Сайтқа кіру Тіркелу

Ермексаздан ыдыс-аяқ сомдау

Сабақтың білімділік мақсаты: ыдыстарды таныстыра отырып, оларды сомдап үйрету,
Дамытушылық мақсаты: шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
IV. Қорытындылау
V. Үйге тапсырма беру
VI. Бағалау
І. Ұйымдастыру бөлімі

Балалар, бүгі сабағымыз көңілді сәтті өту үшін мына өлең шумақтарымен бастайық.

Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірленсең - еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Ермексаздан құлынды мүсіндеу.
Балалар біз құлынды тұтас ермексаздан жасап, оның құйрығымен жалын жеке жапсырдық. Балалар сендерге жеке жапсырған ба, әлде тұтас жасаған ба, қайсысы ұнады?
Бір - екі бала қалай жасағаны туралы айтады.
Туған баласын түліктің төліне теңеу қазаққа тән қасиет. Ата - ана баласын құлыным, құлыншағым деп құлпырта мекіреніп, оның томпаң қағып, зыр жүгірген жүрісін құлындай құлдыраңдады деп бейнелеген.
- Құлын ненің төлі?
- Жылқының төлі.
- Жылқының бізге қандай пайдасы бар?
Еті - жесең тамақ, қазы - қарта, жал - жая тәрізді ұлттық тағамдарымыз әзірленеді. Қымызы ішсең шипалы сусын. Ол өкпе ауруына ем. Жылқыны жасына қарай: 1 жаста - құлын, 2 жаста - тай, 3 жаста - құнан, 4 жаста - дөнен, 5 жаста - бесті деп атайды екенбіз.
Балалар енді, мына сөз жұмбаққа назар аударып шешіп көрелік.
1. Биеден алынатын сусын қалай аталады?
2. Жылқының жасына қарай аталуының бірі.
3. Ата - ананың баласын еркелетуі.
4. Қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс.
Балалар ортада қандай сөз шықты?
- Ыдыс
- Дұрыс айтасыңдар.
- Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыз ыдыс жайында болмақ.
III. Жаңа сабақ
Ата - бабалар мен шеберлер асқа пайдаланатын ыдысты тек таза заттардан, яғни емен, қайың, арша, алтын, күміс сияқты металдардан ғана жасаған. Ағаш ұсталары ыдыс - аяқ жасауға айрықша ден қойған. Ыдыстарды негізінен қайыңнан жасаған. Өйткені қайың мықты ағаш. Әбден кепкен қайыңда иіс те, шайыр да болмайды. Оған құйылған астың дәмі де бұзылмайды. Бұйымдардың пішіні, оюлары нені елестеді?
Олар әр шебердің қолынан шыққандықтан алуан түрлі, әдемі бұйым адамды таң қалдырып, қуаныш сыйлайды..
Көне ыдыстар олар: тостағандар, табақтар, астаулар, ожаулар, қасықтар болатын, сонымен қатар жез құмғандар, терілерден жасалған торсықтар.
Көшпенділік өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыс аяқтары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған, себебі азық салуға және ас дайындауға сынбайтын ыдыс қажет болды. Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз құюға арналған торсықтар жасалған. Торсық тек қымызды құю үшін ғана емес, оны бабында ұстауға да ыңғайлы. Ұзақ сапар кезінде шайқалып, қымыз қашанда бабында сақталады.
Саба – қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс. Ол тұтас теріден (екіден бес теріге дейін) тігіледі.. Мес - емдік қасиеті бар, алысқа апарылатын ақты ешкінің тұтас терісінен жасалған.
Жылқы және ірі қара терісінен шелек, басқа да ыдыстар жасалған. Ата - әжелеріміздің ауылында осы көне ыдыстардың сирек түрі ғана сақталып, қолданылуда. Балалар мына менің қолымда сондай ағаштан жасалған табақ тұр, ұстап көрулеріңе болады.
Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан, қыштан, қағаздан, пластмассадан және т. б. материалдардан жасай бастады. Оған дәлел мына суреттегі ыдыстар.
- Балалар ыдыс - аяқтардың өмірде қандай пайдасы бар?
- Табаққа ет салып жейміз.
- Кесеге шәй, сүт құйып ішеміз
- Стакандарға түрлі сусындар құйып ішіміз
- Тостақ пен тәрелкелерге тамақтар салып жейміз
- Қасық, шанышқыларды да тамақ жеу үшін пайдаланады екенбіз.
Балалар бүгін біз ермексаздан ыдыс - аяқ сомдап үйренеміз. Ол үшін қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек.
Балалар алдымен мына «Ермексазбен жұмыс» бейнебаянына назар аударыңдар.
Оқушыларға ыдыстың жасалу жолы түсіндіріліп беріледі.
Балалар шаршаған боларсыңдар, барлығымыз бірге сергіту сәтін жасап жіберейік.
Жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Балалар мен сендерге ыдыс – аяқтар туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр, қане мұқият тыңдаймыз.
Жұмбақтар

1. Отқа қойсаң елпілдеп,
Быж - быж етіп тұншығар.
Тақиясы селкілдеп,
Танауынан бу шығар (Шәйнек)

2. Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды. (Оқтау)

3. Иінінде құлағы
Ішінде бұлағы
Көмейіне от салсаң
Ызыңдап тұрады.
(Самаурын)
4. Сабы бар
Басы шатыр
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр
(Қасық)
5. Ауызы төбесінде,
Тұтқасы денесінде
(Құман)
- Балалар сендер ыдыс - аяқ туралы жұмбақтар білесіңдер ме?
- Олай болса бір - біріңе жұмбақ жасырып көріңдер, кім қалай шешеді екен?
- Балалар ыдыс - аяқтар туралы мақал - мәтел білесіңдер ме?

- Ал, енді балалар, «Ұйқасын тап» ойын ойналық. Ойын шарты берілген мақал - мәтелдердің ұйқасын табу.
Қазан қайнап.....( тұрса,)
Ақыл сайрап тұрады.
Ыдысын..... (көріп) – асын іш.
Қарны...... (ашқан) қазанға қарар.
Қазанға не..... (салсаң,) шөмішке сол ілігер.

5. Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың алған білімдерін сұрақ - жауап арқылы тексеру.
- Ыдыс - аяқтарға нелер жатады?
- Адам өмірінде ыдыс - аяқтардың қандай пайдасы бар?
- Ермексаздан не жасап үйрендік?
- Қалай жасадық?
- Мүсіндеу мен сомдаудың бір - бірінен қандай айырмашылығы бар?

Ойын «Адасқан ыдыстар»
6. Үйге тапсырма: Ермексаздан ыдыс - аяқты сомдауды аяқтап келу.
7. Оқушылардың өзін - өзі бағалауы.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×