Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын күз мерекесі (ертеңгілік)

Күз – мерекем, күз – берекем
Зал әдемі безендірілген, іші күздің жапырақтарымен көркемделген.

Армысыздар, бармысыздар!
Көптен күткен мереке,
Алтын күзді қарсы алыңыздар!
Жарысқа түскен әр сыныпқа
Сәттілік тілеңіздер!

Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі. «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
Күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.

Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.

Дала сары секілді
Самал соқты салқындау.
Қырманға дән үйілді,
Алтын астық, алтын тау.

Қамба толы астыққа
Алғыс саған, Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап – қап қауын алдық біз.

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан қоңыр күз.
Мәуе пісіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Көзді тартқан қоңыр күз.

Шие: Мен моншақты шиемін,
Құмарсыңдар білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім.

Алма: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайың.

Алмұрт: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.

Әңгелек: Сары алтындай әңгелек,
Қандай тәтті әңгелек.
Дәмі аузыңнан кетпейді,
Барлығы оған жетпейді.

Қарбыз: Теңбіл – теңбіл қарбызды
Тентек Серік жарғызды.
Сонан соң оны жеді,
Жеді де былай деді:
- Сүйек болмаса, еті
Неткен тәтті - деді.

Құлпынай: Піскен кезде құлпынай,
Қандай тәтті шіркін – ай.
Қарай бергің келеді,
Дүркін, дүркін, дүркін – ай.

- Алтын күз, жеміс – жидектермен бірге көкөністер де келіпті енді соларды тыңдап көрейік.

Оқушы: Біздің елге келіпті ғой Алтын күз,
Жомарттығын бақыладық бәріміз.
Кім табады, кім табады келіңдер.
Көкөністер өнерін бір көріңдер.

Қызынақ: Бақшамызға көптеген,
Қызынақты өсірдік.
Күз болғанда шырынын
Дайындадық мол етіп.
Дәм татыңыз қып – қызыл,
Қызынақ деген мен болам.

Қияр: Қияр деген мен болам,
Ерте пістім бақшада.
Салат жасап өзімнен,
Қуантамын бәріңді.

Қырыққабат: Қабат - қабат тоным бар,
Капустаңыз мен болам.
Аспаз тәтей дәмді ғып,
Дайындайды әрдайым.

Сәбіз: Бақтан атам бақшаға
Әкелді сәбіз қаншама?
Сол сәбізден дәм татып,
Бойым өсті соншама.

Бидай: Нан атасы бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын.
Піскенімде мен қырда,
Қауызыма сыймаймын.

Тары: Ақ, қарамын, сарымын,
Мен атақты тарымын.
Еңбегімнің жаз бойғы
Қайтарамын қарымын.

Сұлы: Мен сұлымын шырағым,
Барлық малға ұнадым.
Ауырлаған басымды,
Көтере алмай тұрамын.

Арпа: Қызыл мұртты арпамын,
Ырыс – құтты арнамын.
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.

Бүгінгі мерекеміздің бағдарламасымен таныстырып өтейік:
1. Таныстыру
2. Викториналық сұрақтар
3. Сән үлгісі
4. Күзгі дастархан
5. Көкөністерден, жемістерден бейне жасау (плакат)
6. Полиглот
7. Өз өнерін көрсету. (вальс, ән орындау )

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

- Ал енді осымен сайысымызды бастаймыз.
- Ол үшін әр топтың басшысы шығып қоржыннан асық алуы тиіс. Сол алған асықтағы белгіленген нөмір бойынша сайысқа түседі. Сонымен таныстыру кезеңі: 3 топ қатысады: 1 топ «Жас қырандар», 2 топ: «Сұңқарлар», 3 топ: «Білгіштер».
Жарқын дауыспен айқайлап,
Танысып өтсек әр жұппен. (1. Таныстыру: топтың аты, ұраны, эмблема)

2. Викториналық сұрақтар: Келесі сайысымыз викториналық сұрақтар. Сайысымыздың шарты бойынша әр топтың басшысы ортаға келіп, үстелдегі конверттерді таңдайды. Сұрақтарға жауап береді.

- Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ – демекші күз белгісін бейнелеген сәнді сән үлгілерін тамашалайық. 3. Сән үлгісі:
Сайыскерлеріміз дайындалғанша ортаға --------------------- әнімен шақырамыз.

4. Күзгі дастархан сайысына кезек береміз. Қолынан бал тамған сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап, дәмін татайық.
Күзгі жеміс – жидектен
Жасаған тамақ тұр міне
Мұрныңды жара есіктен
Неткен дәмді тағам ең!

5. «Плакаттар» байқауы. «Күз» тақырыбындағы плакаттар байқауы.
6. Өз өнерін көрсету.
Шешендік еліміздің данасы,
Ән мен күй қаламыздың ағасы
Би билеп шырқайтұғын қыз бен жігіт,
Өнерін көрсетпейді деп айта алмайсың – дей келе келесі сайысымыз өнер сайысын бастайық. Ортаға 1 номерлі топты шақырамыз.

7. «Полиглот» ойыны
Мен жасырған жұмбақтардың жауаптарын үш тілде айту керек:

1. Тал басында
Тундіксіз отау (құс ұясы – … – …)

2. Күндіз тіпті ұшпайды
Түнде тышқан ұстайды (жапалақ – … – …)

3. Жаурағанда күлдірер,
Өз еркіне жіберсең –
Дүниені бүлдірер (от – … – …)

4. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар (пияз – … – …)

5. Сақалы жоқ, шашы бар, бет - аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған (сыпыртқы – … – …)
6. Қол созсаң, ақ күміс, алақанға толады
Ашып - жұмсаң, із - түссіз лезде жоқ болады. ( қар -......,.......)

Бәрекелді, балалар, енді біз «Жұмбақтар әлеміне» аттанайық

1. Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы тізеден келмейді (тырна)

2. Құрлықта жүрсе – маймаңдап,
Суда жүзсе – еседі қайықтап. (үйрек)

3. Ұя сап, балапан баспайды,
Өз атын атап қақсайды. (көкек)

4. Дамылсыз барабан қағады,
Сол жерден тамағын табады. (тоқылдақ)

5. Қарағайдың, шыршаның
Бүрін шағып уатты.
Бұл қандай құс, айтшы, дос,
Тұмсығы қайшы сияқты. (қайшы ауыз)
6. Бұдыр - бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)

Әділ қазы алқасы берсін әділ бағасын – деп сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
(Жеңімпаз топты марапаттау, құттықтау)

Қосымша тапсырма: Ойын «Кім тапқыр?» деп аталады.

Мен қойған 9 сұраққа кім жылдам әрі дұрыс жауап береді, сол жеңіске жетеді. Қатысушыларға арнайы сыйлықтарымыз бар.
1. Ең үлкен, ұшатын құс? (африкалық дуадақ)
2. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс? (кезеген альбатрос, 75 - 85 күн)
3. Африкалық түйеқұс қалай аталады? (страус)
4. Қанатсыз түйеқұс қалай аталады? (киви)
5. Алдыңғы аяғы ескекке айналған жүзетін құс?(пингвин)
6. Ең үлкен пингвин қалай аталады? (император)
7. Қыран құстар мекені қалай аталады? (ұябасар)
8. Аққудың балапаны қалай аталады? (көгілдір)
9. Жыл санауына кірген құс?(тауық)

Мақал - мәтелдер:
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»демекші, келесі кезеңіміз мақал – мәтел жалғастыру. Мақал - мәтелдерді кезегімен алып, жалғасын айтады.
1. Жүзігің алтын болғанша… (жүзің жарқын болсын)
2. Ұлға отыз үйден тию… (қызға қырық үйден тыйым)
3. Атаңның баласы болма… (адамның баласы бол)
4. Білекті бірді жығар…. (білімді мыңды жығар)
5. Шешен сөз бастар… (батыр қол бастар)
6. Әке көрген оқ жонар… (шеше көрген тон пішер)
7. Жақсы байқап сөйлейді… (жаман шайқап сөйлейді)
8. Әдепті бала – арлы бала… (әдепсіз бала – сорлы бала)
9. Жақсыдан үйрен… (жаманнан жирен)
10. Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда оны алады)
11. Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)
12. Ата – бәйтерек,.. ( бала – жапырақ)

Қымбатты көрермендер! Жемпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Қабанбай батыр ауылы, № 41 орта мектебі
Дусенбаева Рауза Ареновна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×