Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ю әрпінің жазылуы

Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру.
2. Балалардың таным белсенділігін дамыту, ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру. Әдемі, қатесіз, көркем жазуға қалыптастыру.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, оқулық, карточкалар, ребус.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану,
Әдісі: сұрақ - жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық дайындық.
Қонақ күту - салтымыз,
Оқып - біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлемдестік жалпымыз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:
Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
1. -«Я» дыбысы қандай дыбыс?
-«Я» дауысты дыбысы
2. - И әрпінен кейін қандай әріп жазылады?
- И әрпінен кейін я әрпі жазылады.

ІІІ. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақты түсінуіміз үшін, жұмбақтың шешуін табуымыз керек
Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю)
- Қандай сөз шықты?
- Аю қайда болады, ол нені жақсы көреді?
Оюдың суреті.
- Оюды кімдер ояды, қандай ою түрлерін білесіңдер?
1. «Ю» дыбысын бір неше рет қайталап дыбыстау.
2. Оқушыларға «Ю» дыбыстан екі дыбыстан тұратыны туралы және и+у дыбыстарының қосылуынан жасалатындығына түсінік беру.
Айу - аю, ойу - ою

3. Оқулықпен жұмыс
71 - жаттығу. Суретке қарап әңгімелеу.
- Қане балалар, «аю, ою» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- Аю, ою. Бұл сөздерде 2 әріп, 3 дыбыс бар)
4. Дәптермен жұмыс.

72 - жаттығу. Өтірік өлеңді көшіріп жазып, «ю» әріпінің қандай дыбыстардан құралғанын айту.
73 - жаттығу. Топтық тапсырма. Суретпен жұмыс.
- Аю, балды өте жақсы көреді. Бірде аю орман аралап келе жатып араның ұясын көреді. Аюдың бал жегісі келді. Аю араның ұясына қолын салды. Аралар аюды шағып алды.
Тәтті балға тоюды,
Ойлап аю,
Омартаны ториды.
- «Ю» әрпінің астын сызып, оның дыбыстардың орнына жұмсалғанын түсіндір.

ІY. Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынай көп екен.
Теріп, теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
«ЙУ»,»Ю» дыбысы бар сөздерін оқуда оқушылар көп шатасады. Сондықтан 74 - жаттығуда сабақта мұғалімнің көмегімен талқылануы тиіс. Сөздерге у дыбысы қосылғанда олар қалай жазылатындығы туралы айтылады.
Балалар, мына сөздерге у әрпін қосса, қандай өзгеріс болады.
күшей - у
молай - у
той - у
көркей - у
тыңай - у
75 - жаттығу. Сөздерді көп нүктенің орнына «йу», «ю» әріптерінің тиістісін көшіріп жазып, неліктен сол әріпті қойғандығынды дәлелде.
Үлке…, шалқа…, есе…, сарға...
76 - жаттығу.
«Баларасы» ребус шешуіндегі сөзге әңгіме жазу.
Әр топтан 3 - 4 оқушыға оқыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№15 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Султанова Сауле Егизбаевна
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету