Сайтқа кіру Тіркелу

Ұлттық киімдер

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киімдер»(слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдері туралы толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту.
2. Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
3. Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы, салт - дәстүрі, мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
Грамматика: Фонетикалық талдау, сөздерді жіктеу, сөйлем талдау.
Сабақтың өтілу түрі:
Интерактивті сабақ, қорытынды сабақ, сайыс сабақ.
Оқыту әдісі:
Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Әдебиет, тарих, этнография.
Көрнекіліктері:
Интерактивті тақтада бейнеленген әр ұлттың ұлттық киімдері, қазақтың ұлттық киімдері (шапан, камзол, сәукеле, тұмақ. б) және қазақтың ұлттық киімдеріне жасалған буклет, дидактикалық карточкалар, видеоролик.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу
Сабақты әнұранды орындаумен бастау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз ұлттық киімдермен танысамыз.
Бүгінгі сабақтың мақсаты алған мағлұматтарымызды есімізге түсіре отырып, білімімізді бекіту, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрену және сөздік қорымызды дамыту.
Үй тапсырмасын сұрау.
Қазақ халқының салт - дәстүрінен шағын көрініс.
(Оқушылар өздері қазақтың салт - дәстүрлеріне шағын көрініс дайындайды. Мысалы «Құда түсу», «Беташар»)
Еске түсіру:
Интерактивті тақтадан өткен тақырып бойынша слайд арқылы қазақтың ұлттық киімдерінің суреттерін көрсету. (жай музыка қойылады)
Меңгерген сөздерді қайталау: Мұғалім бір рет өзі оқып береді. Екінші рет оқушылар мұғаліммен бірге қайталап оқиды. Үшінші рет оқушылар өздері тізбектеп оқиды.
1. СӘУКЕЛЕ
2. КИМЕШЕК
3. ҮКІЛІ ТАҚИЯ
4. БӨРІК, ТЫМАҚ
5. КӨЙЛЕК
6. КАМЗОЛ
7. ШАПАН
8. ТОН
9. ӘШЕКЕЙ, БҰЙЫМ
10. МӘСІ
Сыныпты екі топқа бөліну арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін көтеру.
- Балалар, сабағымызды екі топқа бөлініп, сайыс ретінде жүргізейік.
А) тобы *Алғырлар*
Б) тобы *Білгірлер*

Оқушыларды 1 кезеңнің тапсырмаларымен таныстыру.
Интерактивті тақтадан тапсырманы көрсету. (Дәптерге жазбаша орындау).
1. Сөйлемді толықтырыңдар және аяқтаңдар:
А) Қазақ халқы _демі б_йымдар...
К_мешекті.... киген
Мәс_ аяқ...
Б) Б_рік және үк_лі тақия...
Шапанды ою - _рнекпен....
С_укеле өте...
2. Сөзге фонетикалық талдау жаса, қанша буыннан тұратынын көрсет.
А) шапан, кимешек, бөрік
Б) сәукеле, камзол, үкілі тақия
3. Сөздерді тәуелдеу
А) мәсі, әшекей
Б) тон, бұйым
- Өте жақсы балалар, сендер 1 кезеңде грамматикалық білімдеріңді қандай деңгейде меңгергендеріңді көрсеттіңдер.

2 – кезеңнің тапсырмасы:
Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар. Кім көп сұрақ қояды және жауап береді. (Интерактивті тақтада мәтін көрсетіледі.)
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған.
Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген. Камзол, шапандарын ою - өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті.
- Ал, жақсы балалар сұраққа бәріміз жақсы жауап бердік. Мәтінмен бәріміз жұмыс істедік. Енді суретпен жұмыс істей аламыз ба?
- Олай болса, топбасы ортаға шықсын.
(интерактивті тақтада сурет бейнеленеді)
Топ басы сайысының тапсырмасы:
А) Мына суреттерге қарап әңгіме құраңдар
Интерактивті тақтада қазақтың ұлттық киімін киген ер жігіттің киімі және қыз бала бейнеленген.
- Өте тамаша, сендердің суретпен де жақсы жұмыс істей алатындарыңа көзіміз жетті. Олай болса, жаңа сөздермен де солай жақсы жұмыс істей алатындарыңды байқайық.
Сабақты бекіту: Сөздерді меңгергенін пысықтау.
«Сөз тізбек» ойынын ойнау. Ойынның шарты: Бірінші оқушы сөздің біреуін айтады, жанындағы оқушы екіншісін атайды, үшіншісі тағы бір сөзді айтып жалғастырыла береді.
Доппен ойын.
- Ортаға төрт бала шығады (әр топтан екі - екі баладан).
Ойынның шарты: Мұғалім осы тақырыпқа байланысты сөздерді атаса, оқушылар допты тосулары қажет, ал басқа сөз атаса допты қайта лақтырулары керек.
Қалған оқушылар, дұрыс - бұрыстығын қадағалап отырады.
Мысалы:
1. шапан – жаңа сөз
2. жиде – жаңа сөз емес
3. орамал
4. камзол
5. үкілітақия
6. бөрік
7. сым
8. шалбар
9. кимешек
10. мәсі
11. белдік
12. көйлек
13. халат
14. сәукеле
15. тұмақ
16. тон
Үйге тапсырма.
- Ұлттық киімдерге буклет немесе өздеріңе ұнаған ұлттық киімге сурет салып келу.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×