала --- сексен
• Ендеше бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
• Осы сабақтан нені білуіміз керек деп ойлайсыңдар? Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты1) Таңдаған 1 сөйлемді әдемі етіп көшіріп жаз.
Оралхан Бөкей - «Бес тиын» әңгімесін жазған.
Әлібек Асқаров - Мұзтауды бағындырған жазушы.
Қалихан Ысқақовтың «Қоңыр күз еді» шығармасын оқыдық.
Алтайда туғандар - Алтайды жырлайды.
Табыс критерийлері:
• Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері жайлы түсінік алу және сөйлем ішінде ажырата алу;
• Дара және күрделі мүшелерді пайдаланып сөйлемдер құрау
2. Сөйлемдерді салыстыр, ұқсастығын, айырмашылығын тап. Әр топқа 1 жұп сөйлемнен беріледі. Жазып, сөйлем мүшесіне талдайды, сұрақ қою арқылы, айырмашылығын табады.(дара және күрделі)
 Айгүл мектепке барды. Айгүл мектепке бара жатыр.
 Серік Сәпиев – атақты чемпион. Серік чемпион атанды.
 Бір жылда он екі ай бар. Бір айда отыз күн бар
 Әсемнің атасы ұзын бойлы адам. Әнуардың қара күшігі бар.( ережені енгізу) жаттап «Броундық қозғалыс» арқылы бір - біріне айту.
V. Оқулықпен жұмыс.
37 - жаттығу Ойларын дәлелдейді топта бір - бірін үйретеді, тексереді.
А тобы: жазады, күрделі мүшенің астын сызу
В тобы: жазады, күрделі мүшенің астын сызады, қай сөз табынан екенін үстіне белгілейді.
С тобы: жазады, сөйлемге толық талдау жасайды (уақытша топта тексереді. Әр топтан 1 оқушыны сұрау.)
Ойын «Кім жылдам?»
Әр қатардың оқушылары сөйлемнің күрделі мүшелеріне мысалдар жазу.
Сан есім Сын есім Етістік Зат есім
Тез әрі дұрыс жазған қатар жеңіске жетеді.
Сергіту сәтін жасату
«Ия – жоқ» ойыны.
Тез орындарынан тұрады.
 Сабақтан қалғысы келмейтіндер
 Үлкенді сыйлайтындар
 Табиғатқа қамқорлық жасамайтындар
 Сабаққа кешігетіндер
 Кітапты күтіп ұстайтындар
 Күнде үй тапсырмасын орындамайтындар
 Күнде бес алғысы келетіндер
 Ата - анасын қуантқысы келетіндер
VІІ. 1 - топ: Берілген сөйлемдерден дара және күрделі мүшелерді тауып, «Ішіне – сыртына» шеңберіне орналастыру. (Сағынып қалыпты, ойнады, қызыл ала, өсіп тұр, келдік, он бес, келді, көріп отыр, сайрады.)
2 - топ: Сыңарын тап, күрделі мүшені тап.
Білгенің бір тоғыз,
...................................
Еңбек етсең ерінбей
.................................
Жақсы бала ата - анасын
.........................................
3 - топ: өлең құрау(күрделі мүшелерді тауып сызу)
Айналамда ұшып жүр
.....................................
.....................................
Сары ала атырап.
4 - топ: Күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрау.
1) Туған жер туралы
2) Өз мектептерің туралы
3) Өз сыныбың туралы
4) Кешігетін оқушы жайлы
VІІІ. Жатқа жазу: күрделі мүшелерді табу, сызу, талдау( жұппен тексеру)
А: Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр.
В: Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол ұзыны,
Оны сен де танып ал.
С: 36 – жаттығу
VIII. Сабақты қорытындылау. «Ия – жоқ» ойыны + -- белгілерін қою.
1) Құрмалас сөйлем бір ғана тиянақты ойды білдіреді.
2) Сөйлем мүшесі дегеніміз – сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы сөз.
3) Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.
4) Дара баяндауыш күрделі етістіктен жасалады.
5) Бастауыш - сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
6) Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады
Дұрыс жауап беру арқылы өзара тексерту.

Бүгінгі сабақта нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?
Табыс критерийіне белгі қою. (күн, бұлт, ай)
IX Үйге тапсырма: А – 41 - жаттығу, В - 43 - жаттығу, С - «Қазақстан - Отаным» тақырыбына шағын шығарма жазу, күрделі мүшелері болсын
Бағалау парағына талдау. Неше оқушы «бес», «төрт», «үш»?
Сумативті бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×