Сайтқа кіру Тіркелу

Сөз және оның мағынасы

Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Мақсаты оқушыларға сөз және оның мағынасы жайлы толық мағлұмат бере отырып түсінік беру, сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, СТО
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, слайд, суреттер, бағалау парағы

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Оқушыларды топқа бөлу: жеребе тарту(1, 2, 3, 4), топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 12 - жаттығуды тексеру. Бастауыш пен баяндауышты тауып, тиісті жеріне сызықша қою? Асоциация құру (слайд 2)
Абай - қазақ халқының ұлы ақыны. Күләш - қазақ халқының бұлбұл әншісі.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
2) Сөздің мағынасын ашу..

ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
а) Дәптермен жұмыс. Күн реті, көркем жазу сәті Яя саябақ, қоян. (слайд 3)
І топ. 19 - жаттығудағы Кестеге қарап, білезік сөзі туралы не айта аласың? Білек сөзіне асоциация құру.( слайд 4)
Білезік әшекей бұйым. Білезікті қыз – келіншектер, әжелер, апалар тағады. Білезік күмістен, алтыннан жасалады. Күміс білезік тағып жүрсе көп ауырмайды деген ұғым бар.

ІІ топ. 20 - жаттығу мәтінді оқу, талдау. Сабақ сөзіне мәндес сөздер асоциациясын құру.
Сабақ сөзі қандай мағыналарда жұмсалатынын айтып түсіндіру. Сабақ сөзін оқушылар білім алу деп түсінеді. Сабақ оқу оқушыға үлкен міндет болып табылады. Сабақ оқымаған оқушы болашақта үлкен армандарына қол жеткізе алмайды.

ІІІ топ. 22 - жаттығудағы өлеңдегі қарамен жазылған бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәлелде. Бұрыш сөзіне мәндес сөздер асоциациясын құру.
Бұрыш сөзі бірінші мағынасында тамаққа қосылатын бұрышты білдіріп тұр, екінші мағынасында үйдің бұрышын білдіріп тұр.

ІV топ. 23 - жаттығу. «Мәтінді түсініп оқу. Қарамен жазылған сөздер тобы қандай мағына береді? Топталып бір мағына беретін тағы қандай сөздер тобын білесің? Дұшпан сөзіне мәндес сөздерін тауып, жазу бұлар қандай сөздер?
Қарамен жазылған сөздер тобы тойтарыс берген сөзі. Бұл сөз жеңіске жету, жауына қарсы тұру деген мағынаны білдіріп тұр. Топталып бір мағына беретін сөздер. Дұшпан сөзіне мәндес сөздер жау деп алсақ болады.

(слайд 5) Сергіту сәті: Буындағы адасқан әріпті тап, сөзді құрастыр
Тақя+қи
ақ+бырз
Күй+бер
кір+тіл
Кеше+бер
уыз+нар
Мата+аз
уқ+қал

(слайд 6)
І топ - Мағынасы мәндес сөздерді қатыстырып сурет бойынша жағдаят құрастыру.
ІІ топ - Мағынасы қарама - қарсы сөздерді пайдаланып, «Екі саны» тақырыбында бес жолды өлең жазу.
ІІІ топ - Дыбысталуы бірдей, бірақ беретін мағыналары әр басқа сөздерді пайдаланып ЭССЕ жазу
ІV топ - «Сөздер шахарында» тақырыбында ертегі құрастыру. Барлық сөз мағыналарын пайдалану.

(слайд 7) Шығармашылық тапсырма:
1. Құмырсқа сөзіндегі әріптерді пайдаланып басқа сөз құрау.
2. С әрпінен басталатын сөздерді ғана пайдаланып әңгіме құрастыру
3. Ө әрпінен басталатын сөздер анаграммасын құру
4. З әрпінен басталатын зат есімді пайдаланып, мәндес сөздерді жазу

(слайд 8) ҮІ Қорытынды:
а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
(слайд 9) ҮІІ Үйге тапсырма: 21 - жаттығу Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жаз. Мағынасы қарама - қарсы сөздердің астын сыз.
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×